Поурочный план Квадрат тендеулер (8 класс)

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып. №60 - сабақ 03.02.2016

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару

Сілтеме

Оқу бағдарламасы,оқулық,оқыту әдістемесі, А.В.Фарков «Матеметичиские олимпиады в школе»

Сабақтың мақсаты

Квадрат теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау

Оқыту нәтижелері

Квадрат теңдеуді шешудің формуласын есеп шығаруда қолдана біледі, квадрат теңдеулерді шешуде тиімді әдісті қолдана біледі

Пәнаралық байланыс

Информатика

Тапсырмалар

А,В деңгей және логикалық тапсырмалар

Жұмыс түрлері

Жеке-дара,топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, пікірлерін ортаға салу,

критериалды бағалау

Сабақтың барысы

Модуль

Мұғалімнің тапсырмалары

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Жағымды ахуал орнату

Топ құру

«Дүкеннен зат алу» ойыны

Өткен сабақтағы 4 топ бойынша отырғызылады. Топ ережелерін айту, бақылаушы , қорғаушы міндеттерін түсіндіру. Бағалау парағын беру

Тақырыпты айту.

Тақырыпқа байланысты оқушыларға сабаққа мақсат қойдырту

Әр оқущы өз тобымен бірлесіп тапсырмаларды орындайды

Топпен ақылдасып бақылаушы мен қорғаушыларды тағайындап алады.

Оқушылар сабаққа мақсат қояды

Білу

Түсіну

5мин

Диалогтік қарым-қатынасқа түсу

Еске түсіру(өткен тақырыпқа шолу)

1.Квадрат теңдеудің анықтамасы

2+bx+c=0

2.Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеу деп аталады?

3.Толымсыз квадрат теңдеудің түрлері?

4.Қандай теңдеу келтірілген теңдеу деп аталады?

5.Виет теоремасы

6. Дискриминанттың формуласы

7. Түбірлерін тап х2-6х+8=0

8. Түбірлерін тап х2+10х-24=0

9. Түбірлерін тап х2-9х+20=0

10. Түбірлерін тап х2-7х+12=0

(слайдта көрсетіледі)

Жеке орындайды. Қолдарындағы текшелерді көтеру арқылы тесттерге жауап береді.

Қолдану

10 мин

АКТ

«Есептер шеруі»

Әр топқа карточкалар беріледі. Өздері квадрат теңдеулерге 5 есеп құрастырады. Есептерін тақтаға іледі. Басқа топтар шығарады.

Топпен орындайды. Оқушылар постерге карточкаларды жабыстыру арқылы есептер құрастырады. Құрастырылған есептерді басқа топтар шығарады

Талдау

10 мин

Шығармашылық жұмыс

«Квадрат теңдеулердің өмірде қолданыстары және өзектілігі»

Берілген тақырып бойынша оқушылар ізденіп слайд жасау керек

Оқушылар ізденіп, слайд жасайды және оны қорғайды

Жинақтау

5 мин

Сын тұрғысынан ойлау

Логикалық тапсырма:

1.Алдыңғы күні 13 жаста едім, келесі жылы 15 - ке келемін,- деді Бекзат. Бекзат дұрыс айтқан болса, оның туған күні қашан. (2.01)

2.Зәуре, Айнұр, Қымбат және Самалдың біреуі: 6 наурызда, екіншісі 7 сәуірде, үшіншісі 6 шіледеде, төртіншісі 20 наурызда туған. Айнұр мен Қымбат бір айда туды, ал Қымбат пен Зәуренің туған күндері бірдей.Әр қыздың қай күні және қай айда туғанын анықта

3. Аня атасы туралы әр кезде жаңаша айтуға тырысады: «менің әкемнің әкесі», «менің әкемнің бауырының әкесі», «менің әкемнің қызының әкесінің әкесі», «менің бауырымның әкесінің әкесінің бауыры». Аня неше рет қателесті?

4. Бір сыныпта 25 оқушы бар. Құжаттарын қарамай, ата-аналарынан сұрамай, ең болмаса, 3 баланың бір айдың ішінде туғанын қалай дәлелдеуге болады?

Семантикалық картачканы толтыру

Логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін берілген есепті әр оқушы жеке орындап топпен талдайды. Жауабын сыныпқа жариялайды












Кері байланыс

(рефлексия)

5 мин

Оқытуды бағалау

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады

1.Бүгінгі сабақ сіз үшін...

пайдалы, пайдасыз, қызықсыз өтті

2. Квадрат теңдеулерді шешуге арналған есептер...

оңай, қиын, қызықты болды.

3. Бұл тақырыпты мен ....

Толық түсіндім, орташа түсіндім, мүлдем түсінбедім

4. Сіз ҰБТ тапсырып жатырсыз. Сізге квадрат теңдеуді жылдам шешу керек, қай формуланы қолданасыз

Дискриминант , Виет теоремасын, басқа әдісті қолданам

Сабақтың басында қойылған мақсаттарды оқу.

Әр топтан жақсы қойылған бір мақсат оқылады

Оқушылар қолдарындағы текшелерді көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді







Топтар ақылдасып, әр топтан бір мақсат оқылады

Бағалау

4 мин

Оқу үшін бағалау

Оқушылар критериалды бағаланады.

Оқушылардың жинаған баллдары бойынша баға қойылады.

«5» - 30-36 балл

«4» - 22-29 балл

«3» - 15-21 балл

«2» - 0-14 балл

Бақылаушылар оқушылардың жинаған баллдарын есептейді. Қорғаушылар топ мүшелерін қорғап алады

Үйге тапсырма

1 мин

Формула жаттау, квадрат теңдеуге 4 есеп құрастыру және оны шешу

Оқушылар жазып алады



© 2010-2022