Білімділер сайысы

"Описание материала: "В этом внеклассном мероприятии, посвященному декаде естественно-математических наук, проведенный между учащимися 9-ых классов с казахским языком обучения есть межпредметная связь. "Игра состоит из 5 этапов. "Первый — знакомство с командами. "Второй — «Білім-қазына, терең мағына» — вопросы по разным разделам наук. "Третий — «Сурет-сурақтар» — вопросы по рисункам. "Четвертый — «Сый сұрақ» — живые вопросы от преподавателей Аркалыкского педагогического института. "Последний — и...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білімділер сайысыБілімділер сайысы"Білімділер сайысы" интеллектуалдык ойыны

(9 «А»,«Ә» сынып оқушылары арасында өткен интеллектуалдык ойыны сценарийі)

Сайыстың мақсаты:оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; терең білімді және дүниетанымы жан-жақты дамыған, патриот жастарды тәрбиелеу.

Сайыс барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қымбатты қонақтар! Келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын!

Намысын найзағайдай жарқылдап бір,
Өр халқым дүниеге даңқыңды асыр.
Дәуірдің бастау алған жиырма бірі -
Еліме болсын ләйім алтын ғасыр.
Ешкім де көзіне ілмес ноқталыны
Ешқандай ондай ұлттың жоқ тамыры.
Бабалар аңсап өткен кезге жеттік,
Қолдасын көк туымды хақ тәңірі -деп, қазақ халқының қуанышты мерекесінің қарсанында өтіп отырған «Білімділер сайысы» атты интеллектуалдык ойынды бастаймыз.
«Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер» деп Ахмет Байтұрсынов ағамыз айтқандай, «Білім жарысы» - білімді жастардың сайысы. «Білім жарысы» - білім жарысы. «Білім жарысы» - елдің намысы.
Осынау аламан бәйгеде бағын сынайтын жастар - 9 «А» , 9 «Ә» сынып оқушылары.
Енді ойыншыларымыздың білімін, ой-өрісін бағалайтын, сараптау жасайтын сарапшылар тобымен таныстырып өтейін:
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жүргізуші:«Білімділер сайысының» өтілу ережесімен таныстырып кетер болсақ, сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Таныстыру
2-кезең:«Білім - қазына, терең мағына» сайысы.
3-кезең. «Сурет-сұрақтар»
4-кезең.«Білгенге - маржан»
5-кезең.«Сый сұрақ» (қонақтар сұрағы)

Дүйім жұрттың көз алдында білім додасына түсіп, өзінің танымдық өресін, рухани жан-дүниесінің байлығын сарапқа салу кез-келген адамның қолынан келе бермесі һақ. Бұл додаға терең білімді, дүниетанымы жан-жақты дамыған, қазақ тілінің қайнар бұлағынан терең сусындаған, жүректі жастар ғана қатыса алады.
Олай болса, «Білім жарысына» қатысушыларды қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
9 «А» сынып тобы:--------------------------------------------------------------------------------------------

9 «Ә» сынып тобы:--------------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші:Ақ жол тілейміз! Сонымен, бірінші сайысымыз «Білім - қазына, терең мағына» деп аталады. Бұл білім жарысында сіздерге өткен пәндер бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Бір сұрақтың жауабы-5 ұпай. Қанша сұраққа жауап берсеңіз, сонша баллға ие боласыз. Сұраққа ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі топ жауап беруге құқығы бар.

Математика
1) Бірнеше бірмүшелер қосындысы қалай аталады? (көпмүше)
2) Шеңбермен ортақ бір нүктесі бар түзуді атаңыз (жанама)
3) Параллель немесе бір түзу бойында жататын векторлар.... деп аталады (коллинеар векторлар)
Қазақстан тарихы
1) Андроновтықтар мойынға таққан тұмаршаларын неден жасады? (мал сүйегі)
2) «Тағы соғыс» мақаласын жазған кім? (Әлихан Бөкейханов)
3) 1867-1867 ж.ж. уақытша ереже бойынша әскери губернатор нені басқарды? (облысты)

Қазақ тілі.

