Урок жай сандар құрама сандар

Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

І - кезең. Ұйымдастыру кезеңі.

«Көпір тапсырмалары» үйден дайындалып келетін тапсырмалар

  1. Екі бөлгіші бар сандар: 2, 5, 11, 19, 31, 53. Екіден көп бөлгіші бар сандар: 6, 8, 15, 16, 20, 45.

  2. 1 - ге және өзіне бөлінетін екі таңбалы сандар: 11, 19, 31, 53.

ІІ - кезең. Топтық жұмыс

Теориясы: «Білу» (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

  1. 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды ____________ деп атайды.

Мысалдар келтір ____________

  1. Ең кіші жай сан ____________

  2. Жалғыз ғана жұп жай сан бар, ол ____________

  3. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды ____________ деп атайды.

Мысалдар келтір ____________

  1. Жай сандар тобына да, құрама сандар тобына да жатпайтын сан ____________

Теориясы: «Түсіну» (Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

  1. 41, 47, 61, 67, 89 сандары жай сандар. Не себепті құрама сандар тобына жатпайды?

  2. 69, 35, 27, 15 - құрама сандар. Неге құрама сан болатындығын дәлелде?

  3. Неліктен 1 саны жай санға да, құрама санға да жатпайбы? Себебі ____________

Теориясы: «Талдау» (Салыстыру, ерекшелігі неде?)

Құрама сандар мен жай сандардың айырмашылығы неде?

Құрама сандардың ____________ саны ____________ көп.

Жай сандардың ____________ саны ___________.

Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус, т.б. құрастыр)

Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштер саны

20

13

35

71

99

Практикасы: «Қолдану» (қарапайым тапсырмалар)

1-топ.

1.Жай сандар кестесін пайдаланып,1-150 дейінгі егіз сандарды жазыңдар

2-топ.

Жай сандар кестесін пайдаланып,150-250-ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар

3-топ

Жай сандар кестесін пайдаланып,250-350-ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар

4-топ

Жай сандар кестесін пайдаланып,350-450-ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар

№244

1-топ.Бір бөлгіші бар

2-топ.Екі бөлгіші бар

3-топ.Екіден көп бөлгіштері бар сандарды теріп жазыңдар.

Практикасы: «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сен қалай ойлайсың:

Жай сандардың соңғы цифрлары тақ сандар, ал құрама сандардың соңғы цифрлары жұп сандар бола ма?

ІІІ - кезеңі. Бағалау кезеңі.

І - деңгей (5 балл)

Теориясы: «Білу»

  1. Жай сандарға анықтама бер. ____________________________________

  2. Құрама сандарға анықтама бер. ____________________________________

  3. Бір ғана бөлгіші бар натурал сан ____________

Практикасы: «Қолдану»

№ 241, 242,

ІІ - деңгей. (5 балл+4 балл=9 балл)

Теориясы: «Түсіну»

  1. 2 - ден басқа жұп жай сан бар ма? __________________________

  2. Натурал сандардың қанша тобы бар? =__________________________

Теориясы: «Талдау»

Практикасы: «Қолдану»

№ 250, 251, 252,

ІІІ - деңгей. (5 балл+4 балл+3 балл=12 балл)

Теориясы: «Жинақтау»

Үш таңбалы бір құрама санға мысал келтіріп, бөлгіштерін анықта. ____________________________

Практикасы: «Баға беру»

№259

Үйге: №245,248,249



3


© 2010-2022