Көп нүкте

"Описание материала: жастардын оз пикикрин айтуга оз кукыгы бар жане олардын мектеп тажрибеси туралы айтарлары бар екендигин алем мойындаган. алемдеги саясаткерлер жастардын бугинги жане ертенги омирге косар улеси туралы артурли жане «журдим-бардым» ойлайды. балалар кукыгы жонинде БУУ конвенциясы торт кагидаттын бири ретинде баланын пикир билдиру кукыгын косты. бул омир бойы жалгасатын Азаматтык жане оку багдарламасы ретинде каралады. калай тандау жане билим беру, сондай-ак калай окыту жане баск...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күн:

Сынып: 9 «А»

Пән: қазақ тілі

Тақырып: Көп нүктенің қойылатын орны

Сабақтың мақсаты:

білімділік - көп нүкте орнын ажыратуға үйрету;

дамытушылық -логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік - лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету, табиғатқа, жан-жануарға, қоршаған ортаға жанашыр етіп тәрбиелеу

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: интерактив тақта, үлестірмелі парақтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Суреттер көрсетіледі, оқушылар сол тақырыпқа өлеңдер, мақал-мәтелдер айтулары тиіс

2.Үй тапсырмасын тексеру: «Леп белгісі» тақырыбын тест жұмысы арқылы тексеру.

1 қадам

Тест жұмысын бағалау.

  1. Леп белгісіқандай жағдайда қолданылады?

А) Көтеріңкі дауыспен айтылғанда

В) Тілек, өтініш, алғыс, бұйрық сазында

С) Ұранды және ерекше мәнмен көтеріңкі үнде

Д) барлығы дұрыс

  1. «Бабаларым, рахмет сіздерге!» леп белгісі не үшін қойылды?

А) Көтеріңкі дауыспен айтылғанда

В) Тілек, өтініш, алғыс, бұйрық сазында

С) Ұранды және ерекше мәнмен көтеріңкі үнде

Д) Көтеріңкі дауыспен қарата, одағаймен айтылғанда

  1. Сәлемдескенде айтылатын сұраулы шылаулы сөйлемнен кейін қойылатын леп белгісі мысалын көрсетіңіз

А) Қош келдің, ағатай!

В) Болды! Тоқтат!

С) Бірлік жасасын!

Д) Есенсіз бе! Қандай ғажап!

  1. «Дала қандай! Даладағы ат қандай!» леп белгісі не үшін қойылған?

А) Көтеріңкі дауыспен айтылғанда

В) Тілек, өтініш, алғыс, бұйрық сазында

С) Ұранды және ерекше мәнмен көтеріңкі үнде

Д) Көтеріңкі дауыспен қарата, одағаймен айтылғанда

  1. Тілек, өтініш, алғыс, бұйрық мәндегі лепті сөйлемге мысал көрсетіңіз

А) Қош келдің, ағатай!

В) Болды! Тоқтат!

С) Бірлік жасасын!

Д) Есенсіз бе! Қандай ғажап!


  • Бағалау туралы

Оқушылар әр қадамнан соң өздерін-өздері тексереді. Тексеру қорытындысы ретінде өздеріне өздері баға қояды:

  1. қате болса - қызыл ою;

2-3 қате болса - сары ою;

4 қатеден көп болса - жасыл ою

Осы әдіспен сабақтың соңына дейін қадам сайын өздеріңізді бағалап отырасыздар...

3. Жаңа сабақты игеру

2 қадам

Мемлекеттік емтиханда сауатты жазу үшін алдын-ала дайындық ретінде шағын диктант (физминутка)

Қазақстан Республикасы азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті

Қазақстан Республикасы Конституциясы ІІ бөлім 38 бап

  • Бағалау

3 қадам

Ережемен жұмыс: оқушылар тақтадағы үлестірмелі парақтар көмегімен сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. Тақтада дұрыс жауап берілген соң, өз қателерін дұрыстап, өздері ережес құрастырады. Құрастырылған ереже кітаптағы ережемен салыстырылады.

