Ғылыми жоба: Қазақтың байырғы өлшемдері

Ғылыми жоба :" Қазақтың байырғы өлшемдері"
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

№2 мектеп-гимназия

Қуанышбай Мейржан

3 «б» сынып оқушысы

Сейілханова Аяулым

3 «б» сынып оқушысы

Ғылыми жобаның тақырыбы:

Қазақтың байырғы өлшемдері

Бағыты: Математика

Жетекшісі: Болысбаева Майгүл




2014 жыл

Шалқар қаласы

№2мектеп-гимназияның

3 «б» сынып оқушылары

Қуанышбай Мейржанның және

Сейілханова Аяулымның

«Қазақтың байырғы өлшемдері» тақырыбында

жасалған ғылыми жобасына





Аннотация



Аталған жұмыстың мақсаты:

Халықтың ежелгі өлшеулер әлемінен хабардар болу;

Қазақ халқының тәжірибесіндегі заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу жолдарын ұғыну. Халық өлшемдері - ұлт мәдениеті мен ата-бабамыздың тыныс-тіршілігі екенін дәлелдеу.

Жоба тақырыбының өзектілігі:

Халықтың ойын, өлшемдердің мағынасын түсініп, қазіргі халық өлшемдерімен салыстыру.;

Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Жобада қазақ халқының шамаларды өлшеу дәстүрі туралы, ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсетілген. Мұнда тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері, уақыт өлшеуіштері, тереңдік, салмақ өлшемдері нақты келтірілген.

Халықтың өлшем атауларындағы бес саусақтың маңызына зерттеулер жүргізген. Қазақ өлшемдеріне байланысты есептер құрастырған.

Жұмыс мазмұны тыңдауға жеңіл әрі түсінікті. Ұлы ата-бабаларының асыл мұрасын құрметтеуге, мақтан тұтуға баулиды.

Оқушылар ғылыми жобадағы көздеген мақсат, міндеттерін дәлелдеген.

Жобаны қорытындылай келе, қазақтың шамаларды өлшеу жүйесіне тарихи-математикалық мағлұмат ретінде пайдалана отырып, есеп шығаруда және өмірде қолдана білу керек деген ұсыныс айтады.







Аннотация, составленная на научный проект по теме «Старинные казахские меры» учащихся 3б класса школы-гимназии №2 города Шалкара Куанышбая Мейржана и Сейлхановой Аяулым

Цель именуемой работы:

Быть осведомленным из мира старинных мер народа;

Опираясь на опыт казахского народа, распознать пути измерения обьема и длины материала пальцами. Доказать, что народные меры - это национальная культура и быт наших предков.

Проблема темы проекта:

Поняв смысл мер, думы народа, сравнить с современными мерами;

Работа состоит из введения, основного раздела, итога и использованной литературы;

В проекте представлены собранные веками наших предков опыты казахского народа об измерении меры. Здесь реально показаны используемые в быту меры длины, времени, глубины и меры массы.

Среди народных мер проводились исследования о значении пяти пальцев. Составлялись математические задачи относительно казахских мер.

Содержание работы легко и понятно. Прививает уважение и гордость за дорогое наследие великих предков.

Учащиеся доказали намеченные цели и задачи в научном проекте.

Подытоживая проект, рекомендуется применять меры в системе мер в роли историко-математических сведений в жизни и в решении математических задач.





Annotation

To the project work held

by the pupils of 3b grade

of school-gymnasium № 2,

Shalkar region

Kuanishbai Meirzhan and Seilkhanova Aiyaulim

The theme : Ancient measures of Kazakh people

Objectives:

  • to acquaint people with the ancient measures of Kazakh people;

  • to provide readers with deep information about with the ancient measures of people;

  • to exist the quality and value of ancient measures in the national culture of Kazakh history;

  • to explain the capacity of length, lines of measures of things and the way of the finger measures in experience of Kazakh people ;

Actuality of the project:

To understand the Idea of ancient people, the meanings of measures and to compare with modern sizes and nowadays measures of people

The work consists of The Introduction, The Main Part (basic), Conclusion and Used literatures.

