Математика сабақтарында тестік бақылауды қолдану

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика сабақтарында тестік бақылау қолдануы


Жүнісова С. Қ.

№ 2 ЖОББМ математика


Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру -оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады.

Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық ,білім беру және тәрбиелік маңызы өте зор.Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті ,алдын-ала,

қорытындылау деп бөлінеді.Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде ,соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.

Тест ағылшын сөзі ( test ) аударғанда байқау,бақылау,зерттеу деген мағынаны білдіреді.Педагогикада тесті пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды.Жалпы, тест терминін 1890 жылы алғаш рет ғылымға енгізген американ психологы Дж.Кеттелл. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер құрастырып,оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған.Тестілеу мәселесінің теориялық негізін 1883 жылы жасаған ағылшын психологы, Чарльз Дарвиннің немерелес бауыры Фрэнсис Гальтон. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған.Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар,тест-оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру,оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр.Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады.

Жалпы тест тапсырмаларының әр түрлі формасы бар.Олар:

  1. Жабық формадағы тапсырма

  2. Ашық формадағы тапсырма

  3. Сәйкестікті белгілейтін тапсырма және т.б.

І.Жабық формадағы тапсырмалар:

  • Бір ғана ақиқат жауапты таңдау қажет болатын тапсырмалар

  • Бірнеше ақиқат жауапты таңдау қажет болатын тапсырмалар

ІІ.Ашық формадағы тест тапсырмаларында: дайын жауаптар берілмейді.Мұнда,оқушы қажетті жауапты тауып,берілген тұжырымға қосып жазу арқылы ақиқат немесе жалған пікір алуға тиісті.Мысалы:

-1,2,3,4,5 сандары ----------- сандар деп аталады.

- Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы оның ------- деп аталады.

- Теорема : Ромбтың диагоналдары өзара ….. болады және оның бұрыштарының …. болып табылады.

-Косинустар теоремасы с22+ b 2- 2 ab ……

- Синустар теремасы: Үшбұрыштың бұрыштарының синустары осы бұрыштарға қарсы жатқан қабырғаларға ….. болады.

Ашық формадағы тест тапсырмаларын құру барысында негізінен бұған дейін айтылған қағидалар алынады.Сонымен қатар мұнда бұрыңғы қағидалар тобы тағы да бірнеше қағидалармен толыға түседі.

ІІІ.Сәйкестік тестісі. Тапсырма екі баған түрінде беріледі,мағынасы мазмұны жағынан сәйкестендіру.

Функция Графигі жауабы

1.у= ax2 1.түзу 1-2

2.y= k / x 2.парабола 2-3

3. y= k x + l 3.гипербола 3-1

4.x2+ y2= R2 4.парабола 4-5

5.y = ax2 +bx +c 5.шеңбер 5-4

6 y= x 3 6. кубтық парабола 6-6

2)Тапсырманың мазмұнын құрастыру барысында басшылыққа алынатын қағидалар:-фасеттік қағидасы ; -импликация қағидасы.

а)Фасет дегеніміз-бір ғана тапсырманың әр түрлі нұсқада жазылу формасы Осы қағиданың негізінде бір ғана тапсырма қиындығы әр түрлі деңгейде құрылып оқушылардың білім деңгейлеріне қарай үлестірілуі мүмкін.

Мысалы: - ( 7, 9, 16, 80 ) саны қалдықсыз

А) 2-ге ; В)3-ке; С) 4-ке; D)10-ға ; Е) 7-ге бөлінеді.

ә) Импликация қағидасы бойынша тапсырма мазмұны «Егер …, онда…»формасымен құрастырылады.Мысалы: -1. Егер әр қосылғыш 5-ке бөлінсе ,онда қосынды … А) 5-ке бөлінеді ; В) 5-ке бөлінбейді.

-2.Егер квадрат теңдеуінің дискриминанты ……. болса, онда оның екі шешімі болады.

-3. Егер квадрат теңдеуінің дискриминанты …… болса, онда оның ….. шешімі бар.

Альтернативті жауабы бар тест : шешу кезінде тұжырымдамаларға сәйкес дұрыс немесе дұрыс емес мүмкіндіктерін көрсету.Жауап «ия», «жоқ» немесе «+», «-» түрінде беріледі.Мысалы: -Квадраттық функцияның графигі гипербола деген тұжырым дұрыс па ? …..

-Жұп функцияның графигі у осіне қарағанда симметрия болмайды деген тұжырым дұрыс па ?

Оқушылардың білім дәрежесін күнделікті тақырыпты немесе үлкен тарау өткеннен кейін,тоқсан немесе оқу жылы соңында тест арқылы сынақ өткізуге толығынан болады.Тестегі тапсырмалар саны ( әдетте 8-10 тапсырма ) ол сыныптың деңгейіне,бақылаудың мақсатына байланысты.

Тест оқушылардың білімін салыстыруға ,мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге,білім беру жүйесінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге ,әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады.


© 2010-2022