1. Қазақ тілі қашан мемлекетік мәртебе алды? (1989ж)
2. Қазақ тіліндегі ең қысқа сөз. (у)
3. Телефон, теледидар, телепатия, телеграмма сөздерінің құрамындағы «теле» гректен енген сөз. Бұл сөз қазақ тілінде қандай мағына береді? (алыс)

Орыс тілі
1) Сколько разделов в русском языке? (11 разделов)
2) Объясни значение фразеологизмов: «съесть собаку» (Ответ: быть злым), «смотреть сквозь пальцы» (ответ: быть равнодушным или быть невнимательным)
3) Приведи примеры слов-омонимов (5 примеров)(Ответы: коса-коса, ключ-ключ, наряд-наряд, лук-лук, капитанская рубка - рубка леса).


Ағылшын тілі
1) The capital of England is ... London
2) What is the oldest University in England?
3) What is celebrated on the 16 th of December in Kazakhstan?


Қазақстан спорты.
1.Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы (Жақсылық Үшкемпіров)
2. Олимпиада эмблемасын сипаттаңыз. (бес шиыошықтан тұрады: көгілдір, қара, қызыл сары, жасыл - бес құрлықтың белгісі)
3. «Бейжің-2008» олимпиадасынан Қазақстанның қоржынында қанша алтын болды? (2-Илья Ильин (ауыр атлетика), Бақыт Сарсекбаев (бокс))

Салт-дәстүрлер.

1. «Асар» дегеніміз не?(қиын жағдайда бірлесе отырып берілетін көмек түрі)
2. «Бастаңғы» дегеніміз не?(ата-аналар тойға не асқа кеткенде қой сойылып жастардың жиналатын дәстүрі)
3. «Ат тергеу» дегеніміз не? (жаңа түскен келіннің қайындарына, қайысіңілдеріне т.б. қоятын атауы)


Жүргізуші: Келесі 2-кезеңге көшетін уақыт та жетті. «Сурет-сұрақтар» кезеңімізді бастайық. Ойыншыларға суреттермен берілген сұрақтар ұсынылады. Шешімін тез тапқан топ таңбаларын көтеріп,сұраққа жауап береді. Егер шешімін таба алмаса, келесі топ жауап бере алады.Әр сұрақтың бағасы-10 ұпай.

Жауаптар: 1) 2) 3) 4)

Білімділер сайысыБілімділер сайысыБілімділер сайысыБілімділер сайысы

5) 8 шырпы
6) 12 үшбұрыш


Жүргізуші: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, одан әрі сайысымызды жалғастырайық. Келесі сайысымыз «Білгенге - маржан» деп аталады. Бұл турдың ерекшелігі сұрақтар математика пәнінен ғана болады. Ойлануға 10-30 секунд беріледі. Жауабын кім біледі, айтуға құқылы.

1) Сандар тізбегін жалғастыр(3 сан): 2,4,8,16,32,... Жауабы: 64,128,256.

2) Сандар тізбегін жалғастыр(3 сан):1,3,4,7,11,18,...Жауабы: 29,47,76.

3) Сүті бар бидонның салмағы 7 кг, ал жартылай толтырылғанның салмағы 4 кг. Бидон салмағы қанша? Жауабы: 1 кг (7-4=3, 3+3=6, 7-6=1)

Сұрақтарға жауап беріп,жемістерді жинайық!

4) Поезда келе жатып, Әлия терезен қарап, алдында 7 , ал артта 5 вагон бар екенін байқады. Поезда неше вагон бар? Жауабы: 13 вагон.

5) Көпір арқылы барлығы100 дөңгелек өтті. Оның ішінен 20-сы машина. Неше велосипед көпірден өтті? Жауабы: 10 велосипед.

6) Екі ортогональ векторлардың а(2;-3) және в(1;5) скаляр көбейтіндісі неге тең? Жауабы: 0.


