Урок по геометрииТрапецияның орта сызығы

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қ.Терібаев атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Мұсағалиев Ермек Жанпейзұлы.

Сабақтың тақырыбы ; Трапецияның орта сызығына есептер шығару.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік. Оқушылардың трапецияның орта сызығы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға , ұқыптылыққа , дәлдікке , өз мүмкіндігіне сенуге , үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін , білім,білік дағдыларын дамыта отырып , интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, кесте
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен сабаққа пысықтау сұрақтары.
1. Трапеция , трапецияның түрлерінің анықтамалары .
2 Үшбұрыштың және трапецияның орта сызықтары дегеніміз не ?
3 Үшбұрыш пен трапецияның орта сызықтарының ортақ қасиеті мен айырмашылықтары бар ма ?
4 Үшбұрыштан , параллелограмнан, ромбыдан, квадраттан трапеция қиып түсіру үшін түзуді қалай жүргізу керек ?
Үй тапсырмасын тексеру.
93-жаттығу . Трапецияның табандарының қатынасы 2:3 , орта сызығы 24 дм. Табандарын табындар.
В С Бер: АВСД -трапеция
ВС=2х, АД =3х, КЕ =24 дм.
Т/к : ВС=? АД=?
Шешуі: КЕ =0,5(ВС+АД),
48=5х
А Д х=48:5
х=9,6 Жауабы: ВС=2•9,6=19,2
АД=3•9,6=28,8

Дәптермен жұмыс. Күннің реті.Апта күні

Теоремаға шолу.

Есептер шығару.



8-ші есеп
Сүйір бұрышы 38 º болатын тік бұрышты трапецияның доғал бұрышын табыңыз.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 м-ге тең, ал бүйір қабырғасы2 м-ге тең болса , табанын табыныз

Ромбының доғал бұрышын табыңыз, егер оның сүйір бұрышынан жүргізілген диагональ қабырғамен 40 º бұрыш жасайтын болса.

Ойын «Геометриялық фигуралар»
Фигуралар беріледі , оқушылар фигуралардың есептеп формулаларын жазады.
Үйге тапсырма беру.Оқулық 100-жаттығу . Трапецияның табандары 5,6 м және 2.4 м. Трапецияның диагональдары оның орта сызығы қандай кесінділерге бөледі ?

Қорытындылау . Оқушыларды бағалау

© 2010-2022