Есептер шығару 4 сынып

Раздел Математика
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі Бекітемін:

Сынып: 4 «Ә»

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабактың мақсаты:

  1. Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту, етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметін меңгерту.

  2. Сөйлеу барысында етістіктерді мағынасына сай дәл, дұрыс жұмсай білу дағдыларын дамыту.

  3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Типі:қайталау

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, қайталау, практикалық.

Сабақтың барысы:

3-сыныпта етістік туралы толық
түсінік беріліп, білімдері кеңейтілді. Етістік туралы жалпы мағлұмат бе-
рілгеннен кейін етістіктердің күрделі түрімен таныстырылды. Күрделі
етістіктер оқушылардың сөйлеу тілінде үнемі кездескенімен, күрделі
етістік деп аталатыны жөнінде арнайы жеке айтылмайды. Күрделі
етістіктерге сұрак қойдыра отырып, олардың бір сұраққа жауап беретінін, екі не үш етістіктің бірігіп, бір қимылдық ұғымды білдіретінін естеріне түсіріндіріп кетемін. туынды

Етістік

болымды болымсыз

негізгі

1-жаттығу заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білім-
дерін еске түсіруге арналады.

2-жаттығу арқылы болымды, болымсыз етістіктер қайталанады.
Болымсыз етістіктерді (барма, келме, т.б.) -ма, -ме, -ба, -бе буынына аяқ-
талатын кейбір болымды етістіктермен (жама, арба, қама, күрме, серме,
т.б.) салыстырған дұрыс. Мұндай жағдайда бастауыш сынып оқушылары көп шатасады. Бұл сөздердің алдымен мағынасын анықтап алу керек.

3-жаттығуды орындай отырып, дара, күрделі етістіктерді қайталайды, оларды ажырата білуге үйренеді. Әр бөлімдегі суреттерді салыстыра
отырып, қай бөлімнің артық екенін тауып, дәлелдейді. Бұл жерде барлық
көріністерде балалар іс-әрекет, қимыл жасауда, тек бір көріністегі бала
тұмшаланып алып, бос қарап тұр. Қимылдап жүрген балалар мен бекер
тұрған баланы салыстыра отырып, мұғалім тәрбиелік мәні бар әңгіме
жүргізуіне болады.

4-жаттығуда көп нүктенің орнына әріп қою арқылы негізгі етістік
жасайды.

Шашпа, шықшы, таста, аса, оқы, тоқта, шоқы.

Оқушылар басқа нұсқаларын ұсынуы мүмкін. Бұл жерде аса сөзіне
жеке тоқтала кеткен жөн. Мысалдар келтіре отырып, (аса биік, тамақты
аса) қай кезде етістік болатынын анықтайды.

Қорытынды

  • Не білдік?

  • Не үйрендік?

Үйге тарсырма. 5-жаттығуда берілген туынды етістіктерді сөз құрамына талдай
отырып, басқа сөз табынан жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды
етістіктермен танысады. Негізгі түбір сөздің мағынасы мен туынды түбір сөздің мағынасы салыстырылады.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқандарды бағалаймын.



Математика Бекітемін:

Сынып: 4 «Ә»

Мерзімі:

Тақырыбы: Артынан қуып жету қозғалысына берілген есептер.

Мақсаты: 1. Балаларды қуып жету қозғалысына берілген есептің жаңа түрімен таныстыру, бір бағыттағы қозғалыс кезіндегі жақындау жылдамдығы туралы түсініктерін қалыптастыру,

2. Есептеу дағдысын және логикалық ойлауын дамыту;

3.Ұқыптылыққа және өздігінен жұмыс істей білуге баулу.

Сабақтың типі: жаңа түсінік беру сабағы.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік

Көрнекілігі: суреттер, кестелер,ереже жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8 25 бет. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Өткенді қорыту: Өткен сабақта біз немен таныстық?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс

№1.

Есептер шығару 4 сынып

Есептер шығару 4 сынып

Есептер шығару 4 сынып

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Есептер шығару 4 сынып

1) 120-100=20 (м/мин) - балалардың бір-біріне жақындау жылдамдығы.

2) 160:20=8 (мин) - Әлібекті қуып жету үшін Мұратқа осынша уақыт қажет.