Жүргізуші:
Құрметті қатысушылар, «Сый сұрақ» деп аталатын ендігі сайысымызға қош келдіңіздер. Бұл сында өздеріңізге сұрақтарды қонақтарымыз дайындап келген болатын. Әр жауап 5 баллға бағаланады.
1) Пи санының күні қашан тойланады?

Жауабы: АҚШ-та 14 наурыз, өйткені бұл сан 3.14. деп жазылғандықтан- 14.03.

2) Альфред Нобель математиканы өзінің сыйлығына неге кіргізбеді?

Жауабы: Өйткені ол кезде математика ғылымына арналған швед королінің сыйлығы болған.

3) Пьер Ферманы өз заманының ең мықты математигі деп кім санаған?

Жауабы: Паскаль.

4) Ең алғашқы әйел математика ғылымының профессоры Мария Гаэтано Аньезе атымен аталған «Локон Аньезе» деп нені айтқан?

Жауабы: қисық сызық.


Жүргізуші:
Енді, әділқазы алқасы сайыскерлеріміздің баллдық жүйесін есептеп болғанша, өздеріңізбен «Көрермендер сайысын» ойнап кетейік. Назарларыңыз экранда болсын. Ең шапшан және ойшылдар қолын көтеріп, жауап береді. Дұрыс жауапқа сыйлығымыз дайын!

Жүргізуші: Біздің елге таң қалған М. А. Шолоховтың мына бір тамаша сөзімен бөліссем деймін: «Мен сіздердің өңірді шын сүйіп кеттім. Қазақтардың мәдениетіне, тіліне және әдет-ғұрпына қатты қызығамын. Қазақстан - менің екінші Отаным болып алды» деген екен. Көрдіңіз бе, ағайын, біздің елге таңғалуда, олай болса, туымыз биік, еңсеміз жоғары болсын. Ол елді көтеретің, мақтан ететін «Білімділер» жасасың! Енді, ортаға сайысты қорытындылап, сайысқа қатысушыларды марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі. (Әділқазылар сөйлейді)

Жүргізуші:
Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын, ағайын. Бүгінгі танымды зияткерлік сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенеміз. Келген қонақтарға мың да бір алғысымызды білдіреміз. Көріскенше.









1. Айт мейрамында айтылатын ән. (Жарапазан)
2. 7 әріптен тұратын үрлеп ойнайтын музыкалық аспап. (Сыбызғы)
3. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады? (7)
4. «Шілтерлі терезе», «Қвйран Нарын» - кімнің күйлері? (М. Өтемісов)
5. Өрнекті тақыр кілем.(алаша)
6. Бір-бірімен байланысып, рет-ретімен дамып отыратын оқиға?(Сюжет)
7. Дүниедегі ең кішкентай құс?(колибри - оның салмағы - екі грамм, тұмсығының құйрығының ұшына дейінгі ұзындығы - 5 сантиметр)
8. Суыққа ең төзімді қандай құстар? (қаз бен үйрек. Олар 110 градусқа дейін шыдайды)
9. Ерте туып тез жетілген қозыны не деп атайды?(марқа)
10. Қой қолдың тырнағы тез өседі?(Жүрек жақтағы сол қолдың)
11. 1 кг тас ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?(екеуі бірдей)
12. Ең жіңішке, ең мықты жіп?(Өрмекшінің өрмегі. Осы өрмекпен экватор бойымен Жер шарын орап шықса, оған кеткен бар жіптің салмағы 340 грамм. Жуандығы шрйын мен болат сымнан мықтырақ)
13. Дүниежүзіндегі суы мол өзен (Амазонка)
14. Шоқжұлдыздардың астраномиялық атауы (Зодиак)
15. Дүниедегі ұшатын құстар мен жәндіктердің ішіндегі қанатын жиі қағатын қайсысы? (Шыбын. Ол қанатын минутына 57000 рет қағады екен)
Жүргізуші:
Сайыс ережесі бойынша, жоғарғы үш айналымнан кейін ұпай саны аз төрт қатысушы сайыстан шығуы тиіс. Әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша әсем жырға кезек берейік(7 «А» сынып оқушысы Қасымов Серік «Адай»



Ашық сабақ



«Айналу денелері: конус, цилиндр, шар»



9 «А» сыныбы





Білімділер сайысыБілімділер сайысы















Математика пәні мұғалімі:

Ағадиева Қ.И.





