The work deals with the traditions of ancient measures using in the every day life of people and shows the development of culture and the etiquette of finger measures in experience of Kazakh people .

Therefore, the work pays attention to capacity of length, lines of measures of things and the way of the finger measures in nowadays.

Here you may also find the different sums about the theme of the work. The content of the work interesting, clear and easy to understand. The work brings up readers to respect and to appreciate the cultural heritages

Assumptions and personal decisions:

-Results of the creative work will help us to acquaint with the inaccessible ancient measures of Kazakh people;

-this work will be self-development material in learning Math;

-the material is suitable as an additional e-learning material for making their own logical sums





Жоспар




I. Кіріспе

1.1. Өлшеу не үшін керек?

II. Негізгі бөлім

2.1 Адам денесімен неге өлшейді?

2.2. Халық өлшемдері ұлттық тұрмыс-тіршілігінің айнасы

2.3. Қашықтық, уақыт, салмақ, тереңдікке қатысты өлшемдер


Зерттеу бөлімі


2.4. Халықтық өлшем атауларындағы бес саусақтың маңызы

2.5. Қазақ өлшемдеріне есептер

III. Қорытынды






Мазмұны:

I. Кіріспе

1.1. Өлшеу не үшін керек?..................................................................................3

II. Негізгі бөлім

2.1 Адам денесімен неге өлшейді?...................................................................3-4

2.2. Халық өлшемдері ұлттық тұрмыс-тіршілігінің айнасы..........................4-6

2.3. Қашықтық, уақыт, салмақ, тереңдікке қатысты өлшемдер....................6-12

Зерттеу бөлімі


2.4. Халықтық өлшем атауларындағы бес саусақтың маңызы......................12

2.5. Қазақ өлшемдеріне есептер.........................................................................13

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................14





I Кіріспе

  1. Өлшеу не үшін керек?

Ғылыми жобаның мақсаты:

Қазақтың ежелгі өлшеулер әлемінен хабардар болу, қазақ халқының тәжірибесіндегі заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу жолдарын ұғыну. Халық өлшемдері - ұлт мәдениеті мен ата -бабамыздың тыныс-тіршілігі екенін дәлелдеу.

Міндеттері:

Қазақ халқының өлшемдерін оқып, талдау, маңыздылығын анықтау. Қазақтың өлшем бірлігіне есептер құрастыру.

Өзектілігі:

Халықтың ойын, өлшемдердің мағынасын түсініп, қазіргі кездегі халықаралық өлшемдермен салыстыру

Болжам:

Егер біз халықтың өлшемдерін жақсы білсек, ата-бабамыздың дүнитанымын, мәдениетін ұғынарымыз сөзсіз.

Барлығын өлшеу не үшін керек?

Ежелгі адамдар бір нәрсені өлшейіндеп ойлағанда емес, олар барлығын шамамен болжайтын. Олар тәуліктің уақытын немесе жыл мезгілін болжап білетін. Тіпті өз жастарын да шамамен ғана білетін. Бірақ уақыт өте келе адамдардың ақылына ақыл қосылды. Олар күн мен жұлдыздарды бақылау арқылы уақытты өлшеуді үйренді. Ұзындықты қалай өлшеу керектігін есептеп шығады. Осы білімдерін сарайларды, мазарларды салған кезде пайдаланды.

Өлшеген сайын адамзаттың ақылы арта түсті.

2000 жыл бұрын дүниежүзінің матемагтары ғажайып қалалар салды. Жердің көлемін өлшеумен шектелмей Жер мен Айдың ара қашықтығын да есептеп шығарды. Осының барлығы математиканың арқасында қол жеткізді.

Өлшеу тарихы мынадай

Адамдарда сағат пайда болғаннан бұрын ежелгі бабаларымыз уақытты күн санау немесе Күнді, Айды не жұлдыздарды бақылау арқылы өлшеген. Уақыт адамдар өлшеп үйренген алғашқы ұғымдардың бірі.

