Сабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар

Сабақ мақсаты: оқушылардың логикалық ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математика пәніне қызығушылықтарын арттыру; оқушыларды жарысуға, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, әр ісіне жауапкершілікпен қарауға үйрену;

Сабақ көрнекілігі: слайд, үлестірмелі карталар, бағалау парағы.

Сабақ жоспары:

І. Таныстыру

ІІ. Викториналық сұрақтар

ІІІ. Математикалық терминдер

ІҮ. Математика мақал-мәтелде

Ү. Тапқыр болсаң, тауып көр

ҮІ. Жанкүйерлерге тапсырма

ҮІІ. «Зейінді геометр»

Сабақ барысы:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін,

Нағыз пән - математика атанғансың, - дей келе сайысымызды бастайық.

Алдымен ойыншының білімін дұрыс бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық.

  1. ________________________________________________

  2. ________________________________________________

  3. ________________________________________________

І. Таныстыру. Топтар өздерін, эмблемасымен таныстырады.

ІІ. Викториналық сұрақтар:

1-топқа:

  1. Бүтінді 4-ке бөлгендегі бір үлес қалай аталады? / ¼ бөлік/

  2. Үшбұрыш төбесінен қарсы қабырғасының ортасына жүргізілген кесінді

/ медиана/

  1. Екі өрнектің кубтарының қосындысы / осы өрнектердің қосындысын олардың айырмасының толымсыз квадратына көбейткенге тең/

  2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы / 1800/

  3. Төртбұрыштың қандай түрлері бар?

  4. Стол беті төртбұрышты, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрышы қалады? / 5/

  5. Қандай санның кез келген дәрежесі сол санның өзіне тең?

  6. Жарты қарбыз 20 теңге, бүтін қарбыз қанша тұрады? /40/

2-топқа:

  1. Қатар тұрған 3 санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Бұл қандай сандар? /1, 2, 3/

  2. Санның жүзден бір бөлігі / процент/

  3. Барлық қабырғасы тең төртбұрыш / квадрат/

  4. 75 % санның қандай бөлігі? / 3/4 /

  5. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барады? / 5/

  6. Квадрат түбірді түрлендірудің неше тәсілі бар? / 3/

  7. Үшбұрыштың бір ішкі бұрышына сыбайлас бұрыш / сыртқы/

  8. Екі өрнектің квадраттарының айырмасы / осы өрнектердің айырмасы мен қосыныдысының көбейтіндісіне тең/

ІІІ. Математикалық терминдер:

Бұл сайыстың шарты бойынша әр топқа бір әріп беріледі. 2 минутта берілген әріптерден басталатын математикалық терминдерді жазу керек. Әр терминге 1 ұпайдан беріледі.

ІҮ. Математика мақал-мәтелде:

Біздің келесі кезеңіміз «Математика мақал-мәтелде» деп аталады. Мұнда мен мақал-мәтелдің басын айтамын, сіздер жалғасын табу керек.

1-топқа:

  1. Бір тал кессең, ..../он тал ек/

  2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді ... /төртеу түгел болса, төбедегі келеді/

  3. Досыңды үш күн сынама, ..../үш жыл сына/

  4. Білгенің бір тоғыз, ... /білмегенің тоқсан тоғыз/

  5. Бір кісі қазған құдықтан, .../мың кісі су ішеді/

  6. Ұлға отыз үйден, .../қызға қырық үйден тыю/

2-топқа:

  1. Білекті бірді жығады, .../білімді мыңды жығады/

  2. Екі жақсы қас болмас, .../екі жаман дос болмас/

  3. Бір түйір дәнде .../бір тамшы тер бар/

  4. Бес бармақ жиылса, ..../жұдырық болады/

  5. Алты аға бірігіп әке болмас, ..../жеті жеңге бірігіп ана болмас/

  6. Алдыңа бір қарасаң, .../артыңа он қара/.

Ү. Тапқыр болсаң, тауып көр:

Тапсырма сары және қызыл жұлдызша артында жасырылған. 10 ұпаймен бағаланады.

1-тапсырма: Сұрақ белгісінің орнында қандай сан тұрады?

8 6 5

Сабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар

4 6 5 12 15 9

(4*6)/8=2 (5*12)/6=10 (15*9)/5=27

2-тапсырма: Сұрақ белгісінің орнында қандай сан тұрады?

Сабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар

14 5 12 3 17 9

10 6 5

(14-5)*10=90 (12-3)*6=54 (17-9)*5=40

ҮІ. Жанкүйерлерге тапсырма

3 стақан және ақ парақ беріледі. Сол заттарды пайдаланып 2 стақанның үстіне 3-ші стақанды бір-біріне тимейтиндей етіп орналастыру қажет.

ҮІІ. «Зейінді геометр» сайысында екі топқа төмендегідей 2 фигура беріледі. Осы фигураларды бір ғана түзу бойымен бір ақ рет қиып, шаршы құрастыру керек.

Сабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар

Сабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар

Сабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озарСабақтың тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар

Қорытынды: әділқазыларға сөз беріліп, жеңімпаз топ анықталады.

Сонымен, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.


© 2010-2022