Қызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыс

Оқушылар, әрі көрермендер, әрі ойыншылар үш топқа бөлініп, үшбұрыш, дөңгелек, конусты белгілейтін түсті бас киімдер киіп отыр. Мерекелі музыка ойнайды. 1-ші жүргізуші: Құрметті достар, қонақтар! «Математикалық тарихи дөңгелек» атты кешімізді бастайық. 2-ші жүргізуші: Кешімізде бүгін үш топ білімімен сайысады. 1-ші жүргізуші: Осы топтар өздерін таныстырып өтсін. 1-ші жүргізуші: Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар: 1.     Математика – ғылымдардың патшасы /тарихи сұрақтар/. 2.     Қызықты есептер....
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қ. Билялов атындағы гимназия











Қызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыс


9 «а» сынып.





Өткізген: математика пәні мүғалімі

Бекбосынова А.Р







2014 - 2015 оқу жылы

Қызықты математика

9-сынып

Сыныптан тыс жұмыс

Оқушылар, әрі көрермендер, әрі ойыншылар үш топқа бөлініп, үшбұрыш, дөңгелек, конусты белгілейтін түсті бас киімдер киіп отыр.

Мерекелі музыка ойнайды.

1-ші жүргізуші: Құрметті достар, қонақтар! «Математикалық тарихи дөңгелек» атты кешімізді бастайық.

2-ші жүргізуші: Кешімізде бүгін үш топ білімімен сайысады.

1-ші жүргізуші: Осы топтар өздерін таныстырып өтсін.

1-ші жүргізуші: Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

  1. Математика - ғылымдардың патшасы /тарихи сұрақтар/

  2. Қызықты есептер

  3. Сиқырлы сандық

  4. Шапшаңдығыңды таныт

  5. Марапаттау


  1. Математика - ғылымдардың патшасы /тарихи сұрақтар/

1-ші сұрақ: Ежелгі грецияның киімін киген қыз отыр. Қолында әдемі құмыраны ұстаған қара құл кіреді.

Қыз: «Құмыраны трапедзионға қой» - дейді.

1-ші жүргізуші: Құрметті ойыншылар! «Трапедзион» деген сөздің мағынасы және оның математикаға қатынасы қандай?

Топ мүшелері сұраққа жауап береді.

2-ші жүргізуші: Дұрыс жауап: «Трапедзион» деп Ежелгі Грецияда үстелді атаған және осы сөзден «трапеция» деген сөз шыққан.

2-ші жүргізуші: II-тур - «Шығыс».

Көрініс: Шығыс киімін киген ұстаз бен шәкірттері молда құрып отыр. Ұстаз көне музыкалық аспапта (қобыз) ойнап отырады. Шәкірттері кітап оқып отырады.

1-ші сұрақ: Алдарыңызда математик, дәрігер, ақын, музыкант, ғалым кім? Атақты адамдардың суреттері тақтаға ілініп қойылған.

А) Қорқыт

Б) Омар Хаям

В) Құрманғазы

Г) Әл- Фараби

Д) Ахмед Яссауи

1-ші жүргізуші: Дұрыс жауап: Шығыс Аристотелі атанған тіл туралы, логика, математика, оптика, астрономия, медицина, музыка физика, табиғат ғылымдары, статистика, механика, дін, заң ғылымдары туралы энциклопедия трактаттар жазған Әбу-Насыр Әл-Фараби.

1-ші жүргізуші: IV-тур-«Ресей».

Көрініс: Тақта алдында пікір таласып екі адам тұр. Біреуі-грек, екіншісі-орыс киімін киген.

2-ші жүргізуші: 1-сұрақ: Евклидтің бесінші постулатын аксиома деп дәлелдеген кім?

А) А. Коши.

Б) К. Вейерштрасс.

В) Р. Декарт.

Г) Н. Лобачевский.

1-ші жүргізуші: Дұрыс жауап: Бұл орыс ғалымы Николай Иванович Лобачевский. Ол Евклидтің геометриясынан тыс өзіндік Лобачевский геометриясының негізін қалады.

Математика тарихынан:

  1. Б.э. дейінгі VI ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы «Бірінші ұстаз» аталған асқан ойшыл ғалым кім? (Аристотель)

  2. Б.э. дейінгі VI ғасырда өмір сүрген ежелгі грек математигі мектептегі геометрия оқулығында атышулы теоремасы бар ғалым кім? (Пифагор)

  3. Б.э. дейінгі III ғасырда өмір сүрген ежелгі грек математигінің «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым кім? (Евклид)

  4. Б.э.д. II-III ғасырда өмір сүрген ежелгі грек математигі, жай сандарды жабу жөнінде өз атымен аталатын «елегі» бар, алғаш жер меридианын өлшеген ғалым кім? (Эратесфен)

