Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өткен материалдан алған білімдерін оқушы санасына бекіту.

Өткен тақырыптар бойынша әртүрлі есептерді шығара білу,

ойын элементтерін пайдаланып, оқушылардың білімін жүйелеу, жалпылау.

Дамытушылығы: Ұлттық ойындармен байланыстыру арқылы білім

дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды есеп шығаруда шыдамдылыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өтілген тақырыптарды қайталау кезінде есепті дұрыс шығаруға, нақты жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың типі: Өткен тақырыпты қайталау

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, есептер шығару.

Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ойындар («Қыз қуу», «Теңге алу», «Көкпар», «Бәйге жарыс» ) формулалар, кеспе қағаздар (жігіт, қыз, тұлпар, теңге бейнесінде), «Математика - ғылымдар патшасы» нақыл сөзі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр және өзіміз өткен тараудан алған білімімізді көрсете біліуіміз керек. Сондықтан сабаққа белсене қатысып, білімдеріңді көрсете біліңдер.

Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Биылғы жыл шығыс жыл санау күнтізбесі бойынша қандай жыл? Иә, жылқы жылы . Қазақ халқы жылқыны ежелден жақсы көріп, жандарына серік етіп, өте қадірлеген жануар. Халық «Мінсең көлік, жесең ас, ішсең сусын» деп, жылқыны құрмет тұтқан. Осы жылқы малымен көптеген ойын түрлерін өткізген. Бүгін сабақта осы ойындардың бірнешеуін бүгінгі сабақта қолданып, ойнап жарысамыз.

Берілген үй тапсырмасын дәптерлеріңнен тексереміз.

а) «Қыз қуу» ойыны.

Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Бұл - ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек. Бұл - жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігіт пен оның атын қамшының астына алады. Бұл - қыздың жеңгені. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда алғаш қыз қуу спорттық жарыс ретінде 1923 жылы өткізілді. Содан бері оқта-текте мерекелік бағдарламаларға енгізіліп келеді.

Бұл ойында қазір екі оқушы шығып, есеп шығарудан жарысамыз. Мынандай тапсырма : берілген ондық бөлшектерді жай бөлшекке, жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыру.

1) 31,5 1) 569,72

2) 96,32 2) 185,1

3) 384,75 3) 65

4) 4220,9 4) 1878

5) Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану 5) Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

6) Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану 6) Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

7) Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану 7) Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабағымыздың келесі кезеңі

ә) «Теңге алу» ойыны.

Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу - үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып, қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып, көкке лақ­тырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге шауып түсіретін болған.

Мына қораптағы теңгелерді бір бірден алып, ондағы тапсырмаларды орындау.

9,4+7,3=

3,54+1,44=

24,541+1,9=

6,87-2,16=

4-2,93=

19,7*11=

0,712*14=

21,35*10=

4,3*6=

4,963*100=

22,68*4,2=

4,03*1,01=

197,6*0,1=

3,168*2,7=

Дұрыс жауаптары:

17,2 216,7 952,56

4,98 9,968 4,0703

26,441 213,5 19,76

4,71 25,8 8,5536

1,07 496,3

Сергіту сәті.

Баспен, иықпен, аяқпен

Сөзжұмбақ шешу.

б) «Бәйге жарыс» деп аталады

Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Бұл жарыстың бірнеше түрі бар. Олар: аламан бәйге, тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге. Бәйге жарысы, негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

Бұл кезеңнін тапсырмасы Графикалық диктант.

  1. Ондық бөлшектің жазылуындағы бөлшек бөлігінің сандары ондық таңбалар деп аталады.

  2. Ондық бөлшектердің соңына нөлдер тіркеп жазса, бөлшке өзгереді.

  3. 0,70=0,07 теңдігі дұрыс па?

  4. Ондық бөлшек екі бөліктен тұрады.

  5. 3,2 бөлшегі координаталық сәуледе 2 мен 3 сандарының арасында орналасқан.

  6. Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруға болады.

  7. 13,12 · 0,01 = 0,1312 шығады.

  8. Ондық бөлшектерді салыстырудың 3 тәсілі бар.

  9. 0,100·10 = 10

  10. Ондық бөлшектерді көбейткеннен кейін үтірді көбейткіштердегі үтірдің астына қою керек.

Дұрыс жауабы:

Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Келесі кезеңде

в) «Көкпар» ойыны.

Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі қазақ көк бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып, өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған. Көкпар - әсіресе, қазақтардың, Орта Азия халықтарының сүйікті ойыны. Бұл ойын - жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Әдетте, көкпарда басы кесілген серке тартылады.

Бұл кезеңнің тапсырмасы

Амалдарды орындау.

41,24 :4 + 29,36 *2

0,46 * 2,5 + 12,6 : 2,1

95 * 0,21 - 14,3 : 11

18,21 * 2,6 + 0,18 : 0,9

Сабағымыздың келесі кезеңі

Аударыспақ ойыны

Открытый урок по математики на тему Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Аударыспақ қазақтың ұлттық ойындарының бірі.Ойын көгалдарда немесе айдалған жерлерде ойналады.Бұл жігіттердің қатысуымен өтетін ат үстіндегі өте қызықты ойын.

Ойын ережесі:

Екі салт атты жігіт ортаға шығады.Ойын жүргізушінің белгілеген уақытында әлгі екі салт атты адам бірін бірі аттын үстінен аударып түсіруі керек.

Бұл кезеңнің тапсырмасы Ондық бөлшектерді салыстыру

2,7 * 3,6 8,30 * 7,94 7,308 * 7,312

0,4 * 0,39 0,47 * 0,5 14,901 * 14,890

0,1 * 0,99 5,21 * 6,00 56,053 * 51,983

Үйге тапсырма: №1228 ондық бөлшектерге амалдар қолдану.

Үйге берілген шығармашылық жұмыстарын қорғау.

«Бөлшек» сөзіне сөзжұмбақ құрап келу.

Міне, енді қазір қазылар алқасы бүгінгі сабағымыздың жеңімпаздарын анықтайық.



© 2010-2022