Внеклассная работа на тему: ХХІ ғасырдың жас математигі

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ХХІ ғасырдың жас математигі» атты сайыс

Мақсаты: Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәндерінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, Отан сүйгіштікке, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.» Білімді азамат - ел ертені», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар».

1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
- Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?
- Ойынды бастайық!!

1-жүргізуші: Армысыздар қонақтармен ұстаздар

2-жүргізуші:. Бүгінгі ойынға қош келіпсіздер!

1-жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше күн болмақ. Себебі, бүгінгі сайысымызда 7-8 сыныптардың білімдері сайысқа түседі.

2-жүргізуші:Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа,

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста- деп

бүгінгі 7-8 сыныптар арасында өткелі отырған «ХХІ ғасырдың жас математигі» атты сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі өткелі отырған сайысты ұйымдастырушылар математика пәнінің мұғалімдері Шербаева Нағашыгүл Тоғызбайқызы және Болат Айымгүл Қуатқызы

1-жүргізуші: Сайысқа қатысатын оқушыларды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық.

Сайысқа қатысушылар: 7 «а»- сыныбы-Раджапбай Алмас, Мырзабек Дарын

7 «ә» сыныбы-Тайыр Ақсамал, Алишер

7 «б» сыныбы-Исаев Сәулет, Тыныс Берік

7 «в» сыныбы-Сайлыбай Дәулет,

8 «а» сыныбы- Мусаева Томирис,

8 «ә» сыныбы-Мырзабек Дархан, Алшынбеков Шерхан

8 «б» сыныбы-Абдуллаева Айдана, Заутбек Жанел

2-жүргізуші: Топтардың жұмысын бағалау үшін әділ қазылар алқасымен таныстырайық:

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

1. Шамкенова Сауле- физика пәнінің мұғалімі

2.Мықтыбаева Айжамал-математика пәнінің мұғалімі

3. Жакуова Жанаргул-математика пәнінің мұғалімі

1-жүргізуші: Бүгінгі жарысымызда алға ұстанған ұранымыз:

2030- дың біз барысымыз.

Болашаққа бастайды әр ісіміз

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу парызымыз. (Н.Назарбаев)

2-жүргізуші: Сайыс 6 бөлімнен тұрады. Жоғары ұпай-5балл.

1. Таныстыру (Топтар өздерін таныстырады)

2. "Бәйге" сайысы (Топ басшыларына сұрақтар қойылады)

3." Қас қағым сәт " сайысы

4. "Мен саған, сен маған" сайысы(Топтар бір-біріне сқрақтар қояды)

5."Шебер қол" сайысы (Топ мүшелері бірлесіп геометриялық фигуралар құрастырады)

6. Қорытынды

1-жүргізуші:

Олай болса, бірінші бөлімді бастауға рұхсат етіңіздер.

І бөлім. Таныстыру

Әр топ өзін таныстырады.

2-жүргізуші:

2- бөлім "Бәйге" сайысы (Топ басшыларына сұрақтар қойылады)

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Сұрақтармен бастарыңды қатырамыз

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса, білімдеріңізді толтырамыз.

Әрбір топ басшысына 5 сұрақ қойылады. Жылдам жауабы айтылу керек.

1-жүргізуші: 2-бөлімнің ұпайлар санына кезек берсек.(Ұпай көрсетіледі). Бойымызды жазып, сергіту сәтін ұйымдастырайық.

2-жүргізуші:

3-бөлім " Қас қағым сәт " сайысы сайысына кезек берейік.

Бұл бөлімде берілген тапсырмалардан формуланы дұрыс құрастыру керек.

Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпақтарын өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы.

1-жүргізуші: Олай болса 3 бөлімде аяқталды. Келесі бөлім

4-бөлім « Сен маған, мен саған»

Бұл бөлімде әр топ қарсыластарына 5 сұрақ дайындап, бір-біріне сұрақтар қояды.

2-жүргізуші: Ұпайлар санымен танысайық.

1-жүргізуші: Жетіліктің көп сабақтан сұрағы,

Әр шәкірттің білгірі алға шығады.

Асықпаңдар, ойланайық, балалар,

Көп жауап бар, біреуі оның шырағы-дей келесі

5-бөлім Соңғы бөлім «Шебер қол»сайысы

Бұл бөлімде әр топ мүшелері бірлесіп, геометриялық фигура жасайды. Оны таныстырады.

1-жүргізуші:

Әділ қазылар қорытындысын дайындағанша көрермендермен сергіту сәтін ұйымдастырайық.

1-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,

Мадақтап, мақтау қағазын тапсырады.

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңіске жеткен топ марапатталады.

2-жүргізуші: Осымен 7-8 сыныптар арасында өткен «ХХІ ғасырдың жас математигі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. «ХХІ ғасырдың жас математигі» Саулет атанды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.





© 2010-2022