САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 «б» сынып

Күні 20.01.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулермен таныстыру, олар туралы ұғым беру және шешуін үйрету

Дамытушылық: Теңдеу , алгебралық өрнек рационал сандарға амалдар ұғымын тереңдету.Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.Функционалдық сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері:баяндау түсіндіру есептер шығару

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кітап

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын тексеру:

814

  1. a (b+c) = ab +ac

  2. 1,2 (a+3) = 1,2a + 3,6

  3. 10a - 12a - 3 = -2a - 3

  4. 0,25a * 9b = 2,25 ab

  5. 1,5a * -3b = -4,5ab

  6. 4 ab - 2ac = 2 * (2 b - c).

815

  1. 4 (7-5x)-(12-20x)= 28-20x-12+20x=16

  2. 2(3x-y)-(5x-2y)=6x-2y-5x+2y= x

  3. 6(x+2y)-3(2x+y)=6x+12y-6x-3y=9y

  4. 5(4x+y)-2(x-y)=20x+5y-2x+2y=18x+7y

817

  1. -0,8a*0,45b*(-c)=0,36 abc

  2. m(-0,75n)*(-0,6k)= 0,45mnk

  3. 3(1,6x- 0,7y) - 1,8 x + 0,1 y=4,8x - 2,1 y -1,8x + 0,1y = 3x - 2 y

  4. -5 (0,9m - 1,1n) - 1,5m+1,9 n = -4,5 m + 5,5 n -1,5 m + 1,9 n = - 5,5 m + 7,4 n

Өткен тақырыптарды қайталауға арналған сұрақтар

1.Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

2.Жақша алдына «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

3. a(b+c) көбейтіндісіндегі жақшаны қалай ашып жазу керек?

4. Ұқсас қосылғыштар дегеніміз не?


Жаңа тақырыпқа дайындық

3x=9 -5x=-25 23x =46 -14x= 28

1,2x=3,6 -1,5x = 4,5 -25x = -100 15x= -75

ІІ Жаңа сабақ :

ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х айнымалы, а және в -қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.

4(х-3)=0 мен 4х-12=0 теңдеулері мәндес теңдеулер

Теңдеулерді түрлендіріп , ах =b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.

1 қасиет

Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама - қары өзгертіп , оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

2 қасиет

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

4x+3=x+5,1

4x-x=5,1-3 1 қасиет бойынша

3x=2,1 2 қасиет бойынша

x=0,7 0,7 - теңдеудің түбірі

Бір айнымалы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін :

-теңдеудің анықталу аймағы өзгермейтіндей етіп, оның бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе -тең түрлендіріп ықшамдау керек;

-айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;

-теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=в түріне келтіру керек;

-теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің х=САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сыныптүбірін табу керек;

ах=в теңдеуін шешудің үш жағдай бар:

1 . a ≠ 0 , болса теңдеудің бір ғана түбірі бар x=САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып

Мысалы : 2,3x= 9,2

X= САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып

2. a= 0 ; b ≠0 0x = b болса , теңдеудің түбірі болмайды.

Мысалы : 7x+3=7x+5

7x-7x=5-3

0 x=2

x ≠ САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып

3. a=0 ; b=0 болса 0x=0 теңдеудің түбірі кез келген сан

Мысалы : 2x+x - 5 = 3x - 5

3x-3x = 5-5

0x=0

Шығарылатын есептер:

№ 835

  1. 2x+17 =22+3x 3) 25-4x=12-5x 5) 21x+45 =17+14x

№ 836

  1. 3,4x - 4= 4,8 - x 3) 5- 3x= 2x-8 5) 1,5x+8=3,1x+16

№837

  1. x= САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сыныпx +1 3) x - САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып = САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып x 5) САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сыныпy - САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып= САбақ жоспары Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сыныпy

Бекіту

Сәйкестендіру тесті

Теңдеуді шешіңіз:

  1. х+5=7 5

  2. Х-2=3 -3

  3. Х+8=11 -2

  4. -6x=-48 -8

  5. 13x=-39 2

  6. 3,6x=-7,2 3

Үйге тапсырма № 835- 837 ( 2,4,6), 838

Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022