Открытый урок на тему Теңдеуді шешу (2 класс)

Раздел Математика
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Математика

Уақыты: 4.12

Кабинет: №7

Мұғалім

Найзабекова Г.Е.

Сабақтың атауы

х-30=7 түріндегі теңдеуді шешу

Мақсаты

Білімділік: Теңдеуді шешудің қарапайым әдістерін үйрену;
Дамытушылық: Әртүрлі тапсырамаларды шешу арқылы олардың
ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, логикалық ойлау жылдамдығына тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: түлкінің,мыстанның,қарғаның,орманның суреттері

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Өзімізге: Сәттілік,қуаныш!

Қонағымызға: Жақсы көңіл-күй!

Елімізге: Ашық аспан, молшылық!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушылардың зейінін аудару
Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ, сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін!

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру: сұрақ-жауап әдісі

-Қосудың қандай қасиеті бар?(ауыстырымдылық,терімділік)

-Тік төртбұрыштың қасиеті қандай? (қарама-қарсы қабырғалары тең)

- Шаршы қандай фигура?

-Периметрді қалай табамыз?

Үй тапсырмасын тексеру:

9+7=16 16-7=9

19+7=26 26-7=19

29+7=36 36-7=29

39+7=46 46-7=39

49+7=56 56-7=49

59+7=66 66-7=59

69+7=76 76-7=69

79+7=86 86-7=79

89+7=96 96-7=89

-Балалар, бүгін сабақта «Теңдеуді шешу» тақырыбын шешуді жалғастырамыз.

Открытый урок на тему Теңдеуді шешу (2 класс)

Тақтаға жазады.

6-2=4 4+2=6

-Бұл теңдеу ма? Дұрыс, бұл санды теңдік.

Х-30=7 х-40=9

Х=30+7 х=40+9

Х=37 х=49

37-30=7 49-40=9

7=7 9=9

-Бұл теңдеу ме?

- Дұрыс. Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.

-Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.

-Теңдеу шешу дегеніміз не?

- Теңдеуді шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.

- Балалар, осы желтоқсан айы мерекелерге толы.

Атап жіберейікші. Жаңа жыл мерекесі кіммен көрікті?

Аяз атаның шыршаға жаңа жылды алып келуіне жолын бөгеп,кедергі келтіріп жатқандар бар. Аяз атаның жолын ашуға көмектесеміз бе?

-Алдымен жолды бөгеп жүрген ертегідегі қу түлкі.Оның мынадай шарты бар. Оқулықтағы №3 есепті орындап берсеңдер өз жөніммен кетемін дейді.

Открытый урок на тему Теңдеуді шешу (2 класс)

Сатылды - 30 кг

Қалды - ?, 7 кг артық

Болды - ?

Ш : (30+7)+30=67

Ж : Барлығы 67 кг картоп .

-Балалар, ертегідегі мыстан жолды бөгеу үшін өзінің қарғасын жіберіпті. Қарғаның мынадай шарты бар. Өрнектердің мәнін тапсаңдар

өз жөніммен кетем дейді.

38+( 40+20)= 98

а+ (30+10) ; а=56 56+(30+10)=96

45+(20+а) ; а=30 45+(20+30)=95


Сергіту сәті

« Көңілді күн» әніне қимылмен жаттығу жасайды.

Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

- Балалар, ертегідегі жағымсыз кейіпкер Мыстан кемпір аяз атаның жолын бөгеп, жаңа жылға жібермеймін деп отыр. Оқулықтағы №6 есепті орындасақ жолды ашамын деп отыр. Орындаймыз ба?

(57-7)+40=90 20+(45-5)=60 35-(28-8)=15

(20+60)-10=70 60-(39-9)=30 44+(30-10)=64

(60+9)-40=29 70+(16-6)=80 80-(67-7)=20

-Балалар, аяз ата ормандағы тиіндерден хат беріп жіберіпті. Оқып көрейік.

Қымбатты балалар! Сендер барлық тапсырмаларды орындап, жолымды ашып қойдыңдар. 25-желтоқсан күні сыйлығымды алып,сендердің жаңа жыл кештеріңе барамын. Сендерге көп рахмет. Кездескенше!


Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

-Балалар,биыл біз қандай жылды қарсы алғалы отырмыз? (мешін)

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап, мешін бейнеленген дөңгелектер таратамын.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Открытый урок на тему Теңдеуді шешу (2 класс)

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




© 2010-2022