Интеллектуалдық сайыс Жас математиктер 4 сынып

Раздел Математика
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жас математиктер» интеллектуалды сайысы

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық

намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің

нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп

еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

«Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы, қазақ елінің ұлттық идеясы»

ҚР Презитенті Н. Ә Назарбаев жолдауынан


Мақсаты:
Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ойын тақырыбына байланысты плакат, математикаға байланысты нақыл сөздер, Н. Ә Назарбаевтың жолдауы
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу.
Әдісі: сайыс сабақ

Сайыс барысы:
1-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
2-жүргізуші:

Есепті түрлі - түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысармыз.
Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.
Олай болса, бұл не тұрыс,
Кешімізді біз бастайық.

1-жүргізуші: Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Осы сайыскерлеріміздің білімдерін бағалайтын Әділ бағаға қалтасы толы әділ қазылармен таныстырып өтейін.


2-жүргізуші:

Математика - бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын - дегендей бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдерін сынайды. Ендеше, олармен таныс болыңыздар!

Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын.

Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалыны бар «Тапқырлар» тобы


1-жүргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты

демекші «Жүйріктер» тобымен таныс болыңыздар.

2-жүргізуші: Сайыстың шартымен таныстып өтейін. Сайысымыз 7 турдан тұрады.

  1. Таныстыру

  2. Ойға жина

  3. Кім жылдам?

  4. Амал таңбаларды қою

  5. Ойлан, тап!

  6. Көкке самға

  7. Өлең құрастыру

1-тур. Таныстыру

(әр топ өздерін таныстырады)

1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,
Арайлап ата берсін әрбір таңын.
Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,
От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.

2 топ: Намысты біз қолдан бермейміз

Болашақта ғалым болып өсеміз

Қазір біздер көзді ашып-жұмғанша

Есептерді тез ойланып шешеміз

Қандай сынақ болсадағы беріспей,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске.

2-тур. Ойға жина

(командалар кезек-кезек ұяшық таңдап сұрақтарға жауап береді. Сұрақтың қиындығына қарай сәйкес ұпайларын алады. 10 - 1 ұпай, 20 - 2 ұпай, 30 - 3 ұпай )

10 Тіктөртбұрыштың ұзындығы 11 см, ені 8 см. Периметрі неге тең?(38(

10 Ең үлкен үш таңбалы санға 1-ді қосқанда неше болады? (1000)

10 а ·9=72 а - ның мәнін тап (8)

20 Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш

қалады? (5)

20 Заттың құнын табу үшін не істейміз? (Бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек )

20 Шаршының қабырғасы 8 см болса периметрі неге тең? (32)

30 Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. 1 ыдыста неше кг бал бар? (5)

30 Табақтағы жемісті

Былай ғана бөлісті.

Екі анасы, екі баласы,

Әжесі мен немересі

Айтшы қанша жан басы? (3)

30 Көбейтудің қандай қасиеттері бар? ( ауыстырымдылық үлестірімділік терімділік )

3-тур. Кім жылдам?

(Бұл кезеңде логикалық сұрақтар оқылады. Қай топ жылдам жауап берсе, ұпай сол топқа есептеледі. Әр дұрыс жауап бір ұпай)

1. Уақыттың ең кіші өлшем бірлігі
2. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, әлемнің екінші ұстазы атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл - Фараби)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)
4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)
5. Екі нүктенің арасын қосқанда не пайда болады? (кесінді)

6. Миллионда неше нөл бар? (алты)

7. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі, 1 жұмыртқа пісіру үшін неше минут керек? (4)

8. Ұзындықтың бірліктерін ата (мм, см, дм, м, км)

9. Геометриялық фигураларды ата (шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш)

10. Егер тырна бір аяғымен тұрса 2кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (2кг)

11. Көбейтудің компонентерін ата (көбейгіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)

12. Бөлудің компонентерін ата (бөлгіш, бөлінгіш, бөліндінің мәні)


Сергіту сәті.

Ал балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.


4-тур Амал таңбаларды қою

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.

(Бұл кезеңде 2 топқа жеке - жеке есептер беріледі, жұлдызшаның орнына қай таңба сәйкес келетінін анықтау керек. Әр дұрыс жауап бір ұпай)

«Тапқырлар» тобына «Жүйріктер» тобына

27*6=21 83*3=80

87*3=90 70*14=84

24*2=48 80*8=72

65*5=70 12*3=36

46*8=38 63*7=56

63*9=7 81*9=9

5-тур Ойлан, тап!

МАТЕМАТИКА сөзінен сөздер ойлап табу. Қай топ көп сөз ойлап тапса, сол топ женімпаз атанады.

6-тур Көкке самға
(Мақал-мәтел, жұмбақтар жасырылады. Әр топ кезек-кезек жауап береді. Жауап дұрыс болмаса қарсылас топ жауап беруге мүмкіндік алады. Әр дұрыс жауап бір ұпай)

1) .... жақсы қас болмас, ... жаман дос болмас. (екі)
2) ... рет айтқаннан ... рет көрген артық. (он) (бір).
3) ...-ау ала болса ауыздағы кетеді, ...-еу түгел болса төбедегі келеді. (алты) (төрт)
4) ... тал кессең, .... тал ек (бір) (он)
5) ... тістен шыққан сөз … рулы елге тарайды. (отыз)

5) Бір бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)


6) Түйе, бота маң басқан

Төртеуі аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой (15)

7) Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Саматқа

Сонда қалмақ неше алма? (24)

8) Қос құлақты, жүз тісті

Жүзінен бір-ақ із түсті (ара)

7 тур Өлең құрастыру

(Әр топ өлең құрастырады. Әділ қазыларымыз өлеңнің ұйқасына қарай өз бағаларын береді)

_________________ баламыз

_________________ жанамыз

_________________ шығарып

_________________ аламыз


1-жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

2-жүргізуші: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешіміз өз мәресіне жеткелі тұр. Әділ қазылар алқасы барлық ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз тобымызды анықтасын.

Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау









© 2010-2022