  5. Б.э.д. VI-VII ғасырларда өмір сүрген грек философы және математигі мектептегі геометрия оқулығында белгілі теоремасы бар, Милеттік ғалым. (Фалес)

  6. XVI ғасырда (1540-1604) өмір сүрген француз математигі. Алгебралық символдарды әріптермен белгіленген мектептегі алгебра оқулығында өз атымен аталатын теоремасы бар ғалым. (Виет)

  7. XVI-XVII ғасырда өмір сүрген француз философ-математигі және физигі координаттар әдісін зерттеген ғалым. (Декарт)

  8. 1829 жылы туған орыстың атақты математигі Қазан университетінің ректоры, геометрия ғылымында революция жасаған ғалым. (Лабочевский Н.И)

  9. Ерте дүние цифрларының ішінен қандай цифрлар осы күнге дейін қолданылады? (Рим цифрлары)

  10. Адамзаттың санау тарихында қандай санау жүйелері қолданылады? (2 лік,5-тік,10-дық,12-лік,60-тық)

2-кезең: Қызықты есептер

  1. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?( Сағи 15, Меруерт 9, Еңлік 3, Арай 5)

  2. Олжас, Шыңғыс, Алмас және Әлібек бір сыныпта оқиды. Олар Манас көшесі 82-де, Достық көшесі 105-үйде, Қажымұқан көшесі 46- үйде және Достық көшесі 82 -үйде тұрады. Олжас пен Алмас бір көшеде емес, бірақ бірдей нөмірлі үйде тұрады. Алмас пен Шыңғыс бір көшеде, бірақ әр түрлі нөмірлі үйде тұрады. Кім қай көшеде, қандай нөмірлі үйде тұрады?

(Алмас Достық-82, Шыңғыс Достық-105, Олжас Манас-82,Әлібек Қажымұқан 46)

3.Арман , Аян , Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан ал Аян Абзалдан кіші емес . Бұл үйдің үлкені, ортаншасы, кішісі кім?( Аян, Абзал, Арман)

4. Бір мектепте оқыған үш дос : дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Иманбаев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтің қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің , ақынның фамилияларын атаңдар. ( дәрігер -Иманбаев, мұғалім-Боранбаев, ақын-Саматов)

5.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір Камазды кездестірді . Ауылға неше машина бара жатыр. ( Бір)

6.Айдынның Асқардан бойы ұзын , бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? (Жанат)

3-кезең: Сиқырлы сандық

Бірден жауап берсе -5 ұпай, келесі жеңілдіктер алғанда 1 ұпайдан шегеріліп отырады.

  1. Ішінде шахматтары бар жәшік әкелінеді.

Жеңілдіктер:

5 ұпай. ХХ ғасыр тарихшысы Роуз бұл ойын туралы былай деген: "Бұл - жаныңды қозғайтын сөзсіз әңгіме, үміт пен өкініш, өлім мен өмір, поэзия мен ғылым, Ежелгі Шығыс пен қазіргі Европа".

4 ұпай. Отаны-Үндістан. Жасы-15 жүзжылдық. Ежелгі аты-чатуранга. Өнертапқыштың аты белгісіз.

3 ұпай. Праганың Стейниц атты тұрғыны осы ойын арқылы өз атын шығарды.

2 ұпай. Екі король арасындағы тұрақты ұрыс.

1 ұпай. Бұл ойында аттар мен пілдер бар.

Түсініктеме: Бұл жасырылған зат - Шахмат.
Шахмат - ақылдылық пен әділдік символы. Шахмат дегеніміз өнер ме, спорт па, әлде ойын ба деген сұрақ төңірегінде қазірде де айтыс туады. Біреулер үшін - еңбек, біреулер үшін - демалыс. Бірақ бір нәрсе белгілі: шахмат ойнау үшін еркіндік, шыдамдылық, қойылған мақсатқа жетуде төзімділік, жоғары есте сақтау қабілеті, логикалық ойлау, математикалық қабілеті, талант болу керек.

  1. Ішінде кубик Рубик салынған қара жәшік әкелінеді.

Жеңілдіктер:

5 ұпай. Ойынның туған жылы-1974

4 ұпай. Егер белгілі бір жүйемен ойнамаса, нәтижеге жету үшін миллион жыл керек.

3 ұпай. Бұл ойын-стереометрияға, комбинаторикаға, бағдарламалауға көрнекі құрал болып табылады.

2 ұпай. Ойынды «Жүзжылдық ойыны» деп атаған. Алыс сапарға шыққанда таптырмас ермек. Сыртқы түрі-дұрыс көпжақ.

1 ұпай. 6 түсті 26 текшеден тұрады, автордың есімін иемденген.

