параллель түзу сабақ жоспары

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:Параллель түзулер қасиеттері

Мақсаты:

Білімділік:параллель түзулер туралы түсінік беру және параллель түзулердің жазылуын үйрету.

Дамытушылық:параллель түзулерді сала білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: рационал сандарды есептей білу дағдысын жетілдіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі:компьютер, суреттер, деңгейлік тапсырма, плакат, стикер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

а) Сәлемдесу-шеңбер жасап, қолдарынан ұстап тұрып, бір-біріне сәттілік тілеу.

ә) Сыныпты топқа бөлу(сандар және геометриялық фигуралар)

б) Сабақтың жоспарымен таныстыру.

2. Үй тапсырмасы:

Алдын ала даярлық тапсырмаларын дәптерге орындау

1. Қоршаған ортадан қиылыспайтын түзулерге мысалдар келтіріңдер.
2. Дәптерге қиылысатын АВ және СД, қиылыспайтын ЕҒ және KN түзулерін сызыңдар.

Өзара қиылысатын түзулердің өзара қиылыспайтын түзулерден айырмашылығы неде?
3. Суреттегі тік төртбұрыштың, квадраттың өзара қиылыспайтын қабырғаларын теріп

жазыңдар.
А В F K


Д С E L

Енді БББ кестесінің: Білемін, Білгім келедіні толтырайық.

І. Қызығушылығын ояту.

3.СТО (Миға шабуыл)Сөз жұмбақ шешу.

Осы сөз жұмбақты шешу арқылы қиылыспайтын түзулердің және де бүгінгі сабағымыздың

тақырыбы шығады.

ІІ. Мағынаны тану.

Негізгі теориялық бөлім (7 мин)

1-анықтама. Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу параллель түзулер деп аталады.

2-анықтама. Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады.

3-анықтама. Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда ол екі түзу параллель болады. Параллельдік белгісі - ‖.

4. Топтарға арналған тапсырма (жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар беріледі)

1-тапсырма.

2-тапсырма.№1104 (тақтаға орындату)

І топ - а ІІ топ - ә

3-тапсырма.№1105 (топта өз бетінше жұмыс жасау)

І топ - а ІІ топ - ә

4-тапсырма:

5. Сергіту сәті

5-тапсырма:І-топ №1107. ІІ-топ №1110.

6-тапсырма:№1109. Теңсіздікті шешу.

І топ (1.2)

ІІ топ (3,4)

(Үй тобында жұмыс жасап болғаннан кейін, жұмыс тобына барып өз

жұмыстарын түсіндіреді)

ІІІ. Ой қорытынды.

6. Қорытындылау.Біз бүгін не туралы өттік? (анықтамасын сұрау) БББ кестесін толықтыру.

7. Үйге тапсырма: №1111.

8. Бағалау (өзін-өзі бағалау, жиынтық бағалау, кері байланыс парағы).

Сөз жұмбақ

1. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер?

2. 8 қандай сан?

3. Нүктеден, екі сәуледен

Фигура ол құрайды.

Айтындаршы қанекі

Қалай ғана аталады?

4. Қосуға кері амал?

5. Ұзындық өлшем бірлігі?

6. Нәрселерді санау қолданылатын сандар?

7. Геометриялық фигуралардың барлық қабырғалардың барлық қабырғаларының қосындысы не деп аталады?

8. Ортақ нүктесі бар түзулер қалай аталады?

9. Шеңберді сызатын құрал?

1

2

3

4

6

5

7

9

8



© 2010-2022