Өрнек түрінде: 160: (120-100)=8 (мин)

Шығармашылық жұмыс. № 4

7938-14∙а=35280:360

7938-14∙а=98

14∙а=7938-98

14∙а=7840

а=7840:14

а=560

7938-14∙560=35280:360

х∙32-123=3013

х∙32=3013+123

х∙32=3136

х=3136:32

х=98

98∙32-123=3013

с·210-900=12750

с·210=12750+900

с·210=13650

с=13650:210

с=65

65·210-900=12750

№5,6 тапсырмаларды оқушыларға бағаға өзіндік жұмыс ретінде орындату.

ҮІІ. Қорытындылау Бүгін не білдік? Жақындау жылдамдығын табу үшін не істеу керек?

ҮІІІ .Үйге тапсырма: № 7,8, 27 бет

Бағалау. Сабаққа қатысқандарды бағалау

Математика Бекітемін:

Сынып: 4 «Ә»

Мерзімі:

Тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептерді шығару

Мақсаты: Оқушыларды жаңа есеп түрлерін шығару қабілетін бекіту, өзара кері есептер құрастыруға болатынын көрсетіп беру; өздігінен түсініп есеп шығаруға дағдыландыру;

3.Салыстыру, қорытынды жасай білуге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7,8. Оқушылармен оқып талдау, дәптерлерінен тексеру.

Есептер шығару 4 сынып

ІІІ. Өткенді қорыту: Өткен сабақта біз немен таныстық? Жақындау жылдамдығы дегеніміз не? Жақындау жылдамдығын табу үшін не істеу керек?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.

Есептер шығару 4 сынып

№2 тапсырманы тақтаға түсіндіре отырып шығару.

№3 тапсырма.

Есептер шығару 4 сынып

№ 4,5. Амалдарды орындау. Балаларға өзіндік жұмыс ретінде орындату.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Шығармашылық жұмыс

Есептер шығару 4 сынып

ҮІІ .Қорыту. Бүгін не білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 6,7. 29 бет.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқандарды бағалау.



Әдебиеттік оқу Бекітемін:

Сынып: 4 «Ә»

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпакбаев

Сабақтың мақсаты:

1.Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды бөлуге жағдай туғызу,
мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге
кұрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.

2.Оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік
жұмысын өз бетімен, жұпта, топта жүргізе білуқабілетерін дамуына
ықпал ету.

3.Үлкендерді сыйлауға, бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, мәтіндегі оқиғаға ұқсас кинофильмнен үзінді. («Менің атым Қожа»
фильмінен үзінді көрсетуге болады.)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім жаңа сабақта «Кім кінәлі?» мәтінін оқып береді.Оқушылардан мәтін мазмұнын зейін қойып тыңдау сұралады.

Өздері таңдаған қасиеттері бойынша топтарға бөлінеді.

  1. Топқа бөлу.

  2. Топ басшыларын сайлау.

  3. Әр топ өзінің таңдаған атына қысқаша түсініктеме беріп өту, таңдау
    себептерін айту. (Әр сыныптың жұмыс жасау әрекетіне байланысты
    жұмысты күрделендіруге болады.)

  4. -Осы таңдаған топтың атауларына байланысты қандай ақынның өлеңін
    білесіңдер? Осы асыл сөздер қай өлеңде кездеседі? Бұл кімнің өлеңі? Бұл
    өлеңді не үшін таңдадың? (Бұл өлеңнің негізгі идеясы сенің тақырыбыңды
    ашып тұр ма?)

- Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың такырыбы не туралы болады
деп ойлайсың? Осы өздерің таңдаған тақырыптардың негізінде, яғни адам
бойынан табылатын адами қасиеттер туралы болмақ.

Мәтінмен, автормен таныстыру.

II. Мағынаны ашу.

Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқу. (Ол үшін мәтінді алдын ала бөлімдерге бөліп алу.)

1-бөлім. Көмек.

2-бөлім. Жол көрсету.

3-бөлім. Сыныптас.

4-бөлім. Алғашқы кездесуді еске алу.

1-бөлімді оқу.

  • Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?

  • Бала неліктен шалға көмек берді?

- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?
2-бөлімді оқу.

  • «Бейтаныс баланың көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді» - осы
    сөздердің астарында не жатыр, қалай ойлайсың?

  • Бала шиені ұрлаушылар жөнінде естігенде, неліктен міңгір ете қалды?

  • Қалай ойлайсың, ары қарай оқиға немен жалғасуы мүмкін?
    3-бөлімді оқу.

  • Оқиғаға тағы кім қосылды?

  • Осындай жағдай саған таныс па? Сенің басында осындай жағдай болды ма? Қалай жол таптың?

