Математикадан сабақ жоспары: : Ондық бөлшектерді қосу

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: әрбір оқушыға сапалы терең білім беру, ой-өрісін дамыта отырып, ақпараттық құралдар арқылы алған білімдерін бекіту.

Ә) дамытушылық: теорияны практикамен ұштастыра отыра, амалдарды тиімді пайдалануға үйрету және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Б) тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттырып, өз бетінше еңбек етуге, ой-өрісін кеңейтіп, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО элементтерін қолдану.

Сабақтың түрі: Білімділік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар т.б.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларының зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасы бойынша «Ой қозғау»

  1. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейді?

  2. Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?

  3. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырады?

ІІІ Жаңа сабақ.

І слайд.

1-мыс: 4,21+5,47= Математикадан сабақ жоспары : : Ондық бөлшектерді қосу+ Математикадан сабақ жоспары : : Ондық бөлшектерді қосу= Математикадан сабақ жоспары : : Ондық бөлшектерді қосу=9,68

Баған түрінде қосу.

+Математикадан сабақ жоспары : : Ондық бөлшектерді қосу

Ондық бөлшектерді қосу үшін:

а) нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбалардың санын теңестіру керек.

ә) ондағы аттас разрядтар бірінің астына бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп жазу керек.

б) разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек. 2-мыс:

+Математикадан сабақ жоспары : : Ондық бөлшектерді қосу

ІІ слайд. Қосудың қасиеттері.

а+b=b+a (ауыстырымдылық)

14,25+7,341=7,341+14,25. 14,25+7,341=21,5917

(a+b)+c= a+(b+c) (терімділік)

(15,224+8,1)+1,9=15,224+(8,1+1,9)=25,224

ІҮ Жаңа сабақты пысықтау:

а) Тақтаға есеп шығару: №991, 992

ә) «Талаптыға нұр жауар» мұнда мақал-мәтелдер айтылады. Оның ішіндегі екі сан есім есептің жауабы.

  1. Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.

998,6+1,4=1000,0

0,8+0,2=1,0

  1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

3,4+3,6=7,0

0,3+0,7=1,0

  1. Бір тал кессең, он тал ек.

0,36+0,64=1,00

3,86+6,14=10,00

«Қатесін тап»

Берілген есептерде «үтірді» амалдың орындалуына байланысты дұрыс қойып, қатесін табу керек.

8,65 + 23,4 = 10,99

3,17 + 43,3 = 7,50

63,7 + 17,45 = 23,82

90,1 + 5,66 = 14,67

Ү Қорытындылау

ҮІ Бағалау

ҮІІ Үйге тапсырма: № 32, № 995, 996.




© 2010-2022