Сабақ жоспары. тақырыбы: Теңге

Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы №6 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Макишева Алтынай Ахмедиевна

Сабақтың тақырыбы: «Теңге».

Сабақтың мақсаты: Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру

Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету. «Теңге» ұғымын қалыптастыру.

Теңгедегі бабалар өмірінен мағлұмат беру.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын ояту.

  1. Ауызша есептеу.

Мультфильмдегі қасқыр мен қоянның киімдерін бояу.

(берілген амалдарды орындау)

  1. Өткен тақырыпты қайталау.

  • Пішіндерді атау

  • Дидактикалық ойын «Мысықтың үйін тап».

Жаңа сабақ.

  1. Мұғалімнің түсіндіруі: (слайдтар арқылы)

Теңге - ұлттық ақшаның атауы.

Түрлері: ұсақ теңгелер темір күйінде болады, 1,2,3,5,10.

Ірілене береді, ірі болған сайын құны артады, ұсақталған сайын құны кемиді.

  1. Ірі теңгелердегі ұлы адамдар бейнесі Әл-Фараби, Абай Құнанбаев туралы қысқаша мағлұмат беру. (Слайдта көрсетіліп отырылады).

  2. Теңгелерді көрсете отырып, таныстыру. (Суреттер арқылы, слайдтар арқылы)

  3. Әр ұлттың өз ақшасы бар.

Қырғызда - сом, өзбекте - сум, орыста - рубль, немісте - марка, қытайда - юань, америкада - доллар.

Сергіту сәті.

Оң қолымда - бес саусақ,

Сол қолымда - бес саусақ.

Екі қолды қосқанда,

Болады екен он саусақ.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 (саусақтарын жұмып отырып, тура санайды)

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 (саусақтарын ашып отырып, кері санайды)

  1. 3,5,10 теңгеліктердің құрамы.

Тақтада түсіндіріліп отырып, орындалады.

  1. Дәптерлерінде жұмыс.

1+3=4

1+1=

3+3=

3+5=

5+3=

5+1=

3+3+1=

5+5=

5+3+1=


  1. Оқулықтағы суреттер мен белгілерге қарап есеп құрастыру.

  • Бір стақан шай 5 теңге, бір күлше де 5 теңге тұрады. Барлығына қанша ақша бересің?

5+5=10 (тг)

Сабақтың соңы.

  1. «Дүкен» ойыны.

  2. «Ұқсастығын» және «Айырмашылығын» табу.

  3. Мадақтау.

Сабақ қалай өтті. (балалардың ой- пікірлерін сұрау)









Көкшетау қ. №6 орта мектеп














Бастауыш сыныптарының онкүндігінде өткізілген ашық сабақ жоспары.


Тақырыбы: «Теңге»

0 «В» сынып


Мұғалімі: Макишева А.А.











2010-2011 оқу жылы

© 2010-2022