Түсініктеме: Бұл жасырылған зат-Рубик кубигі. Будапешт сәулет өнерінің оқытушысы Эрне Рубик бұл ойынды студенттердің кеңістікті елестетуін дамыту үшін ойлап тапқан. Сонымен бір мезгілде бұл ойын жалпыға ортақ ойынға айналды. Тіпті 1982 жылы Рубик кубигін жинаудан әлем чемпионаты да өтті. Ең тез жинау уақыты-23 секунд. Кубикті кез келген жағдайдан бастап 23 жүрістен артық емес мезетте жинауға болады.

  1. Циркуль салынған қара жәшік әкелінеді. Жеңілдіктер:

Жеңілдіктер:

5 ұпай. Бұл заттың баламасының біреуі 2000 жылдай жерде жатты.

4 ұпай. Архелогтар қоладан жасалған бұл заттың бірнешеуін Помпей үймесінің астынан тапты.

3 ұпай. Бірнеше жылдар бойы бұл заттың қаңқасы нақты болғандықтан өзгерген емес

2 ұпай. Ежелгі Грецияда бұл затты пайдалана білу-ал онымен есеп шығара білу-асқан ақылдылықтың белгісі.

1 ұпай. Бұл құрал құрылыста және сәулет саласында сызбаларды орындау үшін таптырмайтын құрал болып есептеледі.

Түсініктеме: Грек мифологиясында құрылысшы, сәулетші, өнертапқыш Дедал (Икарға қанат жасаған шебер) мен оның жиені Тал туралы аңыз бар. Тал гончарлы станок, алғаш рет жылан тістерінен ара және циркульді ойлап тапты. Дедал қызғаныштан оны қала бекінісінен (қабырғасынан) құлатып жіберді.

4-кезең: Шапшаңдығыңды таныт

  1. Жасы жүзге келген бір қария өмір бойы өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өткен екен. Себебін анықтаңыздар.

Жауабы: Қарт 29ақпанда туған.

  1. Бір қорада тауықтар мен қояндар бар, олардың бастарының саны 19, ал аяқтарының саны 40. Сонда қорада неше тауық, неше қоян болған?

Жауабы: 1 қоян, 18 тауық.

  1. 7 тауда 7 ден ағаш өсіп тұр. Әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкінің 7 күшігі бар. Түлкі саны қанша? /7 түлкі/

  2. Өзенге 3 турист келді. Жағада екі кісілік бір қайық тұр. Одан басқа арғы жағаға өтетін еш нәрсе жоқ. Туристер осы қайықпен жұп рейс жасап өзеннен өтті. Олар неше рейс жасады?

Жауабы: Егер туристер бір жағаға келсе, онда қарсы жағаға жұп рейс жасап өту мүмкін емес. Онда туристер өзеннің қарамақарсы жағына келген, екеуі бір бетіне, ал үшіншісі келесі бетіне. Бұл жағдайда өзеннен екі рейс жасап өтуге болады.

10. Стакан оның үшеуінде су бар, ал үшеуі бос. Тек бір ғана стаканды (кез келген) орнынан қозғап су толтырылған және бос стакандарды араластырып қою керек.

Қызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмысҚызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмысҚызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмысҚызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмысҚызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыс

Қызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмысҚызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмысҚызықты математика 9-сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыс

11. Екі адам өзен жағасына келді. Жағадағы қайық тек бір адамды ғана көтереді, алайда екі жолаушы да аман - есен өзеннен өтті. Қалай?

/өзен біреу ал адам екеу біреуі бұл жағасынан ал біреуі арғы жағасынан келді , ал қайық ортада тұрмайды , екі жағаның бірінде бірінші біреуі қайықта бұл жағаға өтеді ал екіншісі қайықты күтіп аладыда қарсы жағаға өтеді /

14. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш қалады?

/бесбұрыш/

15. Бір үйде 6 ұл бар. Әр ұлдың бір-бірден қарындасы бар екен. Отбасында барлығы неше бала бар? /7бала/

Марапаттау

Қорытындылау.













1-топ

  1. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?

2. Айдынның Асқардан бойы ұзын , бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

2-топ

1 . Олжас, Шыңғыс, Алмас және Әлібек бір сыныпта оқиды. Олар Манас көшесі 82-де, Достық көшесі 105-үйде, Қажымұқан көшесі 46- үйде және Достық көшесі 82 -үйде тұрады. Олжас пен Алмас бір көшеде емес, бірақ бірдей нөмірлі үйде тұрады. Алмас пен Шыңғыс бір көшеде, бірақ әр түрлі нөмірлі үйде тұрады. Кім қай көшеде, қандай нөмірлі үйде тұрады?


  1. .Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір Камазды кездестірді . Ауылға неше машина бара жатыр


3 топ


  1. .Арман , Аян , Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан ал Аян Абзалдан кіші емес . Бұл үйдің үлкені, ортаншасы, кішісі кім?

  1. Бір мектепте оқыған үш дос : дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Иманбаев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтің қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің , ақынның фамилияларын атаңдар

© 2010-2022