Барлығымыз тәулік мезгілін шамамен анықтай аламыз. Бұрынғының адамдары күн мен түнді жұлдыздардың оттың, су мен көлеңкенің көмегімен өлшеу тәсілдерін тапқан.

II Негізгі бөлім

2.1. Адам денесімен неге өлшейді ?

Адамның денесі дүниедегі алғашқы өлшеу құралы болған "Адамдар сызғышты және бір нәрсенің көлемін өлшеуге арналған өзге де айла -бұйымдарды ойлар тапқанға дейін заттарды өз денесімен салыстыратын."

Біз осы күнге дейін көлемді немесе қашықтықты өлшеу бірлігі ретінде адамның дене мүшелерінің атауларын пайдаланамыз.


3

Бүкіл тарих бойына адамдар саусақтарын санау үшін, ал қол-аяғын өлшеу үшін пайдаланып келеді. Адам тәнімен өлшеудің ең үлкен өлшем мөлшері - адам денесінің ұзындығы, ең кіші өлшем мөлшері - бір тал шаштың қалыңдығы.

Саусақтар оның ішінде бас бармақ та, барлығымызда әртүрлі болғандықтан, сенімді өлшеу құралы болып табылмайды. Сондықтан "бас бармақ қағидасы" "шамамен" дегенді білдіреді. Көптеген еуропалық тілдерде (соның ішінде француз, испан, итальян, швед, партугал) "дюйм" сөзі "бес бармақ" дегенді білдіреді.

2.2. Халық өлшемдері ұлттың тұрмыс-тіршілігінің айнасы

Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы - бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар.

Мәселен, өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы. «Тарих дегеніміз адамзаттың кең арналы тәжірибесі, адам баласының ғасыр айдынында жүздесуі» дейді Марк Блок. Расында да мұқалуды білмейтін сөзді немен салыстыруға болар еді ? Мысалы «жұп» сөзін алайықшы, «тең» дегенді білдірмей ме? Адамзат ана мен әке болып тең бөлінеді. Тау болса, ойпат неге болмасқа? Яғни, әлем қарама - қарсылықтан жаратылған.
Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Біздің халқымыздың ауыз әдебиетінде татымдай, шынтақтай, қолдаяқтай, шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, торсықтай, есе, рет, қиян - қырлы, қара - құрым, үш тұмша, найза бойы, баданадай, қарыс, қадақ, тұтам, тамам, уыс, күректей, қасықтай, астаудай, шымшым, шаршы, кез, елі, қырық құрау, қарыс, аршын, адым, таспа, сүйем, батпан, тамшы, титтей, шайнам, табан, шайқам, әммә, тарыдай, уыс, бір ауық, кесек, тақыр, мысқал, азды - көпті, айшылық, күншілік, жылшылық, ұдай, құлаш, ықылым, кешелі - бүгінді, шым - шымдап, тосат, пұт, қылаң, мүшел, барабар, қат, т. б. сөздер өлшем бірліктері ретінде қолданылып келген.
Қазақ халқының мақал - мәтелдерінде жоғарыдағы өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен : «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар», «Біреудің мінінің бір елі артықтығы ба», «Өмір көрген түлкінің үш - үштен іні «болады» (орыс мақалы). Енді кейбір өлшем сөздердің мағынасына тоқталайық.


4

Мәселен «батпан» сөзін алайық. «Батпан»-орыс патшаларының Ресейдің бұратаналар мекендейтін бөлігінде пайдалануға рұқсат берген көне азиялық салмақ өлшемі» деп жазады И. Е. Андреевскийдің басшылығымен шыққан «Энциклопедиялық сөздіктегі» «Батпан» мақаласында.

