Ашық сабақ жоспары

Пайыз тақырыбына есептер шығару Өтілген тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу,тақырыпты тиянақтау. Санның пайызын табу,пайызы бойынша санды табудың әр түрлі жағдайын дамыта оқыту, өз бетінше жұмыс жасауға баулу. Қызығушылығын ояту, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс,АКТ. Пайызды бөлшекпен жазу,санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табуға берілген есептерді шығарады. Өтілген тақырыптардан алған теориялық білімдерін қолданып біледі. Пайыз. Санның па...
Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Облыстық семинар тақырыбы:


Жаңа педогогикалық технологияларды

енгізу арқылы математикадан білім сапасын

арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.




Ашық сабақ : Пайыз тақырыбына есептер шығару.

5-сынып.

Ашық сабақ жоспарыШырақбаева Мария Тенелбаевна

Түпқараған ауданы Ақшұқыр

мектеп-лицейінің математика

пәні мұғалімі.



Ашық сабақ жоспары


Ашық сабақ жоспары

Сынып: 5

Пәні: математика

Мұғалім: Шырақбаева М

Сабақ тақырыбы

Пайыз тақырыбына есептер шығару

Жалпы мақсаты


Өтілген тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу,тақырыпты тиянақтау. Санның пайызын табу,пайызы бойынша санды табудың әр түрлі жағдайын дамыта оқыту, өз бетінше жұмыс жасауға баулу.

Әдіс-тәсілдер

Қызығушылығын ояту, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс,АКТ.

Оқыту нәтижелері

Пайызды бөлшекпен жазу,санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табуға берілген есептерді шығарады. Өтілген тақырыптардан алған теориялық білімдерін қолданып біледі.

Түйінді идеялар

Пайыз. Санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу.

Ресурстар

Интертақта, А4 парақтары, стикер, үлестірмелер.

Сабақ барысы

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру.

Білу

1 мин

5 мин

Танысу. Тілек айту.

Топқа бөлу.

Жай бөлшек, ондық бөлшек, санның проценті жазылған стикерлер ұсынады.

1.Жай бөлшектер тобы.

2.Ондық бөлшектер тобы.

3.Пайыз тобы.

Жүрекше пішінді стикерлер алады.Алған стикелеріне қарай топтарға бөлінеді.Топ атына байланысты білгендерін айтады.

Түсіну

5 мин

Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тапсырмалар.

1.Пайызбен жаз.7/100; 29/100;125/100;

2.Саннын бөлігін табу.

300-дің 2/5-сі

3.Санның пайызын табу.

200-дің 25 %-ы

4.Бөлігі бойынша санды табу.

½-і 40-қа тең.

5. Пайызы бойынша санды табу. 50 %- ы 40 -қа тең.

Тапсырмаларға ауызша жауап береді.

Қолдану


10 мин


Топтық жұмыс ұсынады.

1-топ тапсырмасы.

Сыныпта 35 оқушы бар,оның 60 %-ы үйірмеге қатысады. Неше оқушы үйірмеге қатыспайды?

2-топ тапсырмасы.

Картоптың 21 %-ы крахмал . 46,2 кг крахмал алу үшін қанша кг картоп қажет?

3-топ тапсырмасы .

Балықшы 14 сазан аулады. Бұл оның барлық балығының 28 %-ы. Ол барлығы неше балық аулады?

Топ мүшесі тапсырманы алдымен жеке орындайды.

Топпен тексереді.

Тақтада орындайды.

1-топ.

Ш: 100%-60%=40%

40%=0,4 35*0,4=14

2-топ.

Ш: 21%=0,21

46,2:0,21=220

3-топ

Ш: 28%=0,28

14:0,28=50

Талдау

10 мин.


2 мин

Шығармашылық жұмыс.

Аскар 9 жаста. Бұл оның әкесінің жасының 25%-ындай. Ал әкесінің жасы атасының жасының 75 %-ындай. Атасы неше жаста?

Сергіту сәті.

Есеп беріледі.

Тақтаға қарап тұрып көз жаттығуларын орындау

Жинақтау

7 мин.

Тест жұмысын береді

  1. 20%-ті бөлшек түрінде жаз.

А) 2/100; Ә)1Ашық сабақ жоспары ; Б)1Ашық сабақ жоспары

2. 24 кг 100 кг-ның неше пайызын құрайды?

А) 20%; Ә) 200%; Б) 24%; В) 8% .

3.120-ның 40% -ын тап.

А) 480; Ә) 3; Б) 80; В) 48.

4.75%-ы 15-ке болатын санды тап:

А) 20; Ә) 600; Б) 55; В) 400.

5.Сыныпта 18 қыз бар. Бұл сыныптағы барлық оқушының 60 %-ы . Сыныпта барлығы неше оқушы бар?

А) 30; Ә) 28; Б) 42; В) 3.

Тест орындайды.

Интерактивті тақтадан жауабын тексеріп,

бірін -бірі бағалайды.

1.В

2.Б

3.В

4.А

5.А

Бағалау

2 мин

Бағалау парақшалары бойынша бағаланады.

Кері байланыс

2 мин

Білім ағашына сабақ туралы ойларын стикерлерге жазып жапсырады.

Кейінгі тапсырма

1 мин

Тақырып . 7.3. №1318. №1319.


© 2010-2022