Баяндама: Естай Беркінбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Ақиық ақынның өмір жолы мен шығармалары туралы жазылған баяндама.Қазақ жері баяғыдан-ақ ұлттық музыкалық-поэтикалық мәдениеттің небір көрнекті қайраткерлерін дүниеге келтірген.  Бірақ Естайды басқалармен салыстыруға келмейді. Себебі, Естай- теңдесі жоқ асқан талант иесі, ұлт өнерін ұсынса қол жетпейтін биік сатыға көтеріп кеткен саңлақ, ғұлама адам.        Жарық дүниеден армансыз өтетін адам бар ма екен, сірә? Мейлі, жүзге келсін қызыққа да, жасқа тоя ма екен ол? Арман-тіршіліктің ләззаты. Күнді ертеңге сүйрейтін алтын шапақ, атар таң сәулеті. Армансыз адам жоқ. Арманның толық жүзеге асуының өзі-қауіп. Екі ғашық өмір бойы қол ұстасып, судай тасып өте ме? Бір молада өлген Қозы мен Баян ғана армансыз. Адам ғұмырының өзі ғарыш көгіне жалт еткен бір ғана сәт емес пе? Сол сәт Қозы мен Баянға шынайы таза күйінде, өте қысқа мерзімде бұйырған. Тағд...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Железин ауданы Ш.Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ

















Баяндама: Естай Беркімбаевтың өмірі мен шығармашылығы
















Дайындаған: Сыздықова Жанар Қиноятқызы

Уәлихан-2014 ж

1.Кіріспе


Қазақ жері баяғыдан-ақ ұлттық музыкалық-поэтикалық мәдениеттің небір көрнекті қайраткерлерін дүниеге келтірген. Бірақ Естайды басқалармен салыстыруға келмейді. Себебі, Естай- теңдесі жоқ асқан талант иесі, ұлт өнерін ұсынса қол жетпейтін биік сатыға көтеріп кеткен саңлақ, ғұлама адам.

Жарық дүниеден армансыз өтетін адам бар ма екен, сірә? Мейлі, жүзге келсін қызыққа да, жасқа тоя ма екен ол? Арман-тіршіліктің ләззаты. Күнді ертеңге сүйрейтін алтын шапақ, атар таң сәулеті. Армансыз адам жоқ. Арманның толық жүзеге асуының өзі-қауіп. Екі ғашық өмір бойы қол ұстасып, судай тасып өте ме? Бір молада өлген Қозы мен Баян ғана армансыз. Адам ғұмырының өзі ғарыш көгіне жалт еткен бір ғана сәт емес пе? Сол сәт Қозы мен Баянға шынайы таза күйінде, өте қысқа мерзімде бұйырған. Тағдыр тазалығы. Сондай тағдыр тазалығы ешқандай қоспасыз, шынайы махаббат- бұл жалғанда екі адамға, Естай мен Хорланға бұйырған. Міне сондықтан да Естайды еске алған кезде Хорланның атын атамауға болмайды. Себебі, ақынның барлық өмірі Хорланмен байланысты.





















1

2.1. Естай Беркімбаевтың өмірбаяны

Облысым Павлодар, Естай атым,

Жұртқа баян істері азаматтың.

Орта жүз, Сүйіндікпін бері келе,

Төлебай, Қанжығалы арғы затым,-деп, руын, туған жерін Естай өзінің өлеңінде анықтап айтып береді. Міне, сол Павлодар облысының Қуйбышев ауданы, «Ақкөл» деген жерде Естай 1874 жылы туған. Естайдың қыстауы осы Ақкөлде, жаз жайлауы Итмұрын, Бестөбе, Қойайырған деген көлді жер. Руы-Алмашы. Әкесі Беркімбай екі аяғы жоқ мүгедек болған. Дәулеті де айта қалғандай емес, егер тек әкесінің қолына қараса, Естайға оңай соқпайды екен. Естайдың бақытына бір ағасы күйлі болып, Естай жас басынан соның қолында болады. Мұндай мұқтаждық көрмей өсу-Естайдың болашағы үшін үлкен рөл ойнайды. Басқа өнері болмаса да, ағасы Естайдың талабын кес-кестемей, оның ерте оянған сезімінің баюына қолынан келгенше жәрдем береді. Қазақ әдетіндегі жастай мал бағуға бейімдеу де, ағасының ойында болмайды. Оқып, біліп сезбесе де Естайдың көп балалардың бірі емес екендігін байқайды.

Естайдың арғы аталарында айта қалғандай әнші-күйші, ақын болмағанымен, нағашы жағы өнерден құр қалмаған. Нағашысы Қозған руынан кезінде белгілі әнші болған Байтұлым деген кісі. Естайдың шешесі Күлипа жақсы әнші, көркем дауысты, өткір адам болған. Өзінің «арқасы» болғаннан ба, Күлипа да кішкентай Естайдың әуесқойлығын ерте байқады. Он бес жаста Естай өз айналасында әнші бала, кейін әнші жігіт атанды. Оның бағына ол кездегі Павлодар уезінің жерінде әншілер көп болатын. Әсіресе ол өңірде аты шулы Біржан сал, Ақан сері сияқты әншілерді білмейтін, әнді құрметтемейтін кісі сирек кездесетін. Міне, осы бір дәстүр Естайдың тез шығуына, өнер жағынан ерте ер жетуіне шешуші себептің бірі болды.

Жасы жиырмаға келмей жатып Естай жоғарыда айтылған әннің екі алыбын да көрді. Біржан салдың қасында бір жылдай еріп жүреді. 1889 жылы сондай-ақ Ақан серіге шәкірт болады. 1893 жылы екеуінен де тікелей ән үйренеді. Бұл жағдай Естай үшін үлкен бақыт болады.

Естайдың қабырғасы қатып, өзінің өскен жерінде бірқатар уақыт болып, әнші деген атаққа іліккесін сапарға шығу талабында болады. Бірінші маңдай түзеп, беттегені Маралды жағы болды. Өзінің өлеңінде келтіретіндей, Естай ол елді біраз аралайды. Біржанның, Ақанның әндерін айта жүрсе, өзінің де шығармашылық қадамы сол елде басталады. Маралдыда Естай ғашығы Хорланға кезігіп, ол аруға «Хорлан» әнін шығарады. Естай сүйген

2

Хорланына қосыла алмай, өмір бойы өзі айтқандай «зар илейді». Естай алпыстың жетеуіне келгеннің өзінде «Хорланды» айтарда қолына домбырасын алып, біраз уақыт үнсіз тұнжырап, терең ойға шомылып, бір күрсініп қойып, көзіне іркілген жасты жібек орамалымен бір сипап қойып, әнді бастап кетеді екен.

Естай 1939 жылдың сәуір айында Алматыға келіп, көптеген әндерін нотаға берген. Содан кейін Қазақстан жазушыларының екінші съезіне қатысқан. Содан ол Семейге барып, онда біраз күн болып, Керекуге қайтады. Сол Семейде болған күндерінде Естай Қайым Мұхамеджановтың үйінде болып, Хорлан қыздың және басқа әңгімелерін айтып, жаздырып, кетеді. 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толған мерекеге Естай арнап шақырылады. Онда Нартай, Нұрлыбек, Төлеу, Сапарғали ақындар болады.

Келесі, 1946 жылы Естай қатты ауырады. Күннен күнге меңдеп, науқастың барысы қауіп туғызады. Сезімтал ақын әнші күндердің санаулы қалғанын біледі. Адамшылық, азаматтық қимылды өлеңнен, әннен бастаған еңбекші халықтың қамын жеуде әнімен алдында тұрған қиыншылықтармен күрескен Естай соңғы рет соңғы демін де, соңғы лебізін де поэзияға, музыкаға арнайды.

Ямырмау, қартайдым ба өтіп дәуір,

Менде жоқ, бір туысқан, жақын бауыр.

Жұрдай боп замандастан жалғыз қаппын,

Осыны ойлағанда болады-ау ауыр.

деп, бірнеше бүктелген сарғайған қағазға жазған өлеңін әндетіп айтуға дауысы болмай, жәй тақпақтап оқып, отырғандардың біріне ұсынады да, ел-жұртын артына қалдырып, есіл әнші, ақын, композитор, азамат Естай-көзін жұмады.

Естай «балам жоқ» дегенмен мәдениеттің мұрагері, советтік ұрпақ, сансыз көп Естайдың балалары оның әнін жаттап айтып жүр. Естайдың атын халық ардақтап атауда, оның өлеңдерін шырқауда.

А) Саңлақ ақын

Естай-ақын. Ол өз мәтіндерінде зергерлік биіктен көрінген. Оның өлеңдеріндегі сөз кестелері, бейнелі сөз оралымдары, бедер-өрнектер оның ақындық тәңірісін де қапысыз танытады. Естай ең асыл өлең жолдарын Хорланына арнаған. Төгілген жыр, сұлу өлеңі болмаса, жұрт жүрегін арбап, жанына ляззат нұрын, сәулесін себер ән де тумақ емес. Естай өзінің сүйгеніне алдымен сөзден өрнек өрген. Ақын Хорландай арудың, сүйкімді де сұлу, оның сымбатты келбетін жыр кестесіне келістіре суреттейді.

3

Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек,

Шынардай он саусағы құлжа сүйек,

немесе:

Бұрынғы гүлжазира қыздарындай,

Дүниге келер емес сендей бағлан.

«Бір мысқал» әніндегі өлең өрнектері де таң қалдырады, таңдай қақтырады. Ақын-әнші Махбұп жарын «лағыл маңдай», «бірлиян», «тілі яхуд», «тісі маржан» деп дүниедегі асылдарға балайды. Нелер көркем теңеулер, салыстыру, ұластырулар арқылы ақын ғашығының кескін-келбетін де, жан дүниесін де әсем өрнектеген. Көз алдыңа «қаралығы қарақаттай» көздері, «ақ қағазға жазған хаттай» сөздері бар, «Құралайдың көзіндей ойнақтатып, арман не соны құшқан адамзатта-ай» деп Хорланның келбетін де, өз арманын да білдіреді.

Ә)Әні кетпес құлақтан

Естай жас күнінде ауылдағы молдадан арабша оқып, сауатын ашады. Сол бала күнінде біреуден төрт ауыз өлең үйреніп, шілдехана сияқты орындарда айтып жүреді. Жанындағы бірге оқыған балалар молдаға барып шағыстырады: «мынау Естай өлең айтады, және домбырасын солақай тартады», дейді.

Молда Естайдың өлең айтатынын өзі де сезіп, балаларға былай депті: «Естай өлең айтсын, мұның өлеңі төрт ауыз емес, жүз ауыз яқи онан да көп. Мұның ризығы өлеңнен болар.», десе керек.

Молланың өзі де өлең шығарады екен. Естайға өлең жазып беріп, ішінен керегіңе жарағанын аларсың депті. Осыдан кейін Естай өлең айтып, домбыра тартуға әуестене бастайды.

Естаймен ауылдас, кейінгі өмірінде бірге болған Құсайынұлы Дәуітжан Естайдың бала күнде ең алғашқы шығарған «Шолпан қаққан» әні туралы былай дейді:

-Жаз уақытында ораза ұстаған шалдар қой күзетіп жүрген Естайға:

-Бізді шолпан туған кезде оят, сәресін ішейік,-дейді. Он бестен он алтыға қараған кезде: « Бір жұлдыз бар аспанда шолпан қаққан,

Шар айнаның бетіне күміс қаққан.

Сәулем сені сағындым.

Бөгелді деп аталар сөге көрме, еркем-ай,

Артық жүйрік аяғын тұмар таққан...

Сәулем-ай, ай-ой, сәулем-ай.»

«Шолпан қаққан» өлеңін шығарып, ораза ұстаған адамдардың үйінің жанына

4

келіп, ән шырқап оятқан екен. Сонан бұл ән «Шолпан қаққан»аталып кетеді.

Естай осыдан кейін ер жете бастаған кезінде халық әндерін үйреніп, өзі де ән шығаруға әуестенеді.

Естайдың атағы Павлолдар уезінде және Ақмола жақтарына жайлады, сол кездерде Павлодар қаласында тұратын атақты Ақмет, Рахмет деген кісілер үлкен той жасап, бірсыпыра елді шақырады, сол маңдағы Бәсентиін руының атақты кісісі Иса кісі жіберіп, Естайды алдырады. Өйткені ол маңда Естай сияқты әнші болмаған. Сол тойда ән салған Естай бұрынғыдан да гөрі атағы көп жерге жайылады.

Осыдан кейін көп уақыт өтпей Бәсектиіннің мықтысы Иса Ертістің ар жағындағы Маралды еліне құдалыққа баратын болып, Ақкөлдің болысы Әбілқасым Шыманұлына хат жазып, Естайды шақыртып алады. Естай Исаның ауылында бір ай жатады. Иса өзінің баласымен Естайды бірдей қылып киіндіреді. Ақырында Исамен бірге Маралды еліне барады. Барған құдалар сол жерде бірсыпыра уақыт болады. Естайдың әнін есту үшін елдің қыз-келіншегіне дейін келіп, ән тыңдайды.Сол келген қыздардың ішінде Сұлтан болыстың ағасы Сұңқар деген мырзаның Хұсни, Хорлан деген екі қызы да келеді. Хорланның толық аты-Хорлығайын. Аға-жеңгелері еркелетіп Қорыш атандырып жіберген. «Сенің Қорыш атың келісімсіз ғой. Қорлау болып есептеледі. Онан да «Хорлан» болсын деген.» Естайдың бойы үйренгеннен кейін Хорланмен танысады, екеуі де бірін-бірі сүйетінін білдіреді. Бірақта, қырық жетінің малын алып, беріп қойған қыздың малын төлеп алуға кедей Естайдың шамасы келмейді. Сол кездегі ел салты екі жастың қосылуына ерік бермеген. Естай жан-тәнімен сүйген ғашығын ала алмағандықтан іштегі зарын төгу үшін «Хорлан» әнін шырқады. Естайдың өз өміріндегі ауыр кезең Арқаның кербез ерке сұлуы Хорланнан айырылу болған. Осы қайғының зардабынан біраз жылдарға дейін әйел алмаған.

Хорлан әні туғаннан кейін Естайдың атағы бұрынғыдан да гөрі әр елге естіледі. Естай Орталық Қазақстанның көп жерін аралайды, бұл туралы Естайдың «Атам Тентек, ұраным Қанжығалы» деп басталатын өлеңінде былай депті:

Көкшетау, Баянауыл көрдім бәрін,

Ұлы Ертіс, Омбы, Семей араладым.

Қарқаралы, Қараөткел, Бәсентиін,

Солардың тегіс көрдім балаларын,-

деп көрген жерін тізбелей айтады.

Абай айтқандай: «Көңілдегі қайғы көзден жас болып ағады, немесе тілден сөз болып ағады» дегендей, Хорлан өлеңінде көптеген зарлар кездеседі.

5

Хорланды іздеп бүкіл дүниені оймен кезеді. «Бағдат, Мысыр, Шын-Машын, іздесем Хорлан табылмас» дейді.

Бағдат, Мысыр араб жұртының мыңдаған жылдан бері келе жатқан белгілі шаһарлары, Шын-Машын кім? Европа халқы анау қадім заманда Қытайды «Шын» деп атаған. Машын үнді қытай мен тибет халқы. Үндіні де «Машын» деп атайды деген сөз бар.

Естай Хорланды тірідей жоқтап, зарын төксе де, оған көңілі басылмай, оның мінезін, күлкісін, сипатын келісті сөзбен суреттей келіп, «Бір мысқал» әнін шығарып, Хорланды екі әнмен әйгілі етеді.

Хорланның зарынан кейін Естай үйде отыра алмай, ел кезіп кетеді. Ертісті өрлеп, Қара Ертіс бойындағы Арғанаты тауына дейін барып қайтады. Сол жерде «Жайқоңыр» әнін шығарады.

Естайдың әндерінің көбі өзінің өміріне бай ланысты туған анық.

Естайдың «Қосбасар» деген әні де сүйгені Зағишаға байланысты туған. Бұл «Қосбасар» әнінің тууына мынандай жағдай себеп болған.

Естайдың әкесімен бір туысқан Төлеубай деген ел адамы болған кісі. Сол кісінің жалғыз баласы өліп, келіні жесір қалады. Бірер жыл отырғаннан кейін бұл оны Естайдың алғысы келмейді. Бірақ, бұған Төлеубай қарсы болады. Ағайын арасында сөз ұлғаяды, ел екі жарылады. Төлеубайды қолдаған болыс-билер болады. Осы даудан кейін Төлейбай келінін төркініне апарып тастайды.

Келініне:

-Сен Естайға тиме, тоқсан үй Алмашыдан біреуді таңда, - дейді. Естайға бергісі келмейді. Төлеубай келінінің төркініне тапсырып, Естайды ол жаққа жолатпай қояды. Зағиша Естайға уағда береді де, басқа ешкімге бармайды. Естай сүйгеніне арнап осы «Қосбасар» әнін шығарады.

Әр түрлі сөз сөйлейді менің қалқам,

Бір кезде бесті асаудай болдың тарпаң.

Мінезің мінезіме қосылғанда,

Мойнында үзілмейтін мен бір арқан.

Естай мен Зағишаның серті қатты болғандықтан қара күшке еш нәрсе қыла алмай жүргенінің қайғысын осы өлеңмен басады. Хорланнан кейінгі Естайдың сүйген сұлуы Зағиша болған.

Бірсыпыра тартыстан кейін Зағишаны алады. 1946 жылы Естай өлген күнінің ертеңінде Зағиша да қайтыс болады.

Міне, осындай ұлы адамның әндері қазақ ән-би ансамбльдерінің репертуарынан да берік орын алған.

6

Композитордың «Хорлан», «Бір мысқал», «Жай қоңыр» әндері ақын шығармашылығынан шеберлік жолындағы биігі ғана емес, қазақ музыка мәдениеті дамуындағы дәуірлік шығармалар.

Б)Ғашық ақын ғажабы

Естай Беркінбаев- әнші, композитор әрі ақын ретінде қазақ жеріне кеңінен таралған елге мәшһүр есім.

«Бозбала қалма қапы бұл жалғаннан,

Жігіттің арманы жоқ Хорланды алған.

Өзіңдей боп жан тумас,

Туса туар, артылмас.

Бар ғаламды шарықта,

Уа, дариға, ләулік тас.

Бағдат, Мысыр, Шын-Машын,

Іздесем Қорлан табылмас»-деп, өлеңнен үзінді келтіре отыра,

әншінің өмірі мен шығармашылығына ерекше назар аударған ғалымдар да, ақын-жазушылар да, журналистер де әншінің шығармашылық шырқау деңгейі болған «Хорлан» әнінің туу тарихына бір соқпай кетпейді.

Аңызбен аттас дастандар рухынан нәр алып өскен қазақтың естіген- білгенін де әсірелей жеткізуге құштар келетін әдеті де, Естай әншіге байланысты естеліктерде айқын байқалады. Махаббаттың мұратында ән тудырған ғашықтық тарихын ақынның өз аузынан естідім деген екі адамның Маралды сапарының тарихын екі түрлі баяндауы да содан болса керек.

Әнші туралы жаза отырып авторлардың лирикалық сезім ырғағына құлай беріліп кететіні соншалық, кейде көпшілікке мәлім ақиқат жайттардың өзің құрыққа сырық жалғап, өңін айналдырып жібереді. Мысалы, олардың біреуі Хорлан Естайға күміс сақина беріп еді десе, екіншісі оны жүзік, үшіншісі алтын сақина, төртіншісі ол әдемі көк жауһары бар алтын жүзік еді деп жазады. Осы сыйлықтың соңғы тағдыры да аңыздай бұлаңдап, шырғалаңы мол соңардай болып, ұстатпай кетеді. Бір жазушы әнші жүзігін иесінің өсиеті бойынша өзімен бірге көміп еді деп жазды. Ол туралы Мұхтар Шахановтың поэмасы да бар. Осылардың сипаттауына имандай ұйып отырған, тәтті қиялының сау тамтығын қалдырмай, бекерге шығаратын уәжді тағы естисің. Атап айтқанда 1970 жылы Қабжан Ыбыраев Краснокутск аудандық газетінде «Естайдың сақинасын маған беріп еді»-деп жазды. Ал, 1993 жылы бұрынғы Чкалов совхозында өткізіліп жатқан Естай мерейтойы кезінде мың сан топтың алдыңда Әпошев Қараша деген азамат: «Естайдың

7

жүзігі менде, біздің үйде»-деп жар салды. Мұның бәрінен әншіге деген үздік

ілтипатты сезінесің. Әркімде әншіден ырым алып қалдырғандардың қатарында болғысы келеді.

Естай домбыра қаққан оң қолынан аты жоқ саусағындағы алтын жүзік «Мен Хорланның көзімін» деп тұрғандай жарқ-жұрқ етіп, әннің ырғағымен қозғалғандай болады екен. Әншінің өзі де «Хорланның соңында өмірдің «талисманындай»жүзігіне қарап: «Я, шырақтарым, мынау сол бір күндердің куәсі Хорланның көзі»» деп ұзақ уақыт жаңа көргендей тесіліп қарап біраз отырып қалады екен.

Әнші туралы жазылған мақалалардың бастау алар негізгісі- Ахмет Жұбанов пен Сапарғали Бегалиндер айтатын деректер. Сондықтан да мақалалар болсын, көркем шығармалар болсын әншінің Хорланға қалай кездескенін баяндау, сипаттау төңірегінде құрылады да, ішінара қайталауға душар болады. Бірақ пайымдау, суреттеу тәсілдері әр басқа, әрине олар сонысымен назар аудартады.

В) Қазақ сахарасының біртуары

Қазақ сахарасын дүл-дүл әнімен тамсандырған Естай Беркінбаев өзінің өлеңдеріндегі сөз қолданысы мен көркемдік шеберлігіне назар аудартпай қоймайды. Ақын аты тарих бетінде Хорлан атымен мәңгі бірге аталып, көбінесе өлеңдері махаббат тақырыбына арналады. Кей өлеңдеріндегі сөз саптауы Біржан, Ақан сынды әнші-сазгерлердің үлгісімен келеді.

Естай әндерінің ішінде музыкалық жағынан аса бір ерекшесі «Ашу-пышақ» болып аталатын шығармасы. Әннің тек сөдеріне қарап, мазмұнын айту қиын. Оның себебі- қолға түскен нота жазуында бір-екі шумағы бар. Ал, оларға сүйеніп, басы-көзіне қарамай, батыл түрде пікір айту ұшқарлық ететін сияқты. Олай деп отырғанымыз- «Ашу-пышақ» жәй өткінші сезімнен туған емес, бірқатар философиялық негізі бар шығарма. Басында әлгі жігерлі дыбыстармен басталып, белгілі бір жан жайында бекіп, кейін жадыраған күндей жайдарыланып, мелодия мың бұралып, жоғары-төмен толқып, кестеленіп, өрнектеліп барып бітеді. Әннің құрылысында, әсіресе, басталуы мен аяқталуында, даму кезеңдерінде Біржан үлгісі анық көрінеді. Міне, сол сияқты кең ойлы, үлкен өрелі шығарманың сөзі:

Аспанда ай нұрланып толған сайын,

Жігіттік қызықтырар болған сайын.

Болғанда ашу-пышақ,

Ақыл-таяқ,


8

Кемиді сол таяғың жонған сайын,-

деп басталады. Әрине, бұл сөздерде де мән жоқ емес. Бірақ ән тек ашуды пышаққа, ақылды таяққа теңеп қоюмен «әңгімесі» аяқталмағандай. Естай бұл әнді де жасы келе айтып берсе де, орындаушының дарынан, көркемдік талғауын керек ететіні көрініп-ақ тұр. Бұл әннің Біржан үлгісінде болуы да кездейсоқ көрініс емес. Естай жоғарыда баяндалғандай, ағасының арқасында емін-еркін ел аралауға мүмкіншілігі болғанын пайдаланып, жастығына қарамай әннің дүлдүлі Біржанды тауып алады. Оның қасында еріп жүреді. Біржанның қасында болу оған «дала академиясындай» болады. Ол Біржаннан «Ләйлімді» үйреніп, ел арасында айтып жүреді.Тек ән емес, Біржаннан өнердің туын жоғары көтерудің сабағын алады. «ашу-пышақ» әнінде азаматтық лирикамен қатар драмалық күштің де элементтері бар. Сөз де бір адамның айналасында ғана емес, кең құшақта алынған. Бұл кезде композитор өз айналасынан ұзап шығып, ел кезіп, жақсы-жаманды сезген, тәжірибесі жамалған суреткер болды. Сондықтан да өлеңнің екінші шумағында:



9

«Алатау, Қаратауды көзім көрді,

Өнерім де өзімді үйден қуды.

Бір жерде сабыр қылып тұра алмастай,

Десеңдерші «Басына не күн туды?»-

деп келуі, өзіне-өзі сұрақ беруі композитордың сана-сезімінде жаңа жайлардың пайда болуынан хабар береді.

Естай негізінде лирик композитор. Оның көптеген әндерінде бұл айтылған жәйлар анық көрінеді. Естай Хорланға арнап бірнеше ән арнайды. Хорлан мен Естайдың арасындағы махаббат, қосыла алмай тек жеке бастың трагедиясы емес, заман желі екендігін композитор кейін түсіне бастайды. Өзін аттан көтеріп алатын сүйген халқы өз алдына екенін көреді. Өлеңі, әні арқылы бойындағы арманын айта жүреді. Сол армандардың бірі-Гүлнәр қыз болады. Онымен де көңіл қосып, бірақ әннен басқа ешнәрсе жоқ Естай ала алмаймы. Естай қызға арнап ән шығарады.

Шіркін-ай жақындығы жандай еді,

Құрбының өзі теңді маңдайы еді.

Кетпейді тәттілігі таңдайымнан,

Гүлнәрімнің ләззаты қандай еді!

Шіркіннің мінезі ауыр қорғасындай,

Күлкісі Шымкент, Сайрам жорғасындай.

9

Білмедім айырылған ғашық жардың,

Етпеспін жанды пида о басында-ай,-

деп бар ықыласын, жанын сала суреттейді. Әннің музыкасында Ақан серінің ықпалы бар сияқты. Әрине, шығармашылық ықпал тактылап, не сөйлемдеп, цитаттап алу емес, кейбір интонациялық, құрылыстық кейіптік еліктеу. Әнде жылылықпен қатар суреткерге тән жігер де бар. Естайдың басқа әндерінен айырмасы мұнда кіріспе не шалқыған қайырма жоқ. Тек қысқа ғана әннің кеудесімен жалғасып, ұштасып жатқан өлеңнің екі жолы аумағында қайырмасы бар. Қалай дегенмен де «Хорландағы» шалқу мұнда жоқ.

Естай «Шоқ қара ағаш», «Қара көз» деген әндер шығарады. Бұлардың музыкалық жақтары жоғарыда баяндалған әнге қарағанда басқалау: көлемдері тар, даму кезеңдері аса күшті емес, бір сыдырғы әндер. Кейбіреулері басқа әндерге ұқсайды. Мысалы: «Еркем», «Еділбай» өзінше басталады. Бірақ одан көп дамымай, сол шеңберінен аулақ кетпей бітеді.

Ұлы Октябрь революциясы Естайдың шығармашылығына жаңа жол ашады. «Жасаңғырап келемін күн-күн сайын, үкімет тәрбиесін көрген сайын» деп жырлайды ол өзінің «Өмір» деп атаған өлеңінде. Ол Қазақстанның шұғылалы астанасы Алматыға жасы алпыстың бесеуінде келгенде келеді.

Жастықпен аралаймын талай жерді,

Табиғат композитор өнер берді.

Алпыс бесте сайрайын енді біраз,

Мінекей, шаттық-шарық күнім туды,-

деп жырлайды. Ал, композитор өзінің шығарған әнінде:

Бесеуіне алпыстың келді жасым,

Күн өткізген қорлықпен менің басым.

Баға берер өнерге жан таба алмай,

Мен бір жан босқа өткізген есіл жасын.

Үкімет баға берді бұл өнерге,

Шығатын заман туды өнерлі өрге.

Енді сайра бұлбұлдай кәрі тарлан,

Құлашты қарыштайтын келдің жерге.

Ахау, шіркін,

Сайра тілім!

Туды күнім!-

деп жырлайды. Бұл өлеңнің әні де өзіне сай. Әнде басынан аяғына шейін шаттықтың, шабыттың үні бар. Қайырмасында композитор дауыстың толқуы арқылы сөздеріне үлкен жігер-күш берген.

10

Өмір бойы шығармашылығын адам бақытына, халқының рухани азығы болуына арнап дарынды композитор, асқан әнші, ақын:

Мен еңбекші баласы, кедей ұлы,

Тәрбием-өсіп, өнген қазақ елі.

Жасасын! Алға бассын!-деп ұранда,

Ұлы Ленин көрсеткен даңғыл жолы,-

дейді. Тек ағасының арқасында шығармашылық қанатын кең жаюға мүмкіншілік алған Естай халқының өнерді сүйюі, мадақтауы арқасында жарыққа шығады. Оның үстіне Біржан салдың, Ақан серінің қастарында бірнеше жылдан болып, ән үйреніп қана қоймай, шығармашылық жолға шығу алдында әсем үлгі, тәжірибе алуы ол заман үшін музыканың мектебінде болумен барабар болатын. Өйткені, әннің, күйдің шығармашылық , орындаушылық дәстүрінің белгілі өңірде етек алуының үлкен маңызы бар.

Естай соңғы рет соңғы демін де, соңғы лебізін де поэзияға , музыкаға арнайды.

Ақының, әншің болдым, еркеледім,

Кеше гөр, қош аман бол,

Ардақты елім...!

Естайдың болды енді сөзі тәмам,

Ақтық сөз, айтқан қошым осы менің-

деген жолдарды айтып, есіл әнші, ақын, композитор, азамат Естай-көзін жұмады.

«Өлі деуге сия ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артынан сөз қалдырған»-деп ұлы Абай айтқандай, артынан өшпес мұра қалдырған Естайды өлі деуге болмайды, себебі Естай әр қазақтың жүрегінің түкпірінде терең сақтаулы.





11

Қорытынды

Естай- халық жүрегіне керемет жол тапқан қазақ музыка өнері інжу-маржандарының бірі. Оның әндері тек жалпақ қазақ даласында ғана емес, онан әрі қиырларға сапар шеккен.

Естайдың әншілік-шығармашылық өнерін айтулы музыка білгірі академик ахмет Жұбанов аса жоғары бағалаған. Оның творчествосын Б.Ерзакович, З.Қоспақов сияқты белгілі музыка мамандары да зерттеген.

Әнші-композитор, ақын аға есімі елімізге танымал ақын, композиторлар назарынан да тыс қалмаған. Ғажап сазгер Мұқан Төлебаев өзінің классикалық «Біржан-Сара» операсында Естайдың «Хорлан» әнін басты кейіпкерлердің бірінің мінезін ашу үшін шебер кәдеге асырды. Ол-операдағы таңдаулы да сәтті ариялардың бірі. Мұның өзінен Естай әнінің тәңірісін танысақ керек.

Естай мен Хорлан тағдыры белгілі ақынымыз, республиканың мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың «Естай-Хорлан» поэмасында тамаша өрнектелген. Поэмада екі ынтызар жанның мөлдір махаббаты, өкінішті, қайғылы, қасіретті тағдыры шынай көркемделіп, ақын Естай бейнесі тұлғана көрінген.

Естай жайлы белгілі драматург жазушы Бек Тоғысбаев «Бір қыз бар Маралдыда» атты пьеса жазды.

Қазақ халқы барда, тәуелсіз елі барда, бүгінгі, ертеңгі ұрпағы барда Естай есімі, оның әндері мәңгілік ұмытылмақ емес. Оның әндері мен өлеңдері тыңдаушысын әсемдік әлеміне бөлеп, өзінің шәрбатымен жанға-шипа, дертке-дауа болып, мейірлене бермек.







12


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Айтжан Бәделхан «Естай» Павлодар 2002 жыл

  2. «Қызыл ту» газеті «Естай Беркімбаев» 26 март 1946 жыл №34

  3. М.Ибраев «Әні кетпес құлақтан» Семей облысы «Семей таңы» газеті 1958 жыл 19 қыркүйек

  4. Ахмет Жұбанов «Замана бұлбұлдары» /242-256 беттер/

  5. Б.Ерзакович «Ақын Естай» 1992 жыл «Жұлдыз» журналы

  6. С.Бегалин «Естай есімнен кетпес» «Сахара сандуғаштары» естеліктерінен алып берілді. «Қазақстан» баспасы, Алматы, 1976 жыл /71-82 беттер/




















13



© 2010-2022