Ашық сабақ цилиндр (11 класс)

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Р.Т.Әбекова


Күні: 27.11.2015ж

Сыныбы: 11 «Б»

Пәні: геометрия

Пән мұғалімі: Айшаубекова Ақерке Нұртайқызы

Сабақтың тақырыбы:

Айналу фигуралары. Тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері.

Жалпы мақсаты:

Оқушылар бұл тақырыпта цилиндрдің түрлерін, оның элементтерін жетік меңгереді.

Қүтілетін нәтиже:

Оқушылар цилиндрді сыза алады.Есептер шығару арқылы оқушылардың логикалық ойлау, салыстыру, зерттеу қабілеттерін дамыту, кеңістіктегі ориентациясын қалыптастыру. Практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы пәннің қолданбалы мүмкіншілігін көрсету.

Ресурстар:

Оқулықтар, мұғалім-оқушы, АКТ, үлестірме қағаздар

Іс-әрекет түрлері:

1. Топқа бөлу

2 Мағынаны тану.

3.Есептер шығару

4. АКТ көмегімен жаңа тақырыпты түсінгендерін толықтыру.

5. «Кім шапшаң?» айдары

6. Бағалау: жұбын бағалау

7. Рефлексия: «мен бүгін не білдім...»

Пайдаланылған құралдар:

Оқулық, Цилиндрдің макеттері, презентация, слайдттар, бағалау парақшалары, стикерлер, таратпа материалдар

Уақыт

(минут)

Оқытуда қолданылатын модульдер

Мұғалім іс-әрекеті

Бағалау

Оқушы іс-әрекеті

10мин









10мин



20 мин



Сыни тұрғыдан ойлау;



АКТ



Талантты және дарынды балаларды оқыту;

















Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог);

АКТ





Жас ерекшеліктеріне сай оқыту;



Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер



Сыни тұрғыдан ойлау

Оқушыларды 3 топқа бөлу: үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш.

Балалар біз «Көпжақтар» тарауымен танысқан болатынбыз. Енді осы көпжақтар туралы не білетінімізді еске түсірейік.

Жұбын бағалау

«Миға шабуыл» стратегиясы.

  • Балалар бәрің экранға назар аударыңдар.

  • Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

  • Цилиндр жайлы не айтуға болады?

Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалім оқушыларға цилиндр салуды ұсынады . Осы сұрақтар төңірегінде оқушылардың жауаптарын тұжырымдай келе сабақтың тақырыбын нақтылап, мақсатын тұжырымдатады

Ашық сабақ цилиндр(11 класс)

Егер жасаушылары цилиндрдің табандарына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады.

Дегенмен геометрияда және бізді қоршаған ортада цилиндрдің басқа да түрлері кездеседі, мысалы, көлбеу цилиндрлер.

Есептерді шеше білейік

№ 1

Цилиндрдің осьтік қимасы - квадрат, диагональі 20 см.

Табу керек: цилиндр биіктігін; цилиндр табанының ауданын.

№ 2

Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 10 м2, табанының ауданы 5 м2.

Табу керек: биктігін.

№ 3

АВ кесіндісінің ұштары цилиндр табандарында жатыр. Цилиндрдің радиусы r, биіктігі - h, АВ кесіндісі мен цилиндр осінің ара қашықтығы d.

Табу керек: a) биіктігін, егер r = 10, d = 8, AB = 13.

Оқулықпен жұмыс.

№11,12,13 есеп

Топтық тапсырма: «Кім шапшаң?»

Суретте көрсетілген шляпаны тігуге қанша материял қажет?

ҰБТ есептерінен

Өзіндік жұмыс (ия, жоқ)

Зымыранда қанша цилиндр?(бейнебаян)

Қорытындылау

Жұбын бағалау



















формативті





















Формативті









Жұбын бағалау





Фо рмтивті

Жұбын бағалау

Оқушылар топпен сұраққа жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген суреттерге қарай отырып, олармен өздерінде қандай ассоциация туындағанын айтады.

Оқушылар слайдтарда берілген тапсырмаларды орындайды

Оқушылар жұптарының тапсырмаларын өзара салыстырып, талқылайды. Ортақ қорытынды жасайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Мұғалімнің бағыттауымен есептерді шешеді.

Тапсырмаларды ауызша орындап, алған білімдерін қолданады.

Оқушылар топтағы рөлдерді өзара бөліседі.

Оқушылар жұптарының тапсырмаларын өзара салыстырып, талқылайды. Ортақ қорытынды жасайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.



Оқушылар оқулықтағы есептерді топпен шешеді және тақтада орындайды.

Алғашқы есептеп тапқан оқушы есепті түсіндіреді

Оқушылар өзіндік жұмысқа жауап береді

5мин

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Сыни тұрғыдан ойлау

Рефлексия

Мен бүгін не білдім...»

Өзін бағалау






Сабақ аяқталғаннан кейін күткен нәтижеге жету, жетпеуіне сәйкес стикерлерін орналастырады.

Үйге тапсырма:

№14, 15 есеп. Цилиндр.



© 2010-2022