Презентация по казахскому языку на тему Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты: Математика

Сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Сабақ мақсаттары:

Білімділік:

құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу түсінігін қалыптастыру;

жіктеу алгоритмін практикада қолдану машықтарын нығайту;

жай және құрама сандар ұғымдарын қайталап, бекіту.

Дамытушылық

ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын дамыту;

логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

ойын жеткізе білуін және ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік

ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;

ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге тәрбиелеу;

өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру

оқушыларды өзін - өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге,

үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия,

үлестірме материалдар, тест тапсырмалары

Сабақтың әдісі: Білім байқау

Оқыту технологиясы: Түсіндіре біле оза оқыту

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру бөлімі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Сыныптың ішкі тәртібін қадағалау

2. Ой қозғау- үй тапсырманы тексеру

Мұнда оқушылар үйге берілген тапсырманы сұрақтар арқылы және есептерді тексеру арқылы алға жылжимыз. №248; №250

Сұрақ ереже сұрау:

1. Жай сандар дегеніміз қандай сан?

2. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атаймыз?

3. Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атаймыз?

4. Қандай сандар 5 -ке бөлінеді?

5. Қандай натурал сандар 9 -ға бөлінеді?

6. Құрама сан дегеніміз не?

7. Жұп жай сан барма, болса нешеу?

3. Ой толғау - жаңа сабақты өту

Құрама сандарды тек қана жай сандар көбейтіндісі түрінде жазуды жай көбейткіштерге жіктеу деп атайды.

135 3 135:3=45

45 3 45:3=15

15 3 15:3=5

5 5 5:5=1

1

Берілген құрама сан жазылып, жанына вертикаль сызық сызылады.

Берілген құрама санның ең кіші жай бөлгіші табылып вертикаль сызықтың оң жағына жазылады.

Вертикаль сызықтың сол жағына, берілген санның астына, әрбір реттегі бөлудің нәтижелері жазылады.

Нәтижесінде 1 саны шықса - жіктеу аяқталады!

Нәтижесінде шыққан жай сандарды көбейтінді түрінде жазсақ - берілген сан жай көбейткіштерге жіктелді деп санаймыз.

4. Ой түйін - есептер шығару

(А - деңгейі)

№263. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеңдер:

1)

2)

№266. бөліндісінің мәнін табыңдар:

1), ,

2) , ,

3), ,

№273. Көлемі 1) 27 ; 2) 125 болатын кубтың қырының ұзындығы неше сантиметр?

;

№275. Өлшемдері жай сандармен өрнектелетін жәшіктің көлемі 70 . Жәшіктің өлшемдерін табыңдар.

5. Шағын тест

1. Қандай сандар жай деп аталады?

А) 0- ден 9 -ға дейінгі

С) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар

В) Екіден артық бөлгіштері бар натурал сандар

D) 1 саны

2. Құрама сандар -

А) 0- ден 9 -ға дейінгі цифрлар

С) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар

В) Екіден артық бөлгіштері бар натурал сандар

D) 1 саны

3. Санды жай көбейткішке жіктеу дегеніміз не?

А) кез келген екі санның көбейтіндісі түрінде жазу

С) жай сандардың бөліндісі түрінде жазу

В) бір санды қосынды түрінде жазу

D) жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу

4. 24 санының жай көбейткіштерге дұрыс жіктелуін тап:

А) 24=2*12 С) 24=2*2*2*3

В) 24=3*4*2 D) 24=2*2*6

5. 12 санының бөлгіштерін тап:

А) 1,2,3 С) 2,3,6

В) 1,2,3,4,6,12 D) 1,2,3,6,12

1. Қандай сандар егіз сандар деп аталады?

А)Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең сан

В)Айырмасы 2 - ге тең екі жай санды

С) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар

Д) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар

2.Қандай сандар 2 - ге бөлінеді?

а)жұп сан в) тақ сан;

с) кемел сан д) егіз сан

3.Екіден көп бөлгіштері бар сан?

а) жай сан в) құрама сан;

с) тақ сан д) жұп сан.

4. 18 санының жай көбейткіштерге дұрыс жіктелуін тап:

А) 18=2*12 С) 18=1*2*3*6*9*18

В) 18=3*4*2 D) 18=2*3*3

5. 36 санының бөлгіштерін тап:

А) 1,2,3,4,5,6 С)1,2,3,4,6,9,12,18,36

В) 1,2,3,4,6,12 D) 1,2,3,6,12

6. Қорытындылау

1.Математикалық өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер?

2. Үшбұрыштың периметрі формуласы?

3.Жолдың формуласы?

4. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы?

5. Ең кіші жай сан?

6. Қандай сандар 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінеді?

7. 16 санын жай көбейткішке жікте?

8. 20 санын жай көбейткішке жікте?

7. Үйге тапсырма: №267, №277, №282

8. Бағалау.

© 2010-2022