Математика және биология пәндерінің кіріктірілген сабақ жоспары

Математика мен биология пәндерінен кіріктірілген сабақ жоспарында оқушылардың тақырып бойынша алдын ала түсірген видеороликтери және сабақ үстінде микроскоп арқылы жасалынған зерттеу тапсырмалары өте қызықты болды. Сабақ жоспарының бастапқы бөлімінде достық қарым қатынас орнату мақсатында тренинг жүргізіледі, сонан соң проблемалық сұрақ қойылады. Сол сұраққа жауап кезінде тақырыпқа бірсарындылық сақталып отырып, сабақ тақырыбы ашылады. Бұл математика сабағы тек биология пәнімен емес, сондай ақ, ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тарау 8.2C: Микробиология және биотехнология

8.2С бөлім: Берілгендерді жинау және таныстыру

Ақтөбе қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Кафедра меңгерушісі: __________Кужакова С.Ж.


Сабақ тақырыбы:

Жиілік полигоны, Гистограмма және кумулятивті (шоғырланған) жиілік қисығы

Күні: 03.11-08.11.2014

Мұғалімнің аты-жөні: Есентаева Г.К.

Аянасова Л.А.

СЫНЫП: 8В

Кіріктірілген сабақ математика және биология пәндері

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

  • бактериялардың түрлі формаларын сипаттау

  • СС8.9 бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдалана отырып, кесте, полигон, гистограмманы сызып үйренуді.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар

  • бактериялардың түрлі формаларын сипаттау

  • іріктеу нәтижелерін интервалды жиіліктер кестесі түрінде беру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

(эксперимент жүргізгеннен кейін)

Йогурт пен ірімшіктің дайындалуын өз сөзімен сипаттау

(жазба және айтылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Жинау/ұйымдастыру/қабылдау /берілгендерді таныстыру.

Бастапқы берілгендер

Сызықтық график/ кесте/қорытынды карта/ гистограмма/дөңгелек диаграмма/жиіліктер диаграммасы (полигон).

График құру, берілгендерді жіктеу,

әр аралықтың орта нүктесін табу,

әр аралық жиілігін орта нүктеге көбейту.

бактерия, жұқпалы аурулар, йогурт, ірімшік, микробиология, микроорганизм, микроскоп, фермент

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Біздер х бойынша берілгендерді жинауды шештік.

Біздер берілгендерді … былай таптық.

Біздің бастапқы берілгендер көп болғандықтан, біз оларды сыныптарға бөлуді шештік.

Содан кейін біз үлестірім тығыздығы графигінде /полигонда берілгендерді беруді шештік.

Біздер әр сыныптың орта нүктесін табуымыз және кейін сызықтық графикті құруымыз керек болды .

Ось х бұл жерде … білдіреді.

Ось y … білдіреді.

Түзудегі нүкте … білдіреді.

Түзу … білдіреді.

Үлестірім тығыздығының графигі х … нақ өзі екенін бізге көрсетеді.

у-ке қарағанда аз/кем х бар.Алдымен сүтті ысытыңыз.

Сосын йогурт алу үшін майлы йогурт қосыңыз.

Ірімшікке айналуы үшін ұзақ уақытқа қалдырыңыз.

200 см3 жаңа алынған сүтті таза зертханалық стаканда ұқыпты қайнатыңыз.

Температура 90°C аспайтындығына көз жеткізіңіз.

Сүтті 35°C дейін суу үшін қалдырыңыз.

Сосын 4 шай қасық тірі йогурт қосыңыз. Сосын зертханалық стаканды жабыңыз.

Жылы жерде 2 күнге қалдырыңыз.

Йогуртты муслинмен жабылған микрофильтрге құйыңыз.

24 сағатқа қалдырыңыз.

Сосын муслинді пакетке байлап, сұйықтықтың барлығы шығып біткенше сығыңыз.

«Қатты» ірімшік муслинде қалуы керек.

Үлгілік альтернативтік нұсқаулықтар:

Алдымен сүтті жылытыңыз.

Сосын белсенді йогурт құйыңыз және т.б.

Алдыңғы білім


Оқушылар «микроорганизм» терминін түсінеді және 7.4C тарауынан өнімді сипаттай алады және антибиотиктерді қолдануды біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақ қезеңдері

Сабақ қезеңдері

0-2

Сергіту сәті

Математика және биология пәндерінің кіріктірілген сабақ жоспары

2-5

Миға шабуыл

«Адами қасиеттерді тарату» шеңбердегі оқушылар қайталанбас өзіне тән қасиетті атап, оны достарына таратады.

