Математика сабағының тақырыбы: Пысықтау сабағы

Атырау  қаласы Амангелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серикбаева. Турсын. Алдонгаровна.              Математика С абақтың тақырыбы:  Пысықтау сабағы Сабақтың білімділігі: Әрбір  оқушының шығармашылық күш-қуатын толық пайдаланып жұмыс істеу,  азайту, қосу тәсілдерін білу,есеп шығаруға пайдалану.  Сабақтың  дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабылетін  дамыту. Және ауызша, жазбаша дағдыларын меңгерту.  Сабақтың тәрбиелігі: Еңбекке, адал еңбекке тәрбиелеу.   Сабақтың түрі: Са...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы Амангелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серикбаева. Турсын. Алдонгаровна.

Математика

С абақтың тақырыбы: Пысықтау сабағы

Сабақтың білімділігі: Әрбір оқушының шығармашылық күш-қуатын толық пайдаланып жұмыс істеу, азайту, қосу тәсілдерін білу,есеп шығаруға пайдалану.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабылетін дамыту. Және ауызша, жазбаша дағдыларын меңгерту.

Сабақтың тәрбиелігі: Еңбекке, адал еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірмелер, дидактикалық материалдар,плакат.

Сабақтың жүрісі: І - Ұйымдастыру.

ІІ- Өзімізді-өзіміз тексерейік. /Тақтаға жазу / .

57+44 = 101 22 4= 86 125+91 = 215 48 3=122

ІІІ- Ойын: Өрмеле,қайта төмен түс.

Ойын шарты- ұзындық бірліктеріне саяхат жасау. Саяхатқа қандай көлікпен шығамыз?

-Автобуспен.

Автобусқа мінбес бұрын өткенді бір еске түсірейік. Ең кіші өлшем бірліктерінен бастап барлығын атап шық.Қайтадан төмен түс.

-мм,см, дм., м,км. -км,м , дм, см,мм.

- Енді автобусқа отырайық.

І - аялдама. Еске түсір.

  • Бұл аялдамада Білгіш атай отыр екен. Білгіш атай балаларға сұрақтар беріп, қай бала тапқыр екнін білгісі келеді.

  • Аялдамада атаулы сандарды қосу және азайту әдістерін еске түсірейік.

І . 5км 200 м 3 дм 5см 4см 6мм 2м 47 см 300 м 2 дм 3 мм 3м 13 см

ІІ . Ұзындық бірліктерін еске түсірейік:

1см =10 мм

1дм = 10 см

1 м =10дм = 100см

1 км = 1000м

ІІІ- Тақтаға орындау.

3 км 275 м + 6 км 417 м =

13 км 020 м + 5 км 350 м =

75 м 96 - 39 м 90 см =

56 м 72 см - 13 м 08 см =

II - аялдама « Біліп ал » .

  • Мұнда амалдардың орындалу тәртібімен таныстық.

№ 266 ( 2 )

( 720 - 80 ) : (100 :25 ) =

900 - 32 х (87 - 84) =

470 - (500 - 27 х3) =

(300 + 160 : 4) : 2 =

№ 267

I - егістен - 370 т астық.

II - егістен - ? 2 есе кем.

Екі егістіктен қанша ?

370 : 2 = 185

370 + 185 = 555

Жауабы : 555 т астық .

№ 271 (1) Өз беттерімен жұмыс .

456 + (428 - 207 ) =

724 - (356 + 189 ) =

Нашар оқушымен жұмыс.

( карточкалар арқылы )

III - аялдама « Демалыс »

Сергіту : Күнде аспанға қараймын

Қайтқан құсты санаймын

Үшбұрыш болып тырналар

Көк жүзінде сырғанар

Соңынан - Сандарды 4 есе кеміт

( 36 , 8, 20 , 12 , 28 , 16 )

Берілген сандарды 5 есе арттыр

( 7 , 3 , 8 , 4 , 6 , 9 , 5 )

IV - аялдама « Ойла »

А) Колхоз жылына - 16 568 ц балық аулады . Оның 1040 бекіре тұқымдас балық . Қара балық қанша ауланды ?

V - аялдама. «Не үйрендік.»

YI.Қортындылау

YII.Бағалау

© 2010-2022