Батпан туралы орыс әдебиетіндегі алғашқы дерек А. Никитиннің «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты кітабынан бастап кездеседі, Қазақтарда батпан өлшемі өте ерте заманнан бастап - ақ белгілі болған. Ол салмақ өлшемінің ең ауыр түрінде қолданылған. Халық ауыз әдебиетіндегі «Батырлар жырында» алып батырлардың күрзісі үнемі батпан өлшемімен көрсетіледі. Егер Бұхарада бір батпан 7 пұт 32 фунтқа тең болса, Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Батпанға ұқсас қазақта «дыр» деген сөз бар. Дыр - үлкен, ірі, зор. Батпан да, дыр да - өлшем. Өлшем - өлшеу бірлігі мөлшер, шама. Заттың көлемін, салмағын, қысымын, ыстық - суықтығын, т. б. сапаларын белгілі өлшем арқылы анықтайды. «Батпан», «дыр» - көлемдік өлшемдер.
Көлем - белгілі бір заттың аумағы, мөлшері, бір нәрсенің шегі, аясы. Көлемдік өлшемдер деген - көлемге лайықты, аумақтық, мөлшерлік өлшемдер. Өте аз көлемдік өлшемді білдіретін өлшем сөздердің бірі«шынашақ», «шынашақтай». «Шынашақ» - саусақтың кішкентайы. Оның бұлай аталуы бітіміне байланысты туған. Түркі халықтарының бірі - құмық тілінде «шинчеки» сөзі қазақ тіліндегі «болмашы, өте кішкентай» мағынасында қолданылады. Осы «шинчеки» сөзі енді «шынашақ» тұлғасында өз тілімізде аталып жүр. Ал «Әшмүшке», «түйірдей», «тырнақтай», «кенедей», «тұрымтайдай», «тарыдай», «титімдей», «титтей», «уыстай», «тоқымдай», «мытым», «шымшым», «ұлтарақтай», «тілдей», «тістем», «пәмдә», «мысқал», т. б. сөздері кішкене деген өлшемді білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, мысқал - жиырма бес грамға тең салмақ өлшемі, 1 қадақта 96 мысқал бар. Ал «қадақ» - екі жүз грамға тең салмақ өлшемі. Ал «қадақ» - екі жүз грамға тең салмақ өлшемі.

Ауыз әдебиетіндегі «Ер Тарғын» жырында :
Келген қалмақ көп еді,
Көп те болса қалмақтан,
Алты күн айғай салғанда,
Азғантай қалды қадақтай - деп жырлайды.
« Үш ғасыр жырлайды » еңбегінде :
Мысқалы мың теңгелік асыл заттар,
Барады арзан болып жылдан - жылға,
Жақсыны жау да болса, дұшпан тұтпа,
Жаманның басында тұр заман ақыр, -
делінсе, «Гауһарды мысқалдап өлшейді» - дейді қазақ мақалында.

5

Мысқалдау - аз, аздау, там - тұмдау,мысқалдай - болар, болмас, кішкентай, азғантай. Әш - мүшке - қадақтың сегізден бір бөлігі. Шығыс аңыздарының желісіне құрылған дастандар қазақ халқының бай мәдени мұрасының едәуір бөлігін құрайды. Олар дала халқы өмірінде дәстүрлі фольклормен қатар орын алады.

Мысалы, Атымтай жомарт, Қасым жомарт дастандарында жомарттық пен қонақжайлылық жырлана отырып, қазақтың байырғы өлшеуіш мазмұнындағы сөздері өте көп қолданылады.
Мұндай өлшем сөздер « Құлқаныс - Зеберше », «Қарқабат » дастандарында да жиі кездеседі.
Ауыздары он қарыс,
...Қайтпайтын жаудан ер еді...немесе
...Бес мысқал мойнындағы жарқыраған...

2.3. Қашықтық, уақыт, салмақ, тереңдікке қатысты өлшемдер

Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, тұтам, қарыс, сүйем, кез, сай кез, құлаш, шақырым деп атаған.

