Қолданбалы курс математика пәнінен Теңдеулер мен теңсіздіктер (10 сынып)

Раздел Математика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түсінік хат

Мектепте математикалық білім берудің маңызды проблемаларының бірі - оқушыны есепті шешудің әдіс - тәсілдерімен қаруландыру және есептің шешімін өздігінен іздеп, таба білуге үйрету.Ұсынылып отырған курс жоғарғы сынып оқушыларының дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Курс 34 сағаттқа есептеліп , 10 сынып оқушыларына арналған. Бұл курс математикаға бейімі бар оқушының қызығушылығын , сұранысын есептерді шешу әдістерін қолдану барысында танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Математика курсының ең негізгі тақырыптарының бірі «Теңсіздіктер тақырыбы» бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, оны айналамызды қоршаған өмірдегі күнделікті кездесетін жағдаяттарды шеше білуге қолдану әдістерін іздестіруге үйрету. Сондықтан да бұл курсты оқу кезінде жоғары сынып оқушыларының математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осы курстың енгізілу мақсаты - мектеп оқушысына жоғары деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беру мен бірге практикалық сабақтар арқылы болашақта білімге деген қөзқарасы тұрғысынан өзіне баға бере білуіне көмектеседі. Қолданбалы курс жоғары сынып оқушыларының ой - өрістерін мазмұнын дамытады, жаратылыстану - математикалық бағытына жататын пәндердің оқу мазмұнының маңыздылығын арттыра түседі. Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар , зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп , нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады. Берілген курста « Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» бойынша теориялық және практикалық білім , білік негіздері жүйеленіп қарастырылды.

Курстың мақсаттары: « Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы арқылы әлем құрамы бейнелерінің математикалық тұтастығының дамуы жөнінде білімдерін тереңдету және кеңейту.

Курс міндеттері:

  • «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету.

  • Әртүрлі әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып , оқушылардың есеп шығаруға практикалық дағдыларын дамыту және қалыптастыруға жағдай жасау.

  • Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.

  • Өздігінен білім алу және алған білімдері мен дағдыларын орынды пайдалана білу.

  • Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.

Курсты оқу нәтижесінде оқушылар мыналарды үйренеді:

Дүниетанудағы математиканың ролі , математикалық зерттеу әдістері туралы көзқарастарын қалыптастырады.

Есеп шығарудың әртүрлі әдіс - тәсілдері , негізгі алгоритмдері туралы білім алады.

Білу керек:

  • Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға ;

  • Қорытынды ой жасау және нәтижені сараптауды ;

  • Пікірталасқа қатысу , өз қызметінің нәтижесін көре білуге ;

  • Параметрлері берілген теңдеулерді әртүрлі әдістермен шешуге ;

  • Есеп шығарудың ұтымды жолын таңдауды ;

  • Нәтижесін график арқылы көрсетуді ;





Курс мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

Курсты оқу нәтижесінде оқушылар келесі білім , білік және әдістерді меңгереді:

  • Математика нақтыны тану және бейнелеу әдісі екендігі туралы көзқарастары қалыптасады ;

  • Саралау , салыстыру , теңестіру , жүйелеу , қорытындылауды үйренеді .

  • Математикалық әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай алады ;

  • Стандарттық емес теңдеулер шешудің негізгі әдістерін біледі , теңдеу шешу әдістерінің теориялық негізін түсінеді ;

  • Әртүрлі әдістермен стандартты емес теңдеулерді шеше алады ;

  • Пікірталасқа қатысып ,өз қызметінің нәтижесін болжай алады ;

  • Өз қызметіне анализ жасап , жұмыс нәтижесін бағалай алады.

Оқытылатын курс бағдарламасы

Әртүрлі типтегі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу (5 сағат)

Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер. Сызықтыққа ұласатын теңдеулер мен теңсіздіктер. Квадрат теңдеулер мен теңсіздіктер.

Тригонометриялық теңдеулер (16 сағат)

Кейбір тригонометриялық функциялардың графигін салу мысалдары. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу. Кері тригонометриялық теңдеулерді шешу. Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу.

Теңдеу құруға арналған есептер (5 сағат)

Физикалық мазмұнды есептер. Зат концентрациясы және көлемдік үлеске берілген есептер.

Параметрлері берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу (6 сағат)

Параметрлері бар теңдеулерді шешу. Параметрлері берілген теңсіздіктерді шешу.

Теңдеулер мен теңсіздіктердің графиктік шешулері (2 сағат)

График салу. Координат жазықтығы.

Курстың оқу - тақырыптық жоспары

( барлығы - 68 сағат)



Тақырыптың атауы



Сағат саны



Мерзімі

Әртүрлі типтегі теңдеулер және теңсіздіктерді шешу

( 5 сағат)

1

Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер

1


2

Сызықтыққа ұласатын теңдеулер мен теңсіздіктер

1


3

Квадрат теңдеулер мен теңсіздіктер

1



Тригонометриялық функциялар ( 16 сағат)



4

Кейбір тригонометриялық функциялардың графигін салу мысалдары

3


5

Кері тригонометриялық функциялар

2


6

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу

3


7

Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу

4


8

Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу

4



Теңдеу құруға арналған тапсырмалар ( 5 сағат)



9

Физикалық мазмұнды тапсырмалар

3


10

Зат концентрациясы және көлем үлесіне арналған тапсырмалар

2



Параметрлері берілген теңдеулер

мен теңсіздіктерді шешу ( 6 сағат)



11

Параметрлері берілген теңдеу шешу

3


12

Параметрлері берілген теңсіздіктерді шешу

3



Теңдеулер мен теңсіздіктердің графикалық шешуі

( 2 сағат)



13

Графикалық әдіс. Координаталық жазықтық (х ; у)

1


14

Координаттық жазықтық (х ; а)

1


Барлығы - 34 сағат



























© 2010-2022