  • Осы жерде сен үшін ең қызығы не болып тұр? (Сен нені тезірек білгің
    келіп түр?)

«Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы бойынша дәптермен жұмыс.
Баланың әрекетіне баға беру.

- Әңгіме немен аяқталуы мүмкін? Сенің олай ойлауыңа не себеп?
4-бөлімді оқу.

- Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме? Неліктен? Қалай ойлайсың?

«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі ғой» дегенді қалай түсіндің? Бұл
сөздің мәтіндегі оқиғаға қандай қатысы бар? Дәптеріңе жазып ал.

- Мәтіндегі негізгі ойды қандай сөзбен түйіндеуге болады?

Осы нақылдың ішіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөзді дауыс ырғағымен ерекшелеп айтып көр.

- Ал сен тақырыпқа қандай ат және эпиграф таңдап алар едің? (Дәптермен жұмыс.)

Мэтіндегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру. (Әр топ өз қалауы бойын-
ша таңдап алады жэне таңдау себептерін атау керек.)

Сабакты қорытындылау. Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау.

Осы мәтіндегі кімнің орнында болғанды қалар едің? Неліктен?

Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, сыныпта айтылмай, мән берілмей қалған
қандай жайттар бар екен қарастырып келу.

Өзің таңдаған топтың атынан кез келген жазу түрін таңдау арқылы
«РАФТ» стратегиясы бойынша сыныптастарыңның ішінен көңілің толмай
жүрген көршіңе арнау жаз.


Математика Бекітемін:

Сынып: 4 « »

Мерзімі:

Тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептерді шығару.

Мақсаты: Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекіту;

2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3.Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 7.

ІІІ. Тірек білімді өзекті ету. №1 есеп бойынша өрнек жазу.

а) 2000-(278·3) =1166 Жауабы: купеге барлығы 1166 билет сатылды.

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

№2 ізденіске жетелейтін есеп, мұғалімнің көмегімен жүзеге асыруға болады.

№3 Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

№4

Есептер шығару 4 сынып

Сергіту сәті.

Егер жолаушы 10 минутта озып кетсе, жолға кеткен уақыттың 10 минутқа тең болғаны.

1-тәсіл:

70·10=700 (м) - 1-жолаушы жүріп өткен жол.

700-600=100 (м) 2-жолаушының жүріп өткен жолы.

100:10=10 (м/мин) - 2-жолаушының жылдамдығы.

2-тәсіл:

600:10=60 (м/мин) - бір-бірінен алыстау жылдамдығы

70-60=10 (м/мин) - 2-жолаушының жылдамдығы.

Ү. Бекіту.

№8 тапсырма. Сызбада неше үшбұрыш бар?

Жауабы: а) 16 үшбұрыш бар. ә) 13 үшбұрыш бар.

ҮІ.Үйге тапсырма: № 6,7. 35 бет

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқандарды бағалау.

Математика Бекітемін:

Сынып: 4 « »

Мерзімі:

Тақырыбы: Өткенді пысықтау. Қозғалысқа арналған есептерді шығару.

Мақсаты: 1.Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекіту;

2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3.Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, жұптық

Көрнекілігі. схема, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 6,7 ІІІ. Білімін бекіту:

Есеп дегеніміз не? Қозғалысқа арналған есептерге мысал келтір? Жақындау жылдамдығын табу үшін не істеу керек?

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру: Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

№1 тапсырма. Санның бөлігін тап.

Есептер шығару 4 сынып

№2 Сызбалар бойынша есептерді құрастыру және шығару.

№3 Кесте бойынша өрнек құрастырып, мәнін табу.

а) 1750∙31+30723=84973 2880:40+101∙23=2395 320+6300:20=635

ә) 28245-6005:5=27044 45·420-29596:49=18296 4045-375-75·25=1795

Сергіту сәті.

Ү. Жаңа сабақтан алған білімін бекіту.№4,5 тапсырмаларды өзіндік жұмыс ретінде орындау. Шығармашылық жұмыс. № 8

Стақандар

Қарындаштар

Фломастерлер

Қаламдар

Көк стақан

-

+

-

Жасыл стақан

-

-

+

Қызыл стақан

+

-

-

Үйге тапсырма: № 6,7. 37 бет.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқандарды бағалау.

Еңбекке баулу Бекітемін:

Сынып: 4 « »

Мерзімі:

Тақырыбы: Кестелі тақия тігу


© 2010-2022