Сыныптан тыс жұмыс Математикалық ойындар

Математикалық ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа баулу,пәнге қызығушылықтарын арттыру,ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеуге болады.Сондай мақсатта жасалған жұмыстардың бірін ұсынып отырман.Оқушылардың логикалық ойларын дамытып,тез есептеуге, ойларын жинақтап ,еркін сөйлеуге дағдыландырады. Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырады.Апталық ,сыныптан тыс жүмыстарға пайдалануға болады.Мұғалімдерге немесе оқушыларға қолдануларына ұсыныс жасаймын. "зерек" к...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Математикалық ойындар

Мақсаты: Математикалық ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа баулу,пәнге қызығушылықтарын арттыру,ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Барысы:

Жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп

Мойындаған бар ғылым жер шарында .

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында .

Бүгінгі кеш,қызықты кеш

Көрермендер халайық

Ой-түйсікті қозғап қазір

Биік қанат қағайық

Математика салтанаты

Осы жерде құрулы

Белсенділік көрсетейік

Бар ықылас бұрулы

Әлі де бар сөзжұмбақтар

Сурет жұмбақ тағы бар

Шешсе егер кімде-кімнің

Жарқыраған бағы бар,-деп бүгінгі кеште математикалық түрлі ойындар ойналмақшы.


  1. Ребус.

Ребусты шешкенде орыс математигі Н.И.Лобачевскийдің математика туралы дана сөзі шығады.

«Математика барлық нақты ғылымдар сөйлейтін тіл»

Сыныптан тыс жұмыс Математикалық ойындар

2.Криптограмма

Дұрыс шешсеңіз неміс математигінің математика туралы айтқан сөзі мен оның фамилиясын оқисыз.

16,2,9,17,2-жоғары алгебрадан еңбектер жазған 22 жасында қаза тапқан белгілі француз математигі(Галуа)

2,11,5,15,1,4,3,5,6,2-математикалық пән аты(Арифметика)

10,4,6,2,11,3-сандарды түзу нүктелер арқылы кескіндеу тәсілін тапқан француз математигі(Декарт)

13,2,11-геометриялық дене(шар)

7,2,14,8,11-уақыт өлшемі(ғасыр)

2,12,3,2-жеті күндік мерзім(апта) Сыныптан тыс жұмыс Математикалық ойындар

«Математика-ғылымдар патшасы,арифметика-математика патшасы» Гаусс

Фокус «Лезде қосу»

Фокусшы: Тақтаға сендермен кезектесіп, бірінің астына бірі жазылған, цифрлар саны бірдей үш сан жазамыз.Мен сендерге жауабын бірден айтамын.

156-тақтаға шыққан оқушы

843-фокусшы

372-тақтаға шыққан оқушы

(1+371) жауабы: 1371

645

354

265

Жауабы:1264

Тәсілі: Фокусшы тақтаға шыққан оқушының жазған санының әрбір цифрын (1,5,6) тоғызға дейін (8,4,3) толтырып отырады да ,оқушыға соңғы санды (372) жаздырып өзгеріссіз қалдырады. Енді қосындыны табу үшін соңғы саннан 372 бірді шегеріп пайда болған алдына жазады. 1 371

Сыныптан тыс жұмыс Математикалық ойындар Бокал және шие. 5таяқшадан бокал құрастырылған. Сыныптан тыс жұмыс Математикалық ойындар

Ішінде шие бар. Екі таяқшаны қозғалту арқылы шиені бокал

сыртында қалдыру керек.

Фокус деген 5сөзден 7 рет фокус сөзі шығатындай етіп жаз.

Ф о к у с

Ф о к у с

Ф о к у с

Ф о к у с

Ф о к у с

Квадрат тәрізді алаңның төрт бұрышының әрқайсысында бір-бір ағаш өсіп тұр.Ағашты кеспей, алаңды қалайша кеңейтуге болады? Сыныптан тыс жұмыс Математикалық ойындар

Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Фигура құрастыру».

Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.

Сыныптан тыс жұмыс Математикалық ойындарБүгінгі өскелең өміріміздің қарышты дамуы елеулі өзгерістер әкелуде .Цифрограмманы «Компьютер» деп атағанды жөн көрдік. Жыпырлаған цифрлардың тілін тауып, сөйлеткенде ежелгі грек ойшылы әрі математигі Пифагордың сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады. Ол үшін цифрларды қазақ алфавитіндегі әріптердің рет санымен алмастыру қажет.

Жауабы:»Бар болмыстың бастамасы -сан».

Лезде көбейту. 25*25=2*3 25

35*35=3*4 25

105*105=10*11 25

«Жаңылмаймын» ойыны.1-ден 30-ға дейін санау керек. Санағанда 3-тің еселіктерін және 3-і бар санды айтпай орнына «жаңылмаймын» сөзін қолдану керек.

Мысалы, 1,2,жаңылмаймын,4,5,ж,7,8,ж10,11,ж,ж,14

Сыныптан тыс жұмыс Математикалық ойындар «Сүт сату» 8,5 және 3 литрлік бидон бар. 8 литрлік бидоннан 6л сүтті қалай құйып алуға болады?


Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады,

Кеш қызығын талай адам тыңдады,

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет,мың рахмет.


© 2010-2022