Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақжар ауылы, Ақжар орта мектебі

Математика пәнінің мұғалімі Айыпхан Еркежан

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың, бірмүшенің, көпмүшенің стандарт түрін, және оларға амалдар қолдануережелерін қайталау.

Дамытушылық:Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Топтық, жұптық жұмыс, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі топтамалар, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өткенге шолу.

ІV.Өздік жұмыс .

V. Сергіту сәті

VI. Тест тапсырмасы

VII. Қорытынды:

VIII Бағалау.

IХ. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, топқа бөліп (стикерде ауызша есеп шығарып, жауабына қарай топқа бөлінеді) отырғызу, назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсатын бірлесіп қою.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №209, 210 тақтадан тексереді (ұпайларын бағалау парағына енгізіп отырады )

ІІІ. Өткенге шолу.( бір сұрақ -1 ұпай )

1. Бірмүше дегеніміз не?

Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.

2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не?

Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффицентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады

3. Бірмүшеге мысалдар келтіріңдер.

4. Көпмүше деп нені айтамыз?

Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп айтамыз.

5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не?

Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру

6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не?

Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін, бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу (азайту) керек.


ІV.Өзіндік жұмыс: әр топ бір есепті тақтаға немесе постерге жазып түсіндіреді.

Теңдеуді х айнымалысына қатысты шешіңдер:

1) Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау

2Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау

3) Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау

V. Сергіту сәті -

«Қаражорға» би (үзінді)

VI. Тест тапсырмасы

1.Ұқсас бірмүшені көрсет :

1) 9ас; 2) - 17; 3) 9ху; 4) - 17ас.

А). 1 және 3. М). 1 және 3, 2 және 4. Қ.) 1 және 4.

2.Қайөрнеккөпмүше бола алмайды?

1) 3а + b; 2) 7а2 + b + 3; 3) 7а2 × b × 3.

Б) 1 және 2. А) 3. В) 2 және 3.

3.Берілген көпмүшені стандарт түрдежаз.

а3 × а5 - 3а × а × а × 0,5 + 7а2

Д). а8 - 3,5а3 + 7а2. Ж). а15 - 1,5а3 + 7а2. З). а8 - 1,5а3 + 7а2.

4.Жақшаны ашыпұқсас мүшелерін біріктір: 11 + (7а - 11).

В)22 + 7а. А). 7а. Л). - 7а + 22.

5.Көбейтуді орында : 5(а + 1). М ) 5а + 1. Л ) 5а. Қ) 5а + 5

VIII Қорытыңды . Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?

IХ. Бағалау. Формативті бағалау.Берілген критерийге байланысты баллдар көмегімен бағалау.

Х Үйге тапсырма беру. № 211-212.

Бағалау парағы.

№ Аты-жөні

Үй тапсырма-сын тексеру.

1-4 ұпай

Өткен тақырыпты қайталау. 1 сұрақ-1 ұпай

Өзіндік жұмыс

1-3 ұпай

Тест тапсырмалары1-5 ұпай

Қосымша тест 6-9 сұрақтар1-3 ұпай

Қосымша тапсырма

1- 3 ұпай

Қоры-тынды баға















17-20 - ұпай «5», 14-17ұпай «4», 8-13ұпай «3».


© 2010-2022