Математика сабак жоспары Екі таңбалы сандарды ондық құрамы және оларды жіктеу

Раздел Математика
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді:__________________

Күні: Пәні:математика
Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды ондық құрамы және оларды жіктеу. Теңдеулер. Өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты: 1) Екі таңбалы сандарды ондықтармен және бірліктермен санау арқылы шығарып алуға машықтандыру; Екі таңбалы сандарды оқу мен жазудың ерекшеліктерімен таныстыру, қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру, олардың ондықтар мен бірліктерден тұратынын аңғарту;
2) бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтау, кестелік қосу мен
азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайтуды қайталау;
3) іскерлікке баулу

Көрнекілік: әр түсті жолақшалар, сызбалар, кесте, цифрлар.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтық жұмыс, ойын.
Түрі: аралас сабақ.

Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық бетбұрыс
- Балалар, математика пәнінде оқушылар не істейді?
Жауаптары: санайды, қосады, азайтады, өлшейді.
- Дұрыс, ал адамдар нені санайды?
Нені өлшейді?
Нені қосады?
Нені азайтады?
Жауаптары: ақшаны, заттарды, дүкендегі заттарды, айлар мен жылдарды, т. б.
- Барлық мамандардың иелеріне санау, есептеу керек пе? (Ие)
- ендеше біз де бүгін тез, дұрыс, шапшаң санауды бастайық.

ІІ. Жаңа сабақ.
№1 есеп. Санды ата. Оның ондықтары мен бірліктерін жаз:

34=3онд.4бірл.

99=9онд.9бірл.

51=5онд.1бірл.

49=4онд.9бірл.

83=8онд.3бірл.

68=6онд.8бірл.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

№2 есеп. Санды жаз және оқы:

5онд.3бірл. =53

6онд.5бірл. = 65

2онд.9бірл. = 29

4онд.1бірл. = 41

7онд.7бірл. = 77

8онд.6бірл. = 86

ҮІ. Есеп № 4. 5 18 бет.

Қыз бала -10

Ұлдар -? 2 кем

Ш:10-2=8

Ж:8 ұл

Тексеру керек -25 дәптер

Тексерді-20 д

Ш:25-20=5

Ж:5 дәптер тексеру керек

шығармашылық тапсырма ауызша орындау,



ІҮ. Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай - ақ. 1, 2, 3 - отырамыз тып - тыныш.

Өзіндік жұмыс№1
ҮІІ. Сабақты қорыту: Не үйрендік?
Не білдік?
ІХ. Бағалау.

Үйге тапсырма :№ 6есеп 19 бет




© 2010-2022