Шалқан (орыс халық ертегісі)

Білім беру саласы : Қатынас Оқу іс-әрекеті : Көркем әдебиет Тақырыбы : Шалқан (орыс халық ертегісі) Мақсаты : Ертегіні мән беріп тыңдауға,сөздік қорын                      молайтуға,суреттерді көруге,түсінуге үйретеді.         Әдіс-тәсілі : мәнерлеп оқып,түсіндіру Көрнекілік : Конустық театр,суреттер Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеті   Ынталандыру                                   Ұйымдастыру                                                                                                 Қорытынды:         Шаттық шеңбері.Тәрбиеші балалардың қолынан ұстап үлкен шеңбер бойына жинайды. Кел балалар шеңберге, Көңілді болып тұрайық. Бір-бірімізді көргенде, ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : Қатынас

Оқу іс-әрекеті : Көркем әдебиет

Тақырыбы : Шалқан (орыс халық ертегісі)

Мақсаты : Ертегіні мән беріп тыңдауға,сөздік қорын молайтуға,суреттерді көруге,түсінуге үйретеді.

Әдіс-тәсілі : мәнерлеп оқып,түсіндіру

Көрнекілік : Конустық театр,суреттер

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру









Ұйымдастыру

























Қорытынды:


Шаттық шеңбері.Тәрбиеші балалардың қолынан ұстап үлкен шеңбер бойына жинайды.

Кел балалар шеңберге,

Көңілді болып тұрайық.

Бір-бірімізді көргенде,

Хал жағдайды сұрайық.

Амансың ба - достарым

Амансың ба - алтын күн

Амансың ба - көк аспан

Амансың ба - жер ана

Бәріміз бүгін біргеміз

Қане,балалар қуанып

Қол шапалақтап ұрайықшы

Жарайсыңдар балалар.

Балаларға көктем мезгілі туралы әңгімелеу.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін айтып беремін.

Ертегі барысы:мәнерлеп айту,конустық театр арқылы сахналау.

Шал шалқан егіп,оған:

-Дәмді шалқаным,үлкен болып өсе бер!-деді.

Шалқан үлкен болып өсті.Шал шалқанды жұлуға барды-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Шал кемпірін шақырды.Кемпір шалды,шал шалқанды тартты:әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Кемпір немересін шақырды.Немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Немересі күшігін шақырды.Күшік немересін,немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Күшік мысықты шақырды.Мысық күшікті,күшік немересін,немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,жұла алмады.Мысық тышқанды шақырды.Тышқан мысықты,мысық күшікті,күшік немересін,немересі кемпірді,кемпір шалды,шал шалқанды тартты-әрі тартып,бері тартып,ақыры шалқанды жұлып алды!

Мінекей балалар,ертегі осымен аяқталды.

-Ертегі сендерге ұнады ма?

-Балалар ертегіде қандай кейіпкерлерді көрдіңдер?

-Шалқан қайда өседі екен?

Сергіту сәті:

Балалар бүгін біз қандай ертегіні тыңдадық?

Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?

Иә,балалар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,барлығы бірігіп шалқанды жұлып алды.





























Балалар тәрбиеші көмегімен жауап береді.



Шалқан ертегісі



© 2010-2022