Халық арасында әсіресе, ауылдық жерлерде жиі қолданылатын «бие сауым», «сүт пісірім», «әрі-беріден соң», «қас пен көздің арасында», «қадам», «қарға адым», «батпан», «пұт», «қадақ», «мысқыл» т.б қашықтық өлшемдер мен салмақ өлшемдері - халқымыздың ғасырлардан туындаған күнделікті тұрмыстарында қолданылған бірліктер

Халықтың уақытын анықтау белгілері.

Халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірбие жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын және соған лайықты сөз өрнектерін де таба білді. Жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да орайластыра келтіре білді. Ал мерзім, мезгіл өлшемдеріне келгенде халық өлшемі мен атауы да бай. Ұлттық ұғымда мерзім - уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (Мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқан).
Мезгіл сол уақыттың бір сәтін ғана айқындайды. Мысалы: елең-алаң, түс-кеш, түн ортасы т.б. Қыс, көктем, жаз, күз - мезгіл өлшемдеріне жатады Мерзім өлшемдері: бір сәт, қас қағым, ә дегенше (1 сек), сүт пісірім (5-10 мин), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім (2,5-3 сағат), жарты күн, бір түн

6

(тәуліктік) (24 сағат), апта (7 күн), ай (30-31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн) немесе 12 ай, ғасыр (100 жыл). Адам өмірі де: жас (1 жыл), мүшелмен (12 жас) есептеліп, бір мүшел (13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49 жас) ... т.с.с. бөлінеді. Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әрі түрге де өте бай. Мысалы: елең-алаң, құланиек, таң сәрі, құлқын сәрі, таң бозара алакеуім, таң біліне, таң ата, күн шыға, күн қызара, күн қыза, күн көтеріле, күн арқан бойы көтеріле, түске жақын, тал түс, шаңқай түс, талма түс, сәске түс, түс ауа, түс қайта, бесін, екінді, кеш, көлеңке басы ұзара, күн бата, ымырт, іңір, апақ-сапақ, жөппелдеме, намаздыгер, ақшам (намазшам), ақшам жамырай, бей уақыт, қас қарая, түн қараңғысы, ай туа, түн ортасы, жұлдыз сөне т.б. Мұнан тек уақыт шамасы ғана емес халқымыздың таным-түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау, тіл қабілетінен жоғары тұрғанын дәлелдеп береді. Мезгілді қазақтар күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап та анықтаған.

Мысқалдан батпанға дейін.
Халық өлшемдері - ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Мұны халықтың өзі белгілегеніндей салмақ өлшемі, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады.
Салмақ өлшемдерін халық былайшы жіктеген. Мысқал (1гр), қадақ (750 г), келі (1к), пұт (16кг), батпан(100 кг). Бұл өлшемдер мен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың саны, көлемі мен мөлшерін, аумағын шамамен белгілейді. Мысалы: бір шымшым, бір шөкім, бір уыс, қос уыс, бір тілім, (нан), бір түйір, бір қолтық, бір шүйке,бір құшақ, бір қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір шоқ( үкі, тал), бір топ(адам), бір қарын, бір сандық, бір қалта тағы сол сияқты. Мал саны мен көлемін де осылай шамамен

