ҚМЖ тақырыбы Квадрат түбір (8 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді: ________директордың ОІ орынбасары

Сынып:

Күні:

Пәні:

Пән мұғалімі

8ә, 8б

21.09; 22.09.2015

алгебра

Еспентаева К.К.

Сабақтың тақырыбы

Квадрат түбір

Жалпы мақсаттар:

Квадрат түбір, арифметикалық квадрат түбір ұғымы туралы және белгіленуін білу; Есеп шығаруда 10-нан 99-ға дейінгі натурал сандардың кестесін қолданып квадрат түбір таба білу іскерлігін қалыптастыру.

Ресурстар:

Оқулық, натурал сандардың квадраттарының кестесі, көрнекі плакат

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топтық

Әдісі: АКТ, СТО, ТжД, ДО, ОқуүБ және Оүб

Оқыту нәтижесі:

Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, өз бетімен, екеуара және топтық жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір - біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жеке,жұппен жұмыс істей отырып өз ойымен бөліседі, есепті талдайды,жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, АКТ, интернет

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдас-тыру кезеңі:

Сәлемдеседі. Оқушылардың сабаққа қатысын тексереді.

Сәлемдеседі. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды

Топқа бөлу - әртүрлі суреттер таратады, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады

Оқушылар ұқсас фигуралар мен бірігіп 2топ құрайды, топ ережесін сақтайды,

Топтар : N, Z, Q сандар жиыны арқылы топтарға бөлінеді.

Қызығушы-лығын ояту:

АКТ, СТО: «Қайталау-оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, топ оқушыларына кезекпен жауап беруі сұралады.

Топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар N, Z, Q сандар жиындарын еске түсіреді, талдайды.

Білу

СТО

Алдын ала берілген тапсырма бойынша жаңа тақырыпты оқушылардың өздері игеруге көмектесу. Алдымен интерактивті тақтаның көмегімен оқушыларға есептер көрсетіледі.

Оқушылар мұғаліммен бірге сурет бойынша жұмыс жасайды.

Квадрат түбір туралы анықтамасын тұжырымдайды.

Бағалау : Бірін - бірі бағалайды

Түсіну

ДО

Квадрат түбір табуға қарапайым есептер ұсыну.

Оқушылар тақтаға назар аудару арқылы және мұғаліммен ақылдаса отырып,білімдерін толықтырады, дәптерлеріне түсіреді.

Қолдану,

талдау

Оқулықтан: №56, 58, 59, 64 (А) Дарынды оқушыларға деңгейлік тапсырмалар.

Тақырыпты түсінгендерін тексеру үшін:

Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы. (Оқулықпен жұмыс)

Оқулықтағы жалпыға бірдей міндетті тапсырмалар беріледі.

Шығармашылық тапсырма беріледі

Алған білімдерін қолдана отырып, оқушылар оқулықтағы міндетті тапсырмаларды жеке-жеке орындайды. Және бірінші орындап болған оқушы тақтаға жазып,қалғандары онымен бірлесе отырып тексереді

Есептер топтарға бөлініп берілгенімен,оқушылар жеке орындайды.Әр оқушы тапсырманы өзінің шамасы жеткенінше орындайды.Дарынды оқушылар үш тапсырманы да орындап,қалған оқушылардың жауаптарын тексереді. Және оны талдайды.

Жинақтау

Көшбасшылық

Топтық жұмыс тапсырмалары

Алған білімдерін алдындағы тақырыптар бойынша жинақталған білімдерімен салыстыра отырып, өзіндік жұмыс орындайды.Мұғалім бақылаушы болады.

Әр топ мүшелері жеке өзіндік жұмыс орындайды және келесі топтың жұмысын тексереді

Бағалау

Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау

Оқушылардың бағаларын талдау арқылы қорытынды бағаны шығару

Оқушылар сабақ соңында бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды.

Рефлексия

Стикерлер тарату арқылы оқышылардың көңіл күйін анықтау

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін,алдына қойған мақсаттарына жеткен-жетпегендігін анықтайды және бүгінгі сабақтан алған әсерлері,көңіл-күйлерін стикерлерге жазады

Үйге тапсырма

№ 57, 58, 61 (А); 67 (В); 79 (С)

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.





© 2010-2022