Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Бекітемін

Мектеп директоры: Г.Дүйсембаева


Білгірлер бәйгесі

5 «а», 6 «а», 6 «ә»





Пән мұғалімі: А.Илесова




Тексерілді:

Директордың әдістемелік

жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Тоқанова





2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Білгірлер бәйгесі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың логикалық ой - өрісін дамыту, білім, білік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, топпен жұмыс істей білуге баулу, ой өрісін кеңейту.
Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру.

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Көрнекіліктер: Слайдтар, кестелер, таратпа қағаздар

Қолданылған нақыл сөздер:

Өмір екі нәрсемен ажарланады, олар - математикамен шұғылдану және оны оқыту (С.Д.Пуассон)

Пәнді игеру дегеніміз - қолдан келтіру және есепт шығарудан қорықпау (Д.Пойя)

Жоспары:

1.Топтар өздерін таныстыру (3-мин, 10 минут)

2.Логикалық есептер шығару (10-мин)

3.Танграм есебі (5-мин)

4.Полиглот (5-мин)

5.Мақал-мәтелдер сайысы (7-мин)

6.Практикалық тапсырма (8-мин)

Жүргізуші:

Уа, жараңдар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Бөлісейік! ортаға сап ойларды.
Жиылған мына балалар
Білім жолын қуғандар
Бәрің де
Білімді болып жан - жақты
Саналы болып салмақты
Шығамын деген биікке
Үлкен, үлкен арман бар.
Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене.
Білмегенді білгізген
Өлшеп киімді кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене

Бүгінгі «Білгірлер бәйгесі» атты интеллектуальдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Уақытыты көп созбайық,

Ойынымызды бастайық! Ортаға 5 «а», 6 «а», 6 «ә» сынып оқушыларынан құрылған топтарды шақырамыз.

1-тур. Танысайық! . Топтардың аты, ұраны, эмблемасы, қабырға газеттерінің бар болуы ескеріледі. Ең жоғары ұпай 10 ұпай деп бағаланады.

2-тур. Кім жылдам? - деп аталады. Оқушыларға 5 логикалық тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.

№1

Сағат циферблатының әрбір бөлігіндегі сандардың қосындысы 13-ке тең болатындай етіп қалай бөлуге болады?

№2

Алғашқы екі фигураның арасындағы байланыс соңғы екі фигурада болуы үшін сұрақ белгісінің орнына қандай фигураны орналастыру керек екенін тауып белгілеңіз?

Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып)

№3

Әрбір алманы 4-тен артыққа бөлмей 12 адамға 8 алманы қалай бөліп беруге болады?

№4

Сиқырлы шаршыны толтыр

16

2

8

14

№5

Азат, Самат және Талғат жарыста жүлделі орындарға ие болды. Азат 1-орын алмады, ал Талғат бірінші және екінші орын алған жоқ. Әр бала жарыста қандай орындарға ие болды?

Жауабы: №1. 12+1; 11+2; 10+3; 9+4; 5+8; 7+6

№2. Д

№3. Әр алманы 3-ке бөлсек 24 бөлік алма шығады. Енді әр адамға 2 бөлік алмадан береміз.

№4.

16

2

8

14

№5. Самат -1, Азат -2, Талғат - 3

Көрермендер есебі: Қарындашты қағаздан көтермей және бір сызықты екі рет бастыра жүргізбей, суреттегідей фигураларды сыз.

Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып)

3-тур. «Танграм» ерте заманғы қытай бас қатыру есебі.

Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып)

4-тур.

Бес жерде бесім жиырма бес
МИФ пенен басқа ғылым бір емес
Арғы жағын айтпаймын
Ойыңа салып өзің шеш.

Әр топқа өтілген материалдары негізінде 3 есеп құрастырылып беріледі. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Есептердің жауабын үш тілде айту керек. Егер дұрыс шығарып үш тілде айта алмаса бір есепке 1 ұпай ғана беріледі.

5-сынып

№1. Теңдеуді шеш: Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып) (төрт, четыре, four)

№2. Есепте : Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып) (үш, три,three)

№3. Тік төртбұрыштың ұзындығы 5 см, ені ұзындығынан 3 есе артық. Тік төртбұрыштың периметрін есепте? (қырық, сорок, forty)

6-сынып

№1. Теңдеуді шеш: Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып) (төрт, четыре, four)

№2. Амалдарды орында: Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып) (он, десять, ten)

№3. Есепте: Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып) (бір, один, one)

5-тур. Тапқыр болсаң, талас жоқ - деп аталады. Әр топ өз тобынан бір оқушыдан ғана шығара алады. Оқушылар кезегімен құрамында сандар қатысқан мақал-мәтелдерді айтады. Кім кідірсе, сол ойыннан шығады. Соңында қалған оқушы жеңімпаз аталады.

Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса халық сөзі
Әр қашанда нанымды
Бұл шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнер асқан дарынды.

6Математикадан Білгірлер бәйгесі тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жоспары (5-6 сынып)-тур. Оқушыларға картон қағаз, қайшы, клей, скотч беріледі. Қолдарына берілген заттардан куб жасау керек. Сұрақ: Сіз жасаған кубты сым темірмен жасайтын болсақ, қанша сым темір қажет болар еді?

Бүгінде МИФ барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымдардың үйреніңдер
Достар зерделікпен меңгеріңдер.

Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығарып, оқушыларды марапаттайық!




© 2010-2022