7

ажыратады. Яғни бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, оншақты, жиырма шақты... заттың көлеміне, аумағына кейде бармақтай, шыншақтай, жұдырықтай, құмалақтай, етектей, алақандай деген теңеу сөздер де қолданыла береді.Сұйық заттарға мөлшер сөзі қолданылып,оны мөлшерлеп есептейді. Халық қалыңдық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбіне жылқы қазысының жұқа,қалыңына қарай айтқан. Айталық бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты (бұлар 3 - 5мм шамасы),шынашақ, елі, бармақ(бұлар 1-2,5см),екі елі...,сере, табан (7-10см) т.с.с. Басқа заттардың қалыңдығы да көбінесе елімен яғни саусақ қырымен өлшенеді. Оны елі дейді.
Ұзындық және қашықтық өлшемі мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді. Бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын анықтайды және ол (1;5см),екі елі, үш елі...,тұтам,сынық сүйем (14-15см),сүйем(17-18см),қарыс,кере қарыс (20-22см), кез (50см), аршын (75см), құлаш (1,80-2м), т.б. Балтасап,кебіс басындай деген өлшемдері де бар. Сол сияқты ұзын, қысқа деп шамамен есептей береді.
Қашықтық өлшемдері жердің қашықтығын (ауылдың ара қашықтығына) қолданылатын өлшем екені белгілі. Бұл өлшем түрлері былайша аталады: адым (қадам)(1м), таяқ тастам(10-15м), әй дейтін жер(100м), дауыс жететін жер(250-300м), шақырым (1км), иек астында, бір төбе астында(4-5км), қозы көш жер(5-6км), көз ұшында(6-7км), тай шаптырым(4-5км), құнан шаптырым(8-10км), ат шаптырым(25-30км), бір күндік жер,айшылық жол...т.б.

Көш жер - ұзындық өлшемі. Ол әр түрлі мағына алады. Мысалы,

  1. Қозы көш жер орта есеппен 14,5 км,

  2. Күзгі көш жер орта есеппен 25,5 км,

  3. Орта көш жер шамамен 90 км.

Бұл межелер ауыл ішінде бұл күндері де жиі айтылады.
Ел ішінде тереңдік, биіктік өлшемдері де бар. Бұған терең, тайыз, биік, аласа деген сөздер қолданылады. Бір айта кетерлік жай жоғарыдағы аталған өлшемдер бірі-бірінің орнына жүрмейді.
Ауа райын бақылау, ыстық, суықты және оның өзіне тән өлшемін белгілеуде де халықтың өзіндік тәжірибелері мен қағидалары аз емес. Қанжылым, жылы, ыстық, суық, салқын, мұздай тағы да осылайша анықтап бір заттың, судың, астың немесе ауа райын белгілейді. Ауа райын жылы, ыстық, қапырық, қайнап тұр, күйіп тұр, аспан айналып жерге түскендей, ми қайнататын ыстық... деп жаз айындағы күн райын айтса, қыста: шуақ, май тоңғысыз, шыбынсыз жаз, суық, салқын, аяз, үскірік, бет

8

қаратпас аяз, тіфу десетүкірік жерге түспейтін аяз деген теңеулер арқылы күннің қаншалықты суық екенін анықтап, соған сәйкес әрекет ете бастайды.

Енді осы өлшемдердің қазіргі кездегі халықаралық өлшемдермен салыстырғанда қандай дәрежеге ие болатындығын көрелік. Бір ескерерлік жайт, қазіргі сантиметр, метр шақырымдар шамалап алынған. Өйткені дене мүшелері арқылы өлшенетін өлшемдер адамның дене бітіміне қарай көрсетілген шамадан әлдеқайда қысқа не ұзын болуы мүмкін.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз,өңделіп,жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты.Мәселен,тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері:

1) елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені);

2) сере ≈ 10-12 см (аздап ажыратылған төрт саусақ ені);

3) тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);

4) сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);

5) сүйем ≈ 17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);

6) қарыс ≈ 20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);

7) кез ≈ 70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);

1 кез ≈ 7-9 тұтам.

Биіктікті,тереңдікті өлшеу үшін адамның дене мүшелерін немесе

қолда бар заттардың ұзындығы пайдаланылған,яғни солардың

бойымен өлшенген:

1)оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;

2)найза бойы ≈ 3-5 м

3)арқан бойы ≈10-12 м т.б.

Адамның айқайлаған даусы естілсе,қашықты «шақырым» деп

белгілеген,1 шақырым ≈ 1 км.Ауданды өлшеу үшін «шаршы»,

«танап» өлшем бірліктері пайдаланылса,көлемнің үш түрлі өлшем бірлігі қолданылған:

  1. Қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, тұрмыста жиі

кездесетін заттардың көлемімен

салыстыру арқылы анықтаған. Ал «текше» деген сөз

халық ұғымында сандық пішініне келтіріп бүктелген

кілем, көрпе, т.б. үй жабдықтарының көлемін

білдірген.

