Математикадан жаңа тақырыпты түсіндіру

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математикадан жаңа тақырыпты түсіндіру.



«Қабырға негізгі орта мектебі»КММ.

Ошаева Маржан Шамалхановна математика пәнінің мұғалімі.



Жаңа ғасырдағы жоғары технологиялық өндіріс білім беру саласына жаңа талаптар қоймақ.Ендеше соған сәйкес әдістемелік, психологиялық, дидактикалық жаңалықтарды меңгеруге тура келеді. Сабақтың бұл кезеңі үлкен, алдын-ала даярлық жасауды қажет етеді. Мұғалім әр тақырыпты өтпес бұрын оқушылардан сол тақырыпқа даярлануды талап ете білуі керек. Баланы бірінші күннен бастап тәртіпке үйретіп алмаса, нәтижесі төмен болады. 5-сынып оқулығында «Ең үлкен ортақ бөлгіш»тақырыбының алдында сол сабаққа даярлық сұрақтары бар. Тақырып өтілерден бір күн бұрын балалар сол сұрақтарға өз беттерінше жауап жазуы керек. Мысалы:

  1. 12 саны қай сандарға бөлінеді?

  2. Ең кіші және ең үлкен бөлгіш қай сандар?

  3. 5 санының бөлгіштерін табыңдар.

Бала осы қиын емес сұрақтарға жауап тауып, аздап ізденіс жасаса жаңа материалды тез меңгереді. Бұл жерде оқушы 12-нің 7 бөлгіші барын, ең кіші бөлгіші бір де, ең үлкен бөлгіші өзі екенін, 5-тің 2 ғана бөлгіші барын түсінеді. Ең аз бөлгіш екеу екенін пайымдайды да, кейін сандардың бөлгіштері екіден көп болғанын болжайды. Сөйтіп, оқушы жаңа сабақты түсінуге психологиялық-дидактикалық жағынан даяр болы шығады да, оқушыда өзіне деген сенім қалыптасады. Енді мұғалім осы тақырыты түсіндіруде баланың үйден даярланған біліктерін сұрақ қою арқылы өрбіте отырып, нақты мысалдармен аз уақытта тиімді әдіспен түсіндірсе, оқушы есіне ұзақ уақыт сақталады.Түсіндіру кезінде мұғалім бір типті есептерді шығарып, мысалдар келтірсе, оқушының зейіні төмендейді. Сондықтан, жаңа сабақты меңгертуде;

  1. оқушыға бір типті есептерді шығартса, есеп шығаруда бір ғана операция-амал жүзеге асырылса, оқушының амалды таңдау мүмкіндігі болмаса, ол өз әрекетінің қатесіздігіне сенімді болса, жаңа сабақ ұзақ мерзімге есте сақталмайды.Бала кейін өтілген теореманы практикада пайдалана алмайды.

  2. Ендеше, жаңа сабақты түсіндіруде мұғалім есеп және оған кері есеп құру арқылы қалыпты емес әдістерді пайдаланып, өмірден алынған мысалдар арқылы түсіндірсе, нәтижесі ойдағыдай болады.

  3. Екінші заңдылықта, өте үлкен көлемдегі материалды меңгеруге оқушы құлықсыз болады. Олай болса, жаңа сабақты түсіндіру 15 минуттан аспауы керек. Мұғалім қызып кетіп 20-25 минут сабақ түсіндіріп, қызығушылығын арттырып меңгертемін десе ол қателеседі. Көп сөзділік баланы жалықтырып жібереді де, нәтижесі керісінше болады.

  4. Келесі заңдылықта, балаға қатал талап қою арқылы ережелерді жаттату, қалыпты алгоритм арқылы есеп шығаруға дағдыландыру балаға шабыт туғызбайды. Сабақты түсіндіру кезіндегі бірлескен еңбек қана баланы материалды тез, әрі берік меңгеруге баулиды. Оқу-тәрбие процесінің негізгі үш көзі бар: ғылым, шеберлік және өнер.



  1. Жаңа сабақты түсіндіруде мұғалім сол материалды өзі жете меңгеріп, түсіндіру үстінде әдістемелік шеберлік танытып, психологялық өнермен қаруланса, оқуша материалды саналы түрде меңгереді, ал бұл сабақ түсіндірудің ең негізгі заңдылығы.

Енді осы заңдылықтарға мысалдар келтірелік: Біз «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбын түсіндіруде қолданылған үш әдісті талдап, тиімдісін ажыратайық.

Бірінші әдіс. Мұғалім жаттығулар жасау барысында баладан қысқаша көбейту формулаларын жатқа айтып беруді талап етеді. Бірақ, бұл талапты оқушылардың бәрі ережелерді есте сақтамағандықтан орындай алмайды. Оқушының есте сақтауын қамтамасыз ету үшін мұғалім келесі сабақтарда 3-4 минуттық жаппай сұрау жүргізеді. Сөйтіп, көп қайталанса да кейбір оқушылардың есінде ережелер сақталып қалмайды.

Екінші әдіс. Бұл әдісте есеп шығару кезінде оқушы білмесе, мұғалім оқулықтағы ережені оқытады да әр амалды орындаған сайын ережені қоса жаттай бастайды. Бұл әдіс- оқушы ережені білуі үшін бірінші әдістегіден дұрыстау. Алайда, мұнда да толық меңгеру болған жоқ.

Үшінші әдіс. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіруде, мысалды көрсету кезінде ережені қоса айтып түсіндірме жасайды да, оқушыларды да қайталап айтуға шақырады.

Қысқаша көбейту формулалары арнайы плакатта жазылған делік. Әр есеп шығарған сайын оқушы ережені қоса айтып шығарады. Соңынан сынып болып, түгел қайталайды. Үйге тапсырма бергенде, есеп шығарғанда ережені кітаптан қарасақ та айтып, талдау жасау керек. Сөйтіп, 1-2 сағат қайталаған соң, бұл материал ұдайы есте сақталады. Бұл жерде оқушы есте сақтаудың жоғарыдағы үш заңдылықтарын есте ұстағанда материал толық меңгеріледі.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Математика және физика журналы 2005жыл

  2. ШҚО педагогика жаршысы 2004жыл



© 2010-2022