• Преподавателю
  • Математика
  • «Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды ОЖСБ-ға дайындау»

«Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды ОЖСБ-ға дайындау»

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды

ОЖСБ-ға дайындау»

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемелкеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауындағы «Оқыту үрдісінде -ақпараттық технологияларды білім беру сапасын жақсартуда қолданысаясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудамын.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.

Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткеді;

Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;

Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны оқушыға беру процесі.

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану,Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру; Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:

Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;

Практикалық шараларды анықтап,жүзеге асыру;

Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;

Математика - оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын.Ол оқушылардың интеллектін,логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға,табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.

Математика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай,оқушының ойын дамытып,эмоциясына,сезіміне қозғау салады.Өзіне қажетті мазмұын мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап,өз бетінше ойланып,шешім қабылдауға дағдыланады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталды.Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:

1.Білім,білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

2.Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

3.Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;

4.Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

5.Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;

6.Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Ақпараттық инфрақұрылымның дамуы ақпараттық технологиялардың барлық салаларға енуі оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасайды

Масугутова Кульбаршын Магауовна

Павлодар облысы, Май ауданы

© 2010-2022