2) Сұйық дене (қымыз, сүт, су) көлемін ыдыстың

сыйымдылығымен өлшеген.Кеңінен тараған негізгі

өлшем бірліктері мыналар:

9

а)қасық ≈ 50 г; ә) ожау ≈ 0,5 л; б) тостаған ≈ 0,5 л; в) аяқ ≈ 1 л;

г) шара ≈ 1,5-2 л; д) тегене ≈ 8-10 л; е) тосық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс) ; ж) көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс) ; з) саба ≈ 180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).

3)Сусымалы денелерді өлшеу бірліктері:

а) уыс;

ә) қалта;

б) қоржын ≈ 40 кг;

в) қап ≈ 4 пұт ≈ 54-65 кг;

г) дағар ≈ 6-8 пұт ≈ 100-130 кг;

д) батпан ≈ 3 дағар ≈ 300-450 кг.

4) Салмақ өлшемдері:

а) 1 п.ұт ≈ 16 кг, жарты п.ұт ≈ 8 кг;

ә) қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ ≈ 100 г.

б) 1 көнек сүт ≈ 6-7 л;

в) 1 шелек ≈ 12,3 л;

г) 1 қап немесе 4 п.ұт ≈ 65-66 кг;

д) 1 мысқал ≈ 4,46 г;

е) 1 жамбы күміс ≈ 6 кг;

ж) 1 п.ітір. бидай ≈ 3 кг;

з) 1 ширек шай ≈ 250 г;

и) 1 шөмке шай ≈ 50 г;

к) 1 таймөңке шай ≈ 25 г;

қ) 1 қайнатым шай ≈ 6,5 г;

л) 1 шөкімтұз ≈ 12,5 г.

Құрық бойы - халықтық өлшем. Бұл өлшем құрықтың ұзындығындай ғана жер дегенді, яғни шамамен 4 - 5 метрді білдіреді.

Шідер бойы - жылқының алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғының арасы.

Тұсау бойы - жылқының алдыңғы ек аяғының арасы.

Қадам - адамның адымымен өлшенетін ұзындық: құрылыс, суару жұмыстарында, спорт ойындарында, әскери жаттығуларда т.б қолданылған ұзындық өдшемі. Көптеген мәліметтерге қарағанда , бір қадам шамамен 60 - 70 см-ге тең.

Аршын - шамамен 90 - 100сантиметрге дейінгі ұзындық өлшемі.

Қашықтық өлшемдері

Құрық бойы

Шідер бойы

Тұсау бойы

Қадам

Аршын

Кез

10

Құлаш

Сүйем

Қарыс сүйем

Қарыс

Тұтам

Елі

Өте жақын

Аттам жер.

Бөрік тастам жер.

Иек артпа жер.

Қозы көген жер.

Қол созым жер.

Жақын

Ат жетер жер.

Атшаптырым жер.

Аяқ жетер жер.

Әудем жер.

Қозы көш жер.

Өте алыс

Айшылық жер.

Ит өлген жер.

Қырық күншілік жер.

Уақыт өлшемдері

Қас пен көздің арасы

Қас -қағым

Сүт пісірім

Бие сауымдай уақыт

Таң сәрі

Бозала таң

Таң ата

Сәске

Ұлы сәске

Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен және аптамен өлшенеді.

Апта - «жеті» деген сөзді білдіреді

Жеті күнді санау

1. Бүгін

2. Ертең

3. Бүрсігүні

4. Арғы күні

5. Қасиетті күн

6. Соңғы күн

7. Азына

Түнеугүні - бірнеше күн бұрын.

11

Аптада жеті күннің бесеуінің аты «сенбі» сөзінің алдына парсының 1, 2, 3, 4, 5 сияқты реттік сан есімдерін қою арқылы жасалған.

