Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау-оқушы білімін нақты бағалау

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М. Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицей

















Коучинг тақырыбы:

Критериалды бағалау - оқушы білімін нақты бағалау







Математика пәнінің мұғалімі: Мамырай А

















Талдықорған қаласы

Коучингтің мақсаты: Өз әріптестерімнің тәжірбиесін жетілдіру мақсатында оларға оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау жөнінде теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігін арттыруда қолдау көрсету. Мұғалімдерді берілген идеямен қызықтырып, кәсіби әлеуетін арттыру және жаңа тәсілдермен оқыту тәжірбиесін жақсарту.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау жөнінде теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігін арттырады;

  2. Қалыптастырушы бағалау түрлерімен танысады;

  3. Бағалау түрлерінің мақсатын анықтауға және негіздеуге үйренеді.

  4. Оқу сапасын бағалау арқылы жақсартуды тәжірибе жасау арқылы үйренеді.

Негізгі идеясы: Критериалды бағалау дегеніміз не? Дескриптор не үшін керек?

Коучинг-сессияның өткізілу кезеңдері

Уақыты

Тәлімгердің іс-әрекеті

Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ресурстар

Бағалау

Психология

лық ахуал туғызу.

Топқа бөліну

5 минут

Қатысушыларға әр елдің түрлі амандасуы жазылған бетшелер таратады.

Бетшенің артына жазылған сандар бойынша топқа бөлінеді.

Қатысушылар ортаға шығып, әр тілде бір-бірімен амандасады.

Топқа бөлініп отырады.

Қатысушылар арасында көңілді көңіл-күй орнайды.

Топ құрылады.

Парақшалар

Қол шапалақтау

Білу

Түсіну

10 минут

Критериалды бағалау деген не?

Критериалды бағалауды енгізу мақсаты неде?

Басты ерекшеліктері қандай?

Қатысушылармен сухбаттасу, талқылау

Критериалды бағалау тұралы мәлімет алмасады, түрлерін талқылап, қажеттілігіне көз жеткізу

Слайд-презентация

Қалыптастырушы бағалау

Қолдану

15 минут





«Мұғалімдер күні» ашық хат жасауды тапсырады.





Әр топқа бөлінген қатысушы мұғалімдер ашық хатты бірігіп жасайды.





Қатысушылар бірігіп ашық хат жасап шығарады.





Қағаз, қайшы, желім, маркерлер. Стикерлер

Қатысушы топтар бір-бірінің жұмысын «5» баллдық жүйеде бағалайды.

Талдау

5

минут

Сұрақтар қояды.

  • Қойылған бағамен келісесіз бе? Неліктен?

Жұмысыңызды бағалаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

  • Сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғанын біледі ме? Қалай және қайдан біледі?

Қойған бағаларын қорғайды, ой-пікірлерін ортаға салады.

Қатысушылар ой бөліседі.

Сұрақ жазылған бетшелер

Қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдайды.

Сергіту сәті

5 минут



Бейнетаспадан сергіту сәтін орындатады.



Барлығы сергіту сәтін орындайды.

Көңіл-күй көтеріледі. Жағымды ахуал орнайды.




Қол шапалақтау

Жинақтау

10 минут

Жасалған ашық хатты бағалау үшін критерий мен дескриптор құруды тапсырады.

Топта ақылдасып, критерий мен дескриптор құрастырады.

Критериалды бағалау туралы толық түсінеді.

Маркерлер, флипчарттар.

Тәлімгердің шолуы

Бағалау

5 минут

Стикерлер таратады

Жұмыстың екі ұнаған тұсын, бір жақсартуды қажет ететін тұсын стикерге жазып қалдырады.

Тәлімгер мен қатысушылар арасында кері байланыс арқылы тиімді қарым-қатынас орнайды.

стикерлер

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Дескрипторлар

Критерий

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай








Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әртүрлі.

Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді.

Әдеп, мәдениет - амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні - ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ - адал, таза екенін білдіру.
Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек.
Қауышып, амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады. Қыздар бір - бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе «Сәлеметсіз бе?», «Есен - саусыз ба?» деп амандасады.
Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді.

Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, ол «Сізге Алланың нұры жаусын» - дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» дегенді ұқтырады.

Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының «хонги» сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар «ха» рәсімін жүргізеді. «Ха» рәсімі - Тәңірге құлшылық ету. Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.

Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

Моңғолия. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған «хада» деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте оның түсі ақ. Кейде көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі - үлкен құрметтің белгісі.

Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің «куник» деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. «Коутоу» дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.

Тай елінің амандасу рәсімі «вай» деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, «савадди» деп айтады. Ежелден келе жатқан «вай» сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.

Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, «мано по» деп айтады. «Мано» - қол, «по» - құрмет деген мағына береді

Қойылған бағамен келісесіз бе? Неліктен?

Жұмысыңызды бағалаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

Сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғанын біледі ме? Қалай және қайдан біледі?

Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау- оқушы білімін нақты бағалау



Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау- оқушы білімін нақты бағалау



Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау- оқушы білімін нақты бағалау



Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау- оқушы білімін нақты бағалау



Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау- оқушы білімін нақты бағалау



Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау- оқушы білімін нақты бағалау

© 2010-2022