По математике на тему Төтрбұрыш

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

По математике на тему ТөтрбұрышСабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Төртбұрыштар жалпы ұғымды меңгеріп, теоремаларды, анықтамаларды, қасиеттерін меңгереді.

2.Дамытушылық мақсаты: Төртбұрыштар туралы, теоремаларды, анықтамаларды, қасиеттерін есептер шығаруға қолдана алады.

3.Тәрбиелік мақсаты: Оқушылар төртбұрыш түрлерін, оның қасиеттерін сызба түрінде көрсете алады.

Оқу әдісі: Практикалық сабақ, RWCT - әдістемесі.

Сабақта қолданатын стратегиялар: Топтастыру, ой толғаныс, кубизм, семантикалық карта, Венн диаграммасы.

Көрнекіліктер: ватман, маркер, таблица - плакат, карточкалар.

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды топқа бөлу(әрқайсысында алты оқушыдан төрт топ)

I.Қызығушылығын ояту.Сөзжұмбақты шешу. Төртбұрыштарды қаншалықты меңгергенін білу үшін төмендегі сөзжұмбақ шешіледі.

Сөзжұмбақ «Төртбұрыш»


Т




Ө




Р





Т




Б




Ұ

Р




Ы




Ш



1. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш?

2.Барлық бұрышы тік болатын төртбұрыш?

3.Барлық қабырғасы тең параллелограмм?

4.Екі қабырғасы параллель төртбұрыш?

5.Орта Азиядағы «ғалымдар атасы» аталған ғалым?

6.Арестотельден кейінгі «екінші ұстаз» аталған ғалым?

7.Қарама - қарсы қабырғасы параллель төртбұрыш?

8.Қазақтың байырғы өлшем бірлігі?

9.Айналдырса оны егер, шар болады кемеңгер,

Ерекше нүктесі бар, ол қай нүкте демеңдер.

II. Мағынаны ажырату.

1.«Кубизм» стратегиясы бойынша сұрақтар беріп, төртбұрыштар тақырыбын қайталау.

Қайталау сұрақтар:

1. Қандай фигуралар төртбұрыш деп аталады?

2. Қандай төртбұрыш түрлерін білесіңдер?

3. Параллелограмм дегеніміз не?

4. Тіктөртбұрыш дегеніміз не?

5. Ромб дегеніміз не?

6. Квадрат дегеніміз не?

7. Төртбұрыш дегеніміз не?

8. Төртбұрыштың диоганалы деген не?

2. Әр топқа тақырып бойынша төмендегі есептер беріледі.

1. Параллелограмның екі қабырғасы 3:4 қатынастарындай. Переметрі 2,8 - ге тең. Параллелограмның қабырғаларын табыңыз. (0,6м; 0, 8м)

2. Ромбының қабырғасы 17 см - ге тең, ал бір диоганалі 16 см - ге тең. Ромбының екінші диоганалін табыңыз. (30см)

3. Тіктөртбұрыштың периметрі 28 см - ге тең. Диоганалін табыңыз.(10см)

4. Квадраттың периметрі 24см. Қабырғасын тап.(6см)

3. Семантикалық карта.

Оқушылар «+» және «-» таңбаларын қойып семантикалық картаны толтырады.

Қасиеттері





Төртбұрыштар

Қарама - қарсы қабырғалары және бұрыштары тең

Қарама - қарсы қабырғалары параллель

Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

Диагональдары тік бұрыш жасайды

Барлық бұрыштары тік

Диагональдары биссектриса болады

Диагональдары тең

Барлық қабырғалары тең

Барлық бұрыштарының қосындысы 360°

Параллелограмм



Тіктөртбұрыш



Ромб



Квадрат



Трапеция



III.«Бес жолды өлең» стратегиясы.

1.Зат есім: Төртбұрыш

2.Сын есім: Дөңес, ойыс

3. Етістік: Сызамыз, өлшейміз, салыстырамыз.

4. Сөз тіркесі: Төртбұрышты сызғышпен өлшеп саламыз

5.Синоним: Фигура

IV. Ой толғаныс. Венн диаграммасын толтыру

Тіктөртбұрыш Ортақ Параллелограмм

1. Төрт қабырғасы бар

2.Төрт бұрышы бар.

3. Диагоналдары қиылысады

4.Қарама - қарсы бұрыштары тең

5. Қарама - қарсы қабырғалары параллель

6. Диагоналдары тең болады

7. Барлық бұрыштары тік

1. Төрт қабырғасы бар

2.Төрт бұрышы бар.

3. Диагоналдары қиылысады

4.Қарама - қарсы бұрыштары тең

5. Қарама - қарсы қабырғалары параллель

1. Төрт қабырғасы бар

2.Төрт бұрышы бар.

3. Диагоналдары қиылысады

4.Қарама - қарсы бұрыштары тең

5. Қарама - қарсы қабырғалары параллель











V.Үй тапсырмасы. Венн диаграммасы «Ромб және квадрат»

VI. Оқушыларды бағалау

© 2010-2022