Интеллектуальная игра на тему Жас математик (5-класс)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жас математик»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру;

Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сайыс

Сабақтың құрылымы:

І.Таныстыру

ІІ.Тест тапсырмасы

ІІІ.Бәйге

ІҮ.Жорға

Ү. Кім көп біледі?

ҮІ. Кім тапқыр?

ҮІІ. Кім жылдам?

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:
Қайырлы күн қымбатты достар!
Ахмет Байтұрсынов былай деген екен:
«Ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін - ғылым»
Демек, адамның дамуы мен қалыптасуы үшін білімнің маңызы өте зор, ол сарқылмайтын қазына, сондықтан болашаққа біліммен қадам басуға тиіспіз.
Олай болса, математикалық білімдерімізді сынайтын да, толықтыратын да сәт. Сайысқа шығайық.
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар,-- дей келе ортаға
«Жас математик» сайысына қатысушы сайыскерлерді
шақырамыз.

Сайыскерлерді таныстыру:

Сайысқа 5, 6, 7, сынып оқушылары қатысады.

Сонымен сайысымызды бастайық, бірінші тур - «тест тапсырмалары»

Ұпайы төмен оқушы ойыннан шығады.

1. Өрнектің мәнін тап,егер х=3 болса: 27+х

а) 20 в)30 с)27 д)17

2. Үшбұрыштың периметрінің формуласы:

а) P=a+b+c в)P=2a+2b с)P=a+b+2c д)P=a+b

3.ЕКОЕ(25,5)=

а) 5 в) 15 с)30 д)25

4.Қораптағы шай 1/5 кг.Неше қорап шай 1 кг?

а) 5 в)2 с) 1 д)10

5) Квадраттың периметрі неге тең?

а) Р=ав в)Р=а+а с)Р=4а д)Р=4+а

Жауабы:

1) В 2) А 3) А 4) А 5) С

«Бәйге» (Бірінші қол көтерген оқушы жауап береді) - 10 ұпай әр сұраққа

  1. Қазақстан мектептеріндегі жоғары баға.(5)

  2. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қона бермейді

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар достарым айтыңдаршы? (жай бөлшек)

  1. Жолдың формуласы (S=vt)

  2. Жұп сан (2)

  3. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш(квадрат)

  4. Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 10 дәптер артық.Ал барлығы 70 дәптер болса, әрбір қорапта қанша дәптер бар? (30,40)

  5. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жақтарыңа қарамай?(натурал сан)

  1. 1 куб метр судың салмағы қанша кг?(1000 кг)

  2. Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құрастырылған геометриялық фигура.(бұрыш)

  3. 6 алманың 2-ін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?(4)

  1. Бір қызыл өрік жесең не қалады?(пашағы)

(Екі ұпайы төмен оқушы шығады)

12. Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшектер(қысқартылмайтын)

Сайыскерлеріміздің жинаған ұпайлар санын анықтау үшін әділ қазылардың «Бәйге» туры бойынша қорытындысына назар аударамыз.

«Жорға». Бұл бөлімде 3 тақырып беріледі. Сайыскерлер ұсынылған кестеден қалаған тақырыптары бойынша ұпай санына сәйкес ұяшық сұрақтарын таңдайды. Ұяшық санына байланысты ұпай алады.

1. Логикалық сұрақтар

10 - 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? (тең)

20 - Жұмадан кейін 19 тәуліктен соң аптаның қай күні сәйкес келеді? (сәрсенбі)

30 - Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса

оның салмағы қанша? (3 кг)

40 - Мұрат әкесі 36-ға келгенде дүниеге келген болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші.Мұраттың әкесі қазір неше жаста

екенін анықтаңыз. (45)

2. Формулалар

10 - Тік төртбұрыштың ауданы? (S=ab)

20 - С қалай аталады? (қосындының мәні)

30 - Жылдамдықтың формуласы?

40 - Жазыңқы бұрыш қанша градус? (180)

3. Математикалық терминдер

10 - Нөл - қай елдің не деген сөзі? (Латын, ешқандай)

20 - Кесіндіні өлшейтін құрал (сызғыш)

30 - Геометрия терминінің мағынасы? (Грек, жер-өлшеу)

40 - Метр-қандай сөзден шыққан? (Грекше өлшем)

Ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

Кім көп біледі? А,К,Ш әріптерінен математикалық сөздер айтып жарысады.

А - аргумент, азайту, айқас,...

К - көбейту, куб, көлем,...

Ш - шар, шеңбер, шексіздік,...

«Кім тапқыр?» Қалған 3 оқушыға есеп беріледі. Уақыты жағынан, есептің қатесіне жағынан әлсіздік көрсеткен 1 оқушы ойыннан шығады.

Интеллектуальная игра на тему Жас математик (5-класс)жауабы: 21

«Кім жылдам?»Соңында қалған 2 оқушыға жеке -жеке 10 сұрақ беріледі. әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1-оқушы:

  1. 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін натурал сан(жай сан)

  2. 3-тің үшінші дәрежесі (27)

  3. Квадраттың периметрі неге тең? (Р=4а)

  4. С қалай аталады?(қосындының мәні)

  5. Бір сағатта қанша секунд бар? (360)

  6. Алымы бөліміне тең жай бөлшек .....деп аталады.(бұрыс)

  7. Екі сіріңкені сындырмай 10-ды қалай көрсетуге болады?

  8. 3 санына бөлінгіштік белгісі.(цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін натурал сандар 3-ке бөлінеді.)

  9. 41-жай сан ба?(иә)

  10. Кесіндіні өлшейтін құрал.(Сызғыш)

2-оқушы:

  1. 1 км шоссе ұзын ба, 1000 м қара жол ұзын ба?(тең)

  2. 2-нің төртінші дәрежесі неге тең?(16)

  3. Тіктөртбұрыштың периметрі неге тең? (P=2(a+b))

  4. С қалай аталады? (айырманың мәні)

  5. 1 метрде қанша миллиметр бар?(1000)

  6. Алымы бөлімінен үлкен жай бөлшек ... деп аталады.(бұрыс)

  7. 3 сіріңкеден төртті көрсет.

  8. 9 санына бөлінгіштік белгісі(цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, натурал сан да 9-ға бөлінеді.)

  9. 49-құрама сан ба? (иә)

  10. Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)

Қорытынды. Сайыс соңында қазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап марапатталады.



© 2010-2022