Шалқар қаласы

Күні: 15.03.2013 ж.

Сыныбы: 9 «А»

Сабақ тақырыбы: «Айналу денелері. Конус, цилиндр, шар»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға конус, цилиндр, шар және олардың элементтері туралы

мағлұматтар беру;

Дамытушылық: Конустың, цилиндрдің, шардың бүйір бетінің, толық бетінің

аудандарын табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың

шапшаңдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,

жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу;

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, есептер шығару

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, диапроектор, сызба плакаттар, т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.



Оқушылармен сәлемдесу;

Оқушыларды түгелдеу;

Назарларын сабаққа аудару;

Оқу - құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекітіп қорытындылау

Үй тапсырмасын оқушылардан сұрақ қою арқылы тексеремін.

1. Стереометрия нені зерттейді?











2. Пифагор теоремасын тұжырымда

3. Шеңбердің радиусы дегеніміз не?



5. Тіктөртбұрыш деп қандай фигураны айтамыз?

4. Шеңбердің диаметрі деп нені айтамыз?



Жауаптары:

  1. Стереометрия - кеңістіктегі геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейтін геометрияның бөлімі.

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасынығ квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең болады.

  3. Шеңбердің радиусы дегеніміз - шеңбер центрі мен оның кез-келген нүктесін қосатын кесінді.

  4. Шеңбердің диаметрі дегеніміз - центр арқылы өтетін шеңбердің кез-келген екі нүктесін қосатын кесінді.

  5. Тіктөртбұрыш дегеніміз - барлық бұрыштары тік болатын және ені мен ұзындығы болатын төртбұрыштың бір түрі.





ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.Білімділер сайысы







Конустың түрлері



Білімділер сайысы





Табаны дөңгелек болып келетін және оның биіктігінің табаны дөңгелектің центріне дәл түсетін конусты тік дөңгелек конус деп атаймыз.

Тік емес конустар мектеп курсында қарастырылмайды. Бұл конус айналу денесі болмайды.

Конустың қималары

Білімділер сайысыБілімділер сайысы

















1 - сурет - Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима - тең бүйірлі үшбұрыш

2 - сурет - Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш

3 - сурет - Конусыты оның осіне перендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы - дөңгелек

4 - сурет - Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.



Негізгі формулалар



Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:

Sк.б.б. =πRL

Sтаб =πR2

Sк.тол.беті =πRL + πR2 = πR(L + R)

L- конустың жасаушысы, R - табанының радиусы















Анықтама: Тіктөртбұрышты оның бір қабырғасынан айналдырғанда алынған геометриялық денені тік цилиндр дейміз.



Білімділер сайысы

Білімділер сайысыБілімділер сайысы

















Егер цилиндрдің жасаушылары табандарына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады.

Егер цилиндрдің жасаушылары табандарына қандай да бір а бұрыш жасап көлбеген болса, онда цилиндрді көлбеу цилиндр деп аталады. Білімділер сайысы

Білімділер сайысыБілімділер сайысы

















Негізгі формулалар



Sц.б.б. =2πRh

Sтаб =2πR2

Sц.тол.беті =2πRh + 2πR2 = 2πR(h + R)

h-цилиндр биіктігі, R - табанының радиусы











Анықтама: Жарты дөңгелекті оның диаметрінен айналдырғанда шыққан геометриялық дене шар деп аталады.

Білімділер сайысы











Негізгі формулалар

R - радиус











ІV. Жаңа сабақты бекіту

Есептер шығарту

1 есеп

Конустың жасаушысы 12 дм және табан жазықтығына 300 бұрышпен көлбеген. Конустың биіктігін табыