Бөліндінің мәнінде көп таңбалы сандар үш таңбалы санға жазбаша бөлу

Раздел Математика
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.01.16 Сыныбы: 4 «А» Пән атауы:математика

Сабақтың тақырыбы:Бөліндінің мәнінде көп таңбалы сандар үш таңбалы санға жазбаша бөлу .
Сабақтың мақсаты: 1. Үш таңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілін үйрету, теңдеуді шешу, логикалық есептер,есептер шығарту . есептер шығарту арқылы білімдерін тиянақтау, бекіту.
2. Ауызша, жазбаша есептеу қабілетін, логикалық ойлауын дамыту.
3. Пәнге қызығушылығын арттыру, ата - баба мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болады. Сондықтан өздеріміздің білімдерімізді ортаға салайық. Тойға бару үшін жолда бірнеше ауылдарға соғып амандасып кетуіміз керек. Сол ауылдардан өтіп қана отырып, алға қарай жүре аламыз. Барлығымызға сәт - сапар тілей отырып, жолға шығайық!
- Ең бірінші «Амал таңбалары» деген ауылға келдік. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Амал таңбаларын атау. Қандай амал таңбаларын білеміз? Осы амал таңбаларына байланысты бірнеше есептерді ауызша орындап көрейік. №1 есепті орындау
570+25*0 =570 370:1*1 =370 368400:100=3684

1*280*1=280 175+27*0 =175 25*100=2500

Жаңа сабақтың тақырыбын айту және түсіндіру.
Тақтамен жұмыс. Екінші ауыл «Сөз есептер» ауылы деп аталады. Есептер ауылы болғандықтан біздер есептер шығарамыз. Оқулықтағы есепті тақтада шығару, талдау.№ 1,2,3,4 (4 оқушы тақтада)

1)24:6=4 тіс (1пілде) 3) 120:30=4сөзжұм.

4*7=28 тіс (7пілде) 4) 1800:60=30 вагон 1800:90=20 вагон

2)12*2=24 кг

Сергіту сәті.
- Үшінші ауыл «теңдеулер » ауылы. Теңдеу дегеніміз неше? Теңдеуді алғаш қолданған Әл - Хорезми деген ортаазиялық ғалым - математик. Ол теңдеуді шешудің 2 жолын ұсынған: әл - мукабала және әл - джебір сөзінен келе «алгебра» сөзі пайда болған. Демек, теңдеу - алгебраның бастамасы екен. Енді, оқулықтағы №8 тапсырмадағы теңдеуге қарайық. Бұл қандай теңдеу? (күрделі теңдеу)
№8 (3 оқушы)
х*20=1060*30 400350:х =1250-1200 х:200 =43200:40 х*20= 31800 400350:х=50 х:200=1080 х=31800:20 х=400350:50 х=1080*200 х= 1590= х=8007 х=216000

1590*20=1060*30

- Төртінші ауыл «Есептер» деп аталады. №9(1-ші баған) есепті орындау.

5264:7*40=30080 (67000+35*300):100=775

4384:8*50 =27400 (48000+570*400):10=27600

25*8*4*3 =2400 360:40*60-240*2=60

35*16*5*2=5600480:40*3+350*500+200=175236

75*2:3*9=450 100-360:90+720:90=104

- Бесінші ауыл «Логикалық есептер» деп аталады. Бұл ауылда біздер сергіп алайық. Ол үшін бірнеше логикалық есептерді шығарып көрейік.
- Бір аяғымен тұрған әтештің салмағы үш кг. Егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы неше килограмм болады?
- Бір адамға күніне жиырма грамм тұз қажет. Бір килограмм тұз неше күнге жетеді?
- Екі апа, екі қыз, бір әже нан илеп отыр. Олар үш табақ нан иледі. Неше адам нан иледі?
Қорытындылау.
- Балалар, біздер той болып жатқан ауылға жақындап қалдық. Тойға бармастан бұрын, өткен жолымызды қорытындылап кетейік.

Рефлексия: Біз бүгін нені үйрендік?

Сендерге қай тапсырма ұнады?

Саяхат сендерге ұнады ма?

Бағалау. Үйге тапсырма.136-бет.№ 8, 9 (2-ші баған)

Күні: 09.01.16Сыныбы: 4 «А» Пән атауы:дүниетану

Тақырыбы: Жер-ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?

Мақсаты: Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту.Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, «Әлемді таны»кітабы.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару . Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым, Арайлап атқан күнге.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа тарау Жер-ғарыш денесі. Ғарыш деген не?

Бірінші сабақта біз Бүкіләлем, Ғарыш туралы сөз қозғаймыз.

Балаларға ғарышта біз жалғыз емес, басқа да ақылды тіршілік иелері қоныстанған планеталар бар, олар өздерінің ақылдарымен жер бетіндегілерден қалыспайтындығын, Жер адамдарынан да дамығандар бар екендігін айту. Бүкіләлемде біз жалғыз емес деген түсінік, танымға, ынтымақтастыққа деген қуаныш, тартымдылықты тудыруы қажет. Ғарыштың барлық тұрғындары - бір үлкен отбасының бауырлары мен әпкелері. Яғни, үлкен қашықтыққа қарамастан бір-бірін жақсы көрулері тиіс! Сіздің назарыңыз жұлдыздарға қарағанда, сол жақта тұратындар туралы ойланыңыз, өздеріңіздің сәлемдеріңізді жолдаңыз: «Алыс жұлдыздардағы және планеталардағы достар, Сіздерге жақсылық тілеймін». Олар міндетті түрде бұл сәлемді алады.

Кеш батқанда аспанға қарашы сен!

Жайлылық пен айбындылықты көрерсің сен!

Алыстағы тыныш жатқан жағалауда,

Оттай болып жұлдыздар да жана берер.

Сол жерде тұрар сенің достарың да

Жұлдызды, шуақты үйлерінде,

Сен олардың жадындасың, ол да сені күтуде,

Сен де күт, балам, шығарма тек есіңнен:

Адамдар да жалғыз емес бүл әлемде -

Үстімізден жанып тұр мың әлемде!

Аспанға қуанышпен қарарсың сен,

Егер сенің көңілің жабырқаса.

Ал енді, балалар тағы да естеріңде сақтап алыңдар: Сендер - Ғарыш Азаматтарысыңдар, үлкен және тату отбасының мүшесісіңдер. Мақтан тұтыңдар, одан да жақсы және мейірімді болуға тырысыңдар, сонда ғарыштағы достарың да сендерді мақтан етеді. Және біз мына үлкен және жұмбақ Бүкіләлемде жалғыз емес екендігімізге қуаныңдар.

Жұлдыздар туралы көпетеген мақал-мәтелдер бар.

-Қаншалықты түн қараңғы болса, жұлдыздар соғұрлым жарық.

-Аспанда бір ғана жұлдыз жанып тұрған жоқ.

-Жұлдыздар жанып тұрғаннан шаршамайды.

Алыс әлемдер туралы ойлаңдар!

Жұмбақтар:

Аспан дәлізі бұршақпен жамылған.

(Жұлдыздар)

Шаруа қара егістікте келе жатып, жұлдыздарды шашып тастады.

(Түңгі аспан мен жұлдыздар).

Сендер қандай жұлдыздар, ғаламшарлар, шоқжұлдыздар туралы білесіңдер?

Үлкен және Кіші Жетіқарақшы, Поляр Жұлдызы,Вега,Күн жүйесі жұлдыздары..., Зодиак Белгілері...

Жұлдыздар мен шоқжұлдыздар туралы көптеген аңыздар бар.

«Таулардың арасында үлкен ауыл тұрған. Кәдімгі ауыл, онда кәдімгі адамдар өмір сүрген. Олардың арасында өте мейірімді отбасы болды. Отбасында Айна есімді қыз болды, ол бәрінен де мейірімді еді.

Ауыл күнделікті тіршілікпен өмір сүріп жатты, алайда бір күні таң сәріде ауыл жолында қара арба пайда болды. Қара аттарды үсті-басы қара киінген адамдар басқарып отырды. Ол бір нәрсеге қуанып отырғаны байқалды, күлімдеп, кейде күліп те отыр.

Арбада қара тор тұрды, ал онда кіп-кішкентай аппақ қонжық отырды. Ол өзінің саусақтарын аузына салып еміп отыр, ал көздерінен жас төгіліп жатты.

Ауылдың барлық адамдары терезеге қарап, көшеге шығып, ашуланып: мына қара адам аппақ қонжықты қинап, шынжырға байлауға қалай ұялмайды. Адамдар тек қана ауызша айтып, ешнәрсе жасамады. Тек қана мейірімді отбасы ғана арбакешті тоқтатты. Сол кезде Айна ғана байқұс қонжықты босатуын өтінді. Бейтаныс адам күлімдеп, егер де кім де кім маған осы қонжықтың орнына өз көздерін берсе, оны босатамын деді. Барлықтары үндемеді. Тек қана Айна алдыға шығып, мен дайынмын дегенде, қара адам қарқылдап күліп, қара торды ашты. Аппақ үлпілдеген қонжық тордан шықты, ал мейірімді Айна өз жанарынан айырылды.

Адамдар қонжыққа қарап, Айнаға көңілдерін білдіріп жатқанда, қара адам белгісіз жаққа кетіп қалды.

Қонжық бұдан кейін жыламайтын болды, ал Айна болса, керісінше көп жылады. Сонда аппақ қонжық жіпті тісімен тістеніп Айнаны барлық жерге алып жүрді: ауылдарға, көгалдар мен тауларға. Бұл ұзаққа созылған жоқ, бір күні адамдар аспанға қарап, аппақ қонжықтың Айнаны тура аспанға алып бара жатқанын көрді. Сол күннен бастап аппақ қонжық Айнаны көкжиекке апарып жүр. Адамдар зұлымдық пен мейірімділік туралы ұмытпау үшін олар әрқашан да аспаннан көрініп тұрады».

АҢЫЗ (ШОҚЖҰЛДЫЗДАР ТУРАЛЫ АҢЫЗ-ЕРТЕГІЛЕР)

ТОҚТЫ

Кішігірім өзеннің жағалауында ауыл болған. Ауыл кәдімгі ауыл сияқты. Онда барлығы жақсы өмір сүрді. Алайда бір күні кенеттен құрғақшылық болды, күн сәулесі бәрін өртеп, өзенді құрғатып жіберді. Келесі жылғы жазда құрғақшылық қайтадан болды. Ашаршылық келді. Адамдар тірі қалу үшін үй жануарларын өлтіре бастады.

Ауылда Ир өмір сүрді, оның үлкен үлпілдеген қойы болды. Ир оны өте қатты жақсы көрді. Үлпілдеген қой иесімен бірге үйдің ішінде тұрды. Ол адамдардың қайғысына ақылды көзімен қарады. Ир ылғи да аппақ, үлпілдеген досы оны түсінеді деп ойлады, сондықтан ол қоймен әрқашан сөйлесіп, қуаныш-қайғыларымен бөлісетін. Осындай сөздерден кейін Ир жеңілденіп, жаны тынышталатын.

Алайда бір күні таңертең ауыл тұрғындары Ирға келіп, оның ақ қойын өлтірудің кезегі келгенін айтты. Ир келесі таң атқанша күте тұруларын сұрады. Ал түнде Ир қойды үйден алып шығып, алыс бөктерлердің арғы жағына алып кетеді. Ол үнсіз, бірақ ең жақын сенімді досын өлтірмесе екен деді. Ир ауылдан алыс жерге кішігірім үй салып, қойымен бірге біраз уақыт сонда өмір сүріп жатты.

Бірақ, бір күні түнде Ир бір айқай-шуды естиді. Ауыл тұрғындарды оның үйін тауып алыпты. Олар қойды беруін талап етеді. Ир болса келіспейді.

Осы кезде үйден жүні үлпілдеген қой шығады. Оның жүні таңғажайып жылтырап тұрды. Қой адамдарға жақындады. Халық артқа қарай шегінді. Сол кезде қой басын шайқап, өзінен жүнді сілкиді, бірақ сонда да оның үстіндегі жүні үлпілдеп тұрады.

Кенеттен қой ақырындап жоғары көтеріле бастайды, аспанға дейін жеткенше жоғары көтеріледі де, шоқжұлдызға айналып кетеді.

Адамдар естерін жиып, қайтадан қойдың жүні жатқан жерге төмен қарайды. Оның орнына жердегі жатқан көп алтын тиындарды көреді. Бұл ақша басқа құрғақшылық жоқ жерге барып, біраз уақыт түрлі тамақ сатып алып күн көруге жеткілікті болды.

Ал Ир болса аспанға ұзақ уақыт қарап тұрды. Онда оның досынан ұқсас жанып тұрған бейне көрінді. Кенеттен жоғарғы жақтан Ирдың қолына көк түсті бау байланған алтын қоңырау құлап түседі. Бұндай қоңырау үлпілдеген қойда болған еді. Сол уақыттан бері аспанда Торпақ шоқжұлдызы жанып тұр.

Осы аңыздардың сипаты қандай?

Неліктен шоқжұлдыздар осы атаулармен аталған?

Басқаларға жақсылық жасауға ұмтылу, адамдарға, жануарларға көмектесу, жамандықтың алдын алу аталған шоқжұлдыздарға тиесілі.

Кешке жақын аспанға қараңдар, ол мейірімділік пен махаббатқа толы. Әрбір жұлдыздың, әрбір шоқжұлдыздың атаулары бар және олар жақсылық пен махаббатқа, басқалар үшін ерлік жасағандарға арналған.

Кез келген жұлдызға немесе ғаламшарға баруға бола ма? Иә, болады, - зымыранмен, армандағанда, түсіңде...

Үйде осындай тәжірибені жасап көріңіз: ұйықтар алдында бір тілек айтуға тырысып көріңіз: «Алыс Жұлдызды Әлемдерде болғым келеді. Ондағы өмірді көріп, жұлдызды достарыммен кездескім келеді». Таңертең түсіңізге не кірді, соны жазып алыңыз. Егер де түсіңізде басқа ғаламшарда бола алмасаңыз, өзіңіз ертегі ойлап табыңыз: «Мен мына ғаламшарда...». Сіз онда не істедіңіз соны бейнелеп беріңіз, оларға қандай қолдау, көмек көрсеттіңіз?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешу:

Қараңғыда жымыңдайды жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді.(планета -грекше адасушы жұлдыз деген сөз)

Планеталар-өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі -Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..

Жерді қоршаған бүкіл дүние -ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.

Адам ерте кезден -ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол-Ю.А. Гагарин.

Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

ІV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы әңгімелесу.

-Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмасы бар?

-Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?

Галактика неден тұрады? Ғарыш деп нені айтады? Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?

Қазір ғарыш қалай зерттелуде?

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 92-94-беттерді оқу, мазмұны.

ІХ.Бағалау.



© 2010-2022