Олар мыналар:

ЖЕКсенбі - бірінші сенбі

ДҮйсенбі - екінші сенбі

СЕЙсенбі - үшінші сенбі

СӘРсенбі - төртінші сенбі

БЕЙсенбі - бесінші сенбі

Тереңдік өлшемдері

Кісі бойы

Белдер

Тізе

Тобық

Ат құлағы

Ат тізесі

Ат тұяғы

Арқан бойы

Найза бойы

Таяқ тастам

Иек асты

Қамшы сабы

Салмақ өлшемі

Қадақ

Батпан

Мысқал

Пұт

Шөкім

Қолтық

Шымшыл

Қос уыс

уыс

Зерттеу бөлімі

2.4. Халықтық өлшем атауларындағы бес саусақтың маңызы

Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері

1. Елі - саусақтың көлденең қалыңдығы, ені

2. Тұтам - бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 - еліге тең ұзындық өлшем.

3. Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.

4. Сынық сүйем - сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің ¾ бөлігі.

5. Қарыс сүйем - бас бармақ пен орта саусақтың аралық мөлшері.

6. Сере - сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы.

12

Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.

7. Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.

8. Кере қарыс - бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралық мөлшері. Кейде жарты қарыс деп те атайды.

Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері

1. Шымшым - Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем.

2. Шөкім - Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.

3. Бір уыс - Қос саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем.

4. Қос уыс - Қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра, бүккендегі өлшем.

2.5. Қазақ өлшемдеріне есептер

1. Құнанға күніне 2 қадақтан жем беремін. Бір аптада құнан қанша жем жейді.? (1 қадақ 200 г)

2 * 200 = 400 (г)

7 * 400 = 2800 (г) = 2 кг 800 г

  1. Сөзжұмбақ шеш

  1. Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алған өлшем

  2. Саусақтың көлденең қалыңдығы

  3. Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қосып алғандағы өлшем

  4. Бас бармақпен сұқ саусақ аралығындағы өлшем

  5. Бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас төрт еліге тең ұзындық

  1. «Нар түйеден жүк ауыспас» есебі.
    Әр түйе төрт батпан жүк көтерсе, жиырма төрт батпан жүкке неше түйе керек болар еді.
    Жауабы: 1батпан-100кг, 4батпан-400кг, 6 түйе.

  2. Балықтың ұзындығы 3 қарыс. Балықтың ұзындығы қанша? Жауабы: 1қарыс-23см болса ,23*3=69 cм.
    Қарыс бас бармақ пен шынашақтың керіп ұстаған арасы.

  3. Кітаптың ені сүйем болады, Кітаптың енін саусақпен көрсет, Жауабы, Сүйем-бас бармақ пен сұқ саусақ аралығы

Қорытынды

Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен, өз халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, тарихын білу - басты мақсат. Қазақтың байырғы өлшемдері - ұлт дүниетанымын жеткізетін құрал. Бұдан ата-бабамыздың бойындағы ерекше қасиеттерін, тапқырлығын, тұрмыс-тіршілігін көреміз.

Ұсыныс:

Қазақтың шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағлұмат ретінде пайдалана отырып, есеп шығаруда және өмірде қолдана білу керек деген ұсыныс айтамыз.

13

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Кенжеахметұлы. С. « Жеті қазына ». Алматы,

2. « Ана - тілі », 2000, 49 - б, 57- б

3. Нұрмағанбетов. Ә. « Сөз сырына саяхат ». Алматы,

  1. « Қырық қазына » - қазақ халқының ауызша есептері.
    Алматы, « Мектеп », 1987 ж.


  2. Сен білесің бе? Энциклопедиясы Алматы «Аруна» баспасы



  1. Джонни Болл «Сиқырлы математика» Алматыкітап 2013



  1. Бастауыш мектеп №7 2003 ж



  1. Ғаламтор жүйесі



© 2010-2022