• Преподавателю
  • Математика
  • Математика сабағынан 6 а сыныбында ашық сабақ жоспары Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы

Математика сабағынан 6 а сыныбында ашық сабақ жоспары Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы

Күні: 21.11.14ж Сынып: 6 «А» Cабақтың тақырыбы:   Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы. Сабақтың мақсаты:  Білімділік:Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын таба білуге дағдыландыру. Тәрбиелілік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу. Дамытушылық:Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Күні: 21.11.14ж

Сынып: 6 «А»

Cабақтың тақырыбы: Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын таба білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың типі: ойын - сабақ

Оқыту тәсілдері: Сұрақ - жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнектілері: Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, кесте, оқулық, жұмыс дәптері.

Пән аралық байланыс: табиғатпен байланыс

Сабақтың құрал - жабдықтары: ИТ, тест, слайд.

Сабақ жүрісі:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап

2. «Топтастыру стратегиясы»

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

ІV. «Білімің - ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)

V. Табиғатпен байланыс "Ойлан, тап!" ойыны

VI. «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)

VII. «Шешуші сәт.» Тест

VIIІ. Қорытындылау; Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтіледі. Жоспармен танысайык:

І-кезең. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап

2. «Топтастыру стратегиясы»

ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

ІІІ-кезең. «Білімің - ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)

ІV-кезең. Табиғатпен байланыс "Ойлан, тап!" ойыны

V-кезең «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)

VІ-кезең «Шешуші сәт» (тест тапсырмалары)

І кезең. 1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап

  1. - 12 + ( - 24 ) - 36

  2. Кез-келген теріс сан оң саннан кіші

  3. а кез - келген теріс сан нөльден a < 0

  4. Қарама - қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең

  5. Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тің Сол жағында

2. «Топтастыру стратегиясы»

Натурал сандар

Математика сабағынан 6 а сыныбында ашық сабақ жоспары Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы.

Оң сандар

Қарама-қарсы сандар

Математика сабағынан 6 а сыныбында ашық сабақ жоспары Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы.Математика сабағынан 6 а сыныбында ашық сабақ жоспары Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы.Математика сабағынан 6 а сыныбында ашық сабақ жоспары Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы.

Бүтін сандар

Теріс сандарМатематика сабағынан 6 а сыныбында ашық сабақ жоспары Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы.Математика сабағынан 6 а сыныбында ашық сабақ жоспары Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы.

Математика сабағынан 6 а сыныбында ашық сабақ жоспары Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы.

Рационал сандар

ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек:

Егер А(-5) және В(9) болса, АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең?

9-(-5) = 9+5= 14

IІІ-кезең. «Білімің - ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)

500

Координаталық түзудегі АВ, СD, EF, KL кесіндісінің ұзындығын табыңдар:

  1. А(-7); B(2) б)E(-6); F(-2)

AB= 2-(-7)=2+7=9 EF= -2-(-6)=-2+6=4

ә) C(-5); D(1) в)K(-4); L(0)

CD= 1-(-5)=1+5=6 KL= 0-(-4)=0+4=4

№ 509, №517

ІV-кезең. Табиғатпен байланыс "Ойлан, тап!" ойыны

1. Есептей отырып, белгісіз құс атауын табыңдар

  • - 379 + 948 =

  • - 0,81 + 0,66 =

  • - 7,6 + 19,2 =

  • - 2,6 - (- 1,4) =

  • 3,2 - 6,28 =

  • - 1408,7 + 408 =

  • -817 + 817 =

  • - 13,25 - 11,05 =

  • 569

  • - 0,15

  • 11,6

  • -1,2

  • - 3,08

  • - 1000,7

  • 0

  • - 24,3

Жауабы: Фламинго

V-кезең. «Сергіту сәті» (логикалық сұрақ, жұмбақ)

Логикалық сұрақтар:

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса,оның салмағы қанша? (3кг)

  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

  4. Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? (60 км)

Жұмбақтар:

1. Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында (Рационал сандар)

2. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сан)

VІ-кезең «Шешуші сәт» (тест)

Тест тапсырмалары:

1. -29 + 50 =

А) 79 Б) 21 В) -21

2. -4,3 + 7,5 =

А) 11,8 Б) -3,2 В) 3,2

3. -1,8 - (-9,5) =

А) 7,7 Б) 10,3 В) -8,7

4. 3,8 + х = - 2,7

А) -6,5 Б) -1,1 В) 0

5. - 11,9 + (-6,7 +11,9)

А) 6,7 Б) 5,6 В) -6,7

6.- 9,1 - (7,6 - 9,1)

А) 7,6 Б) -6,7 В) -7,6

VII. Қорытындылау; Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: № 520 есептер


© 2010-2022