Жай бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығару

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Жай бөлшектерді қосу және азайту тақырыбын меңгерте отырып, есептер шығаруды үйрету.

Білімділігі: Оқушыларды есепті шапшаң шығаруға баулу.

Дамытушылығы: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету

Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетінше есепт шығаруға, ізденуге үйрету.

Әдісі: Ойын сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар

Сабақтың құрылымы:

Сабақ төрт бөлімнен тұрады

1.Бәйге- (Сұрақтар)

2.Көкпар- (Есептер)

3. Қыз қуу- (Ойын)

4.Теңге алу- (Есептер)

5. Қорытынды

6. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру:

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару

Оқушыларды 3-топқа бөлеміз

«Арғымақ» -тобы «Тұлпар» -тобы

«Сұнқар» -тобы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Негізгі бөлім

І саты «Бәйге» (Ауызша сұрақтар) Әр топтан бір оқушыдан шығып ,сұрақ жазылған карточканы алып,жауап береді.

1.Дұрыс бөлшек деген не?

2.Бұрыс бөлшек деген не?

3.Аралас сан деген не?

4.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу амалы қалай орындалады?

5.Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу амалы қалай орындалады?

6. Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту амалы қалай орындалады?

7.Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту амалы қалай орындалады?

8.Жай бөлшектерді ортақ бөлімге қалай келтіреміз?

9.Бұрыс бөшекті аралас санға қалай айналдыруға болады?

ІІ саты «Көкпар»

1)Жай бөшектерді салыстыр5/8 және 3/4

2)Бөшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтір 2/15 және 1/6

3) Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыр 119/11

4) Жай бөшектерді салыстыр 2/3 және 7/9

5) Бөшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтір 9/10 және 1/4

6) Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыр 213/7

ІІІ саты «Қыз қуу»

Математикалық лото ойыны. Есептер берілген, жауаптарын дұрыс тауып есептің теңдігін қояды.

Ойын шарты бойынша ,бір топтан қыз бала ,екінші топтан ұл бала шығу керек.

2/5+1/2 17/27

15/19-6/19 1/30

5/9+2/27 1 1/12

1/5-1/6 9/10

1/2+7/12 11/36

3/4-4/9 9/19

Бой сергіту

1.Бір -бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді (8)

2. Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында (Сызғыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар (16 аяғы бар)

4. Күн -күн сайын жыртылдық

Өміріміз бір жылдық (Күнтізбе)

IV саты «Теңге алу»

Оқулықпен жұмыс

№502 . №512

V Үйге тапсырма №510(1,2) №513(1,2)

VI Сабаққа қорытынды жасау, оқушылардың білімі бағалау



© 2010-2022