Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі 5 сынып

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: математика

Сыныбы: 5 «Г,Д»

Тақырыбы: Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі

Мақсаты

білімділік:оқушыларға көбейтіндінің, қосындының, айырманың бөлінгіштігін белгілі бір ереженін орындалуы арқылы көрсетіп үйрету

дамытушылық: оқушылардың логикалық жылдам ойлау қабілеттерін арттыру

тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу

Оқыту құрал-жабдықтары: оқулық

Сабақ типі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақ тақырыбымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-үйде №152,153,158 орындадыңдар ма?(білмей, түсінбей қалғандары болса, түсіндіру)

ІІІ. Өтілген материалдарды қайталау сұрақтары:

1. Жолдың формуласы қандай?

2. Натурал сандар дегеніміз қандай сан?

3. Берілген натурал санға еселік қалайтабылады?

4. Натурал а санның бөлгіштерін қалай табамыз?

VI.Жаңа материалмен таныстыру кезеңі:

Егер көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе, онда көбейтінді де сол санға бөлінеді

90*8=(15*6)*8=15*(6*8)=(5*3)*(6*8)=5*(3*6*8)=5*144

Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді

8585+51=17*505+17*3=17(505+3)=17*508

Егер азайғышта, азайтқышта берілген санға жеке-жеке бөлінсе, онда айырма сол санға бөлінеді

117-65=13*9-13*5=13*(9-5)=13*4

V.Пысықтау есептері:

№173

(32+56):8=(4*8)+(7*8):8=8*(4+7):8=11

(15+24):4=((3*5)+(4*6)):4 бөлінбейді

(27+54):9=((3*9)+(6*9)):9=9(3+6):9=9

(28+49):7=((4*7)+(7*7)):7=7*(4+7);7=11

(16+35):5=((4*4)+(7*5)):5 бөлінбейді

(125+75):25=((25*5)+(25*3)):25=25*(5+3):25=8

№174

(72-24):8=((8*9)-(8*3)):8=8*(9-3):8=6

(60-25):5=((5*12)-(5*5)):5=5*(12-5): 5=7

(42-25):7=((7*6)-(5*5)):7 бөлінбейді

(84-36):10=((21*4)-(9*4)):10 бөлінбейді

(65-26):13=((13*5)-(13*2)):13=13*(5-2):13=3

(275-125):25=((25*11)-(25*5)):25=25*(11-5):25=7

№175

(35*18):7=(5*7*18):7=5*18

(48*13):12=(12*4*13):12=4*13

(99*14):11=(11*9*14):11=9*14

(35*10):8=(5*7*2*5):8 бөлінбейді

VI.Бекіту сұрақтары:

1. Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?

2. Қосындының берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?

3. Айырма қандай жағдайда берілген санға қалдықсыз бөлінеді?

VII.Үйге тапсырма: №176,177,179 бет 52-53

VIIІ.Бағалау


© 2010-2022