Сыныптан тыс Зерделілер (8 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Зерделілер»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пәнге қызықтыру, олардың логикалық ой-өрісін дамыту, білім, білік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу. Топпен жұмыс істей білуге баулу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс ұйымдастыру шарасы, ойын, ақыл-ой шабуылы, көңіл көтеру элементтері, математикалық тартыс.

Сабақтың ұйымдасытыру кезеңі мен сабақтың мақсаттары айтылғаннан кейін плакаттағы нақыл сөздердің мағынасын ашу.

Нақыл сөздер. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» (қазақ мақалы), «Есеп шығару - жүзу, шаңғы тебу немесе фортепьянода ойнау сияқты практикалық өнер, оған бейімделе отырып және әрқашан тәжірибе жинап қана үйренуге болады» (Д. Пойя), «Адамның денесі ғана емес, сонымен қатар миы да жаттығуды талап етеді. Математика - ми гимнастикасы». (А.В. Суворов)

Бүгінгі сыныптан тыс сабағының кезеңдері:

І. Таныстыру

ІІ. Сәлемдеме (Қарсы топ мүшелеріне есеп ұсыну)

ІІІ. Егер ..., онда..... (Анықтаманың немесе теореманың басы оқылады, ал топ мүшелері оны жалғастыруы қажет)

ІV. Математикалық сөйлемдер жарысы

V. Жалғасын тап

VІ. Жұмбақ жарысы

VІІ.Викториналық сұрақтар.

VІІІ. Әділ қазылар алқасына сөз

Ойын өткізуге сайланған әділ қазылар алқасы мен ойын топтарының мүшелерімен, топ басшыларымен таныстыру

І. Таныстыру кезеңінде топ басшысы өз тобын таныстырады.

І топ. 8а сыныбы. «Трапеция» тобы.

2012 жыл келді төрімізге,

Жаңа ғасыр басталды елімізде,

Жаңа ғасыр, жаңа күн, жаңа бақыт,

Бәріміздің тек қана еншімізде.

Алгебра, геометрия қандай қиын,

Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін.

Амалдардың тек қана көмегімен,

Орындалар сансыз көп байлам түйін.

Талапты жастар бар тобымызда

Біз жеңеміз, жеңіске біз жетеміз

Болашақ білім-ғылым тұтқасында,

Мұны әр кез есте ұстасында.

Заманның компьютердей кезеңінде

Математика тағы тұр көш басында

ІІ. Топ. 8ә сыныбы. «Квадрат» тобы.

Алдымен сәлем беру, салтымызда

Дұғай сәлем, кеңпейіл халқымызға

Ұлағатты ұстаздар, оқушылар

Сәлем бердік топ атынан баршаңызға!

Әйгілі теорема топтың аты

Топ мүшесі Азиза парасатты

Сабырлы топ мүшесі Ақмаржан бар.

Талпынғыш, әрі өнерлі біздің Жібек

Кем түспес осылардан Олжас-тағы

«Тапқышбек» - ол Олжастың екінші аты

Ойшыл, әрі ақылды Нұрбол болар,

Меніменен тобымыз толық болар!

Білімге бізді терең бойлататын

Кез келген сұрағына ойлантатын

Ұлы ұстаз, қадірлі, Қарылға әпки

Айтпасақ дұрыс емес оның атын.

Бүгін біздің ойымыз жеңіс емес

Атақтың дәрежесі керегі емес.

Білімімізді шыңдасақ сол болғаны

Үйренсек ұстаздардан ақыл-кеңес!

ІІ. Сәлемдеме кезеңінде үйге берілген тапсырма бойынша әр топ қарсы топқа дайындап келген есептерін ұсынады. Есеп шықпаған жағдайда сұрақ иесі есептің шығарылуын өзі түсіндіреді, бұл жағдайда ұпай саны өз тобына қосылады. Әрбір есепке 5 ұпайдан.