Ой аяқталмай немесе бір ой келесі оймен байланысқа түспей шыраңқы айтылғанда

Үндеме... енді қоя тұр... Сөз бітті!

Алынған дәйек сөздің алдынан не соңынан сөйлем не сөз қалдырылған жағдайда

Қайтесің Нұрланның шала теориясын... Баянауылдың жері жетеді жыртуға...

Сөйлеушінің көңіл-күй әсерінен қысылып қысылып, ойы бөлініп, дауыс ырғағында үзіліс болған жағдайда

Соғыстық. Күлтегін Башғы боз атқа мініп шапты.

Башғы боз......

..........

Екеуін өзі құртты...

Тарихи, ғылыми деректердің қолжазбаларында уақыт өте келе, түрлі жағдайда өшіп, жойылып кететін тұстар түсініксіз болғанда

...Қазақтың академиялық опера таетрында студенттерге арналған балл. Көз ілеспей дөңгеленіп билеп жүрген достарына қарап Нұрлан тұр.

Тақтада осы кестеден соң дұрыс жауабымен сәйкестендірілген кесте шығады. Шыққан соң оқушылар өздерін-өздері тексереді

  • Бағалау

Топқа бөлу: кәмпиттер таңдау арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді

4 қадам

Тақтада «Аққулар вальсі» видео

Кітаппен жұмыс:

182 жаттығу: Әдебиеттің екі өкілінің суреті шығады,

І топ: бірінші оқушы (Ария) С.Сейфуллиннің «Аққулы көл» әңгімесін мәнерлеп оқиды,

Мәтін құрамындағы көп нүктенің орнын дәлелдейді. (Асылзат)

ІІ топ: Екінші оқушы (Айнұр) М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзіндіні мәнерлеп оқиды.

(Дания) Берілген көп нүктені дәлелдейді.

Екі топ бір-біріне оқыған мәтіндері бойынша үш-үш сұрақтар қоюлары тиіс, қалай жауап бергендерін бағалайды.

  • Бағалау (топпен жалпылай бағалау)

5 қадам

Дәптермен жұмыс: (тақтада табиғат, көл, суреттер)

182 жаттығу: әр топ өздері оқыған мәтіннен көп нүктесі бар екі сөйлем көшірі жазып алады.

6 қадам

Тақтамен жұмыс: (әр топқа планшет)

Келесі жаттығу: 183 жаттығу, тақтада жазылған мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу, қойылмай кеткен тыныс белгілерін қойып, дәлелдеу.

Тақтада дұрыс тыныс белгілері қойылған мәтінмен жаттығу жұмысы тексеріледі.

  • Бағалау (топпен жалпылай бағалау)

7 қадам

Шығармашылық жұмыс: (тақтада ережелер таблицасы)

«Мен сиқыршы болсам,...» шағын шығарма (шығармашылық жұмыс), шарт: кемінде екі көп нүкте қолданып жазулары тиіс, шығармаларымен таныстырады.

  • Бағалау (әр оқушы қарсы топтың қатысушысын жеке бағалайды)

4. Сабақты қорытындылау

8 қадам

1.Көп нүкте қандай жағдайда қойылады?

2. Көп нүктенің қойылуының неше түрі бар?

3. Көп нүктенің қойылуының әр түріне мысал келтіріп, көрсет.


  1. Бағалау:

Жиналған оюлар бойынша оқушылар жеке өздерін бағалайды

Қызыл түс басым болса - қызыл алақан;

Сары түс басым болса - сары алақан;

Жасыл түс басым болса - жасыл алақан көрсетеді


  1. Рефлексия

9 қадам

«Бүгінгі сабақ мен үшін...»

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар;

  • Өздеріңіздің қосар ой-пікірлеріңіз, тілектеріңіз бар ма?

  • Осы сабақ бойы қандай көңіл-күйде болдыңыз, бәрін қағаз бетіне түсіріңіздер


  1. Үй тапсырмасын беру

«Көп нүкте» тақырыбын оқу. 185-жаттығуды орындау.

Сабақ аяқталады


© 2010-2022