Проблемалық сұрақ!

Шоқан Уалихановтың өмірден озу себебі.


youtube.com/watch?v=LkBSn47gVMk

Презентация

4-7 слайд

5-7



7-10







10-15









15-20









20-22







22-28



















28-35

Мұғалімнің сөзі:

  1. Бактерия пішіндері

  2. Туберкулез дертінің қоздырғышы? (Зиянды бактерия)

Туберкулез туралы мәлімет бойынша жиілік полигонын құру. (жеке жұмыс) Әрбір оқушы диаграмма құрады.



  1. Бейнематериал бойынша есеп

Есеп: «Кох таяқшаларының көбеюі»

Есеп шешуі



  1. Пайдалы бактерия

Дерттердің алдын алу шараларына арналған шаралардың бірі дұрыс тамақтану - сүт өнімдері (лактобактерия)

Микроскоп арқылы йогурттағы бактерияларды зерттеу және олардың санын анықтау

Есеп: «Йогурттағы бактериялар»

Шешуі



  1. Тренинг «Аудармашы» -



  1. Жұптық жұмыс

Калыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау.

Тапсырма:

  • Топ оқушыларының тәжірибе жасау нәтижесінде бактериялар саны мынадай болды: 12,13,14,12,12,13,12,13,13,12,12,12.

Ехсel бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып, кесте, полигон, гистограмманы сызыңыз


  1. Бекіту. «Құндылықтар сызығы»

  1. Лактобактерия- аса қауіпті бактериялардың бірі

  2. Гистограмма (грек тілінен аударғанда «hіstos» - бағана және «gramma» - жазу, әріп)

  3. Жиілік полигоны- интервалды-деңгейлік мәліметтерді көрсететін тізбектелген тік бұрыштардан тұрады.

  4. Туберкулез аурын қоздырушы Кох бактериясының пішіні - таяқша тәрізді

8-9 слайд

Дәптермен жұмыс



Видеоролик 1

Видеоролик 2

15-19 слайд


Видеоролик 3

19 слайд

Excel-де «мастер диаграмм» бойынша көмекші:

support.microsoft.com/kb/304421

Дербес компьютер

35-40

Рефлексия: Рефлексивті нысана

Үйге тапсырма: Үш компанияның сүт өнімдерін алып, құрамын зерттеп, кесте құрып, жиілік полигонын тұрғызу.



Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту - Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың білімін қалай тексересіз?


Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)


Топқа берілген сұрақтарды оқушылар өз мүмкіндігінше таңдап алып жауап береді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының бастапқы екеуі орындауға міндетті тапсырмалар, үшінші қосымша тапсырманы қабілеті жоғары оқушылар орындайды. Қабілетті оқушыларға зерттеу жұмысының қорытындысын формула арқылы қалай көрсетуге болатындығына ұсыныс беру арқылы нәтижені салыстыра білуге бағыттау.

Бейне материал тапсырмаларын орындату және өзара тексеру арқылы оқушы білімін айқындауға мүмкіндік беріледі.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары оқушылар белсенділігін және тиісті есептеулер қол жеткізілген жетістіктерді бақылау жолымен жасалады. Зерттеу жұмысын жасау және зерттеу нәтижесінде қорытынды шығару арқылы оқу мақсатына жеткендігі айқындалады.


Биология пәнімен , информатика пәнімен байланысты

«Йогурттағы бактериялар» бейнетаспасы арқылы кәсіптік бағдар беру.

Excel-де «мастер диаграмм» бойынша көмекші:

support.microsoft.com/kb/304421

бағдарламаны қолдану

Сабақта топтық жұмыстарда, қалыптастырушы тапсырмада АКТ қолданылады. Оқушылар жеке жұмыста, жұптық жұмыста бірін-бірі тексеру арқылы бағалауды үйренеді, бір -біріне деген сенім пайда болады.

Қазақстанда өндірілетін сүт өнімдері туралы ақпараттан оқушыларда ұлттық рухтың көтерілгендігі байқалды, мемлекеттік өнімдердің сапасына деген бағалары арта түсті.

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/Оқу мақсаттары шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:Оқушылар зертханалық жұмыс жасауы сабаққа деген қызығушылығын арттырды

2:Оқушылардың өздері дайындаған видеоматериалдарын сабаққа қолданғаны олардың жауапкершілігін арттырды

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1: Барлық оқушыларға сабақ тақырыбына сәйкес алдын-ала дайын видеоролик немесе т.с.с. қосымша материалдар дайындату;

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?




© 2010-2022