Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

Квадрат теңдеулердің коэффициенттерінің таңбалары бойынша оның түбірлерінің таңбасын анықтау, Түбірлері бойынша квад­рат үшмүшені көбейткіштерге жіктей білу дағдыларын қалыптастыру.Квадрат теңдеудің түрін анықтап , келтірілген квадрат теңдеу болса ол теңдеуді Виет теоремасын қолданып есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру.Квадрат теңдеуді дискриминантын тауып қанша түбірі барын анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.Толымсыз квадрат теңдеулерді шеше білу дағдыларын қалыптастыру. Логикалық ойлау қа...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың мақсаты: квадрат теңдеулердің коэффициенттерінің таңбалары бойынша оның түбірлерінің таңбасын анықтау, түбірлері бойынша квад­рат үшмүшені көбейткіштерге жіктей білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.

Формасы: «Қарлы кесек » оқыта үйрету ойыны.

А, Б, В, Г, Д - топтарын құрдым. А тобы мүшелері - А-1, А-2, А-3, А-4, А-5; Б тобы мүшелері - Б-1, Б-2, Б-3, Б-4, Б-5; т.б. қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар, үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер қолдандым. 1-ші нөмірлі ойыншы бақылаушы қызметін атқарады.

Оқушы алдында өзін-өзі бақылау парақтары бар, оған балдарын қойып отырады. Сабақ сонында бақы­лаушы топ мүшелерінің рейтингін бақылап, бағасын мұғалімге хабарлайды.

Оқушылардың математика сабағында өзін-өзі бағалау парағы

Өтілетін

Анықтамалар

Формулалар

Үй жұмысы


Сынып жұмысы

Сабаққа қатысуы

Рейтинг

Бағасы

























Белгілер: «+» - 5 бал

« ± »- 3 балл

«-» -0 балл

Бағалау шкал асы:

35 - 45 балл - бағасы «5»

25 - 34 балл - бағасы «4»

14- 21 балл - бағасы «3»

13 баллдан төмен - «2»

Ұйымдастыру кезеңі:

Өткен материалдарға шолу, бақылау жұмысы жазылып, глосарий өткізгенбіз. Жаңа сабақты бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап берейік.

Бақылау сұрақтары:

1. Квадрат теңдеу дегеніміз не? Жалпы түрі, түбірлерін табу формуласы.

2. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не? Формуласы.

3. В - жұп сан болғаңдағы квадрат тендеу формуласы.

4. Виет теоремасы, түбірлердің қасиеттері.

5. Кері теорема, формуласы.

6. а + в+ с = 0, а-в + с = 0 жағдайлары.

Өткен материал бойынша деңгейлік тапсырмалар:

І-деңгей

1) Коэффициенттерін ата:

а) 4х2-5х-7=0,

ә) 3x2-4x+10=0,

ІІ-деңгей

Тендеудің түбірін тап:

х2-6х + 9 = 0,

Ш-деңгей

Толымсыз квадрат теңдеуді шеш:

  1. x2-3х=0,

  2. 7x2-4=0.

  3. x2-12 = 0

Тақтадағы жауап парағы арқылы тапсырманы тексеріп, өзін-өзі бағалау.

Жаңа сабақ:

А тобына -1,2абзац,

Б тобына -3-5 абзац,

В тобына -6-8 абзац,

Г тобына -9 абзац,

Д тобына -10 абзац.

Оқушылар берілген тапсырманы конспектілеп, ойларын жинақтайды. А, Б, В, Г, Д сілтемелерінің орнына 1, 2, 3, 4, 5 сілтемелерін ауыстырдым, енді оқушы­лар осы үстелге отырып, өз білімдерін қалған төрт оқушыға түсіндіреді, олардың әңгімесін тыңдаушылар сызба, конспект түрінде жазып алғаннан кейін, өз орындарына қайтып отырады.

Содан соң, әр топ өздерінің тапсырмаларын қорғайды, сұрақ - жауап арқылы жаңа сабақты толықтырып отырдым.

Осы кезде оқушылар жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін бағалау парағына түсіреді.

Оқулыкпен жұмыс:

І-деңгей - №321, 326 - 5 балл, П-денгей - №327 - 10 балл, Ш-денгей -№335-15 балл, барлығы -30 балл жинаулары тиіс.

Рефлексия: (кадоскоп арқылы)

Үйге тапсырма.

Бағалау (рейтингісі шығарылған бағалау парақтары бойынша)


© 2010-2022