(топпен жұмыс кезінде жанкүйерлерге логикалық сұрақтар қойылады)

І. «Трапеция» тобының сәлемдемесі

1. Сыныптан тыс Зерделілер (8 сынып)өрнегінің мәнін есепте

2. Сыныптан тыс Зерделілер (8 сынып)өрнегінің мәнін тап

3Сыныптан тыс Зерделілер (8 сынып). В С АВСD параллелограмының периметрі 40 дм.

Егер оның қабырғаларының қатынасы 1 : 2 болса,

онда оның қабырғалары неге тең.

А D

4. Теңбүйірлі трапецияның табаны 3 және 5 см. Егер оның периметрі 15 см-ге тең болса, онда трапецияның бүйір қабырғасы неге тең?

ІІ. «Квадрат» тобының сәлемдемесі

1. Сыныптан тыс Зерделілер (8 сынып)өрнегінің мәнін есепте

2. Сыныптан тыс Зерделілер (8 сынып)өрнегінің мәнін тап

3Сыныптан тыс Зерделілер (8 сынып). В С АВСD параллелограмының периметрі 40 дм.

Егер оның қабырғаларының қатынасы 2 : 3 болса,

онда оның қабырғалары неге тең.

А D

4. Теңбүйірлі трапецияның табаны 4 және 6 см. Егер оның периметрі 20 см-ге тең болса, онда трапецияның бүйір қабырғасы неге тең?

ІІІ. Егер ..., онда .... кезеңінде

1. Егер дөңес төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болса, онда ол параллелограмм болады

2. Егер дөңес төртбұрыштың қарама-қарсы бұрыштары тең болса, онда ол параллелограмм болады

3. Егер дөңес төртбұрыштың диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлінсе, онда ол параллелограмм болады

4. Егер дөңес төртбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болса, онда ол параллелограмм болады

5. Егер дөңес төртбұрыштың қарама-қарсы екі қабырғасы тең және параллель болса, онда ол параллелограмм болады

6. Егер параллелограмның диагональдары перпендикуляр болса, онда ол ромб болады.

7. Егер бұрыштың қабырғаларын қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасында тең кесінділер қиса, онда олар екінші қабырғасында да тең кесінділер қияды.

ІV. Математикалық сөйлемдер жарысы

1. Әрбір үшеуі бір түзуде жатпайтын жазықтықтағы төрт нүктені тізбектей қосатын қиылыспайтын төрт кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигура төртбұрыш деп аталады.

2. Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель болатын төртбұрыш параллелограмм деп аталады.

3. Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм тік төртбұрыш деп аталады.

4..Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады.

5.. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

6. Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.

7. Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады.

8. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш жазыңқы бұрыш деп аталады.

V. Жалғасын тап.

а2 - в2 = (а - в)(а + в)

(а + в)2 = а2 + 2ав + в2

(а − в)2 = а2 − 2ав + в2

(а + в)3 = а3 + 3а2в + 3ав2 + в3

(а − в)3 = а3 − 3а2в + 3ав2 − в3

а3 - в3 = (а - в)(а2 + ав + в2)

а3 + в3 = (а + в)(а2 − ав + в2)

. Жұмбақ жарысы. Әр топ өздері даярлаған жұмбақтарын жасырады.

Қосымша

1.100 мүйізі бар

Үстінде киізі бар (киіз үй)

2. Қос құлақты, 100 тісті,

Жүзінен бірақ іс түсті (ара)

3. Екі қатар тал шарбақ

Күндіз алыстайды, қабыспайды.

Түнде қабысады, жабыспайды.(кірпік)

4. Бұлбұлдың екі құлақ , бір басы бар

Салдырған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)

5. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол негізгі,

Дәл жауапты қостадым(шеңбер)

6. Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз, көбейіпте аламыз. Ол не?(сандар)

7. Екі атым бар тынбайтын,

Өзімді ғана тыңдайтын (екі аяқ)

8. Бірін-бірі қоштаған

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран (42 әріп)

9. Сәуле, астында жүз ине (кірпік)

10. Екі қарауыл,

Екі тыңшы,

Бір жыршы (екі көз, екі құлақ, тіл)

11. Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ (бор)

12. Тоғыз белбеу,

Қос жібек.

Екі мұрын,

Бір шүмек (домбыра)

13. Он көзі бар өзінде,

Он цифр бар көзінде

Көзіне саусақ саласың,

Жырақтан хабар аласың (Телефон)

14. Бес балаға бір бешпент,

Бірге киіп, бір шешпек (қолғап)

15. Төрт аяғы, арқасы бар,

Еті жоқ, қаңқасы бар (Орындық)

16. Есігі біреу,

Бөлмесі бесеу (қолғап)

17. Төрт мүйіз, бір құйрықты,

Тындырады бұйрықты (айыр)

18. Бір кітаптың парағы

Күнде азайып барады (күнтізбе)

19. Өзі төрт қанатты

Және алты аяқты (инелік)

VІІ. Викториналық сұрақтар

1. Мен 5 цифрымен аяқталатын сан ойладым. Ол 210-нан артық, ал 220-дан кем. Бұл қандай сан? (215)

2. Тіктөртбұрыш тәрізді бақшаның ұзындығы 50 м, ені 10 м. Осы бақшаны қоршаған қоршаудың ұзындығын тап (120 м)

3. Есепте: 1 : 1 + 0 · 0 (1)

4. Үш таңбалы сандардың ішінен ең үлкен санды ата (999)

5. Бөлуді орында: 1 т : 200 кг (5)

6. Теңдеуді шеш: х + 37 = 85 (48)

7. Теңдеуді шеш: 4 · 25 · х = 800 (8)

8. Мен бір сан ойладым. Егер оны 15-ке арттырып, шыққан нәтижені 8-ге көбейтсе, 160 болады. Бұл қандай сан? (5)

9. Өрнектің мәнін тап : 25 - 92(− 56)

10. Есепте: 348 + 54 + 46 . (448)

11. Қабырғасы 15 см квадраттың ауданын тап (225 см2)

12. Бөлуді орында: 3618 : 18 (201)

13. Теңдеудің түбірін тап: х · х = 25 (5)

14. Ауданды салыстыр : 15 см және 1 дм (>)

15. t = 5 с, s = 15 м болғандағы жылдамдықтың мәнін тап (3 м/с)

16. Санның кубын тап: 33 (27)

17. Өрнектің мәнін тап : Сыныптан тыс Зерделілер (8 сынып) (2/9)

18. Есепте: 1 · 0 - 0 : 1 (0)

19. Тіктөртбұрыштың периметрін тап : а = 15 см, в = 25 см (80 см)

20. Салыстыр : 5/9 * 8/9 (40/81)

21. Кітап бағасының 1/5-і 13 тг болса, ол кітап қанша тұрады? (65 тг)

22. АВ кесіндісі 17 бөлікке бөлінген, әр бөлік 7 см-ден. АВ кесіндісінің ұзындығын тап: (119 см)

23. Азайтуды орында: 7,45 - 4,45 (3)

24. Ұзындығы 5 см, ені 2 см тіктөртбұрыштың ауданын тап : (10 см2)

25. Есепте: Сыныптан тыс Зерделілер (8 сынып)

26. Теңдеуді шеш: 4х - х = 8,7 (2,9)

27. Егер квадраттың ауданы 36 см2 болса, оның қабырғасы неге тең болады? (6 см)

28. Ықшамда: 8,3а + 1,7а (10 а)

29. Көбейтуді орында: 0,3 · 2 (0,6)

30. Бөлуді орында: 10,5 : 3,5 (3)

VІІІ. Әділ қазылар алқасына сөз.

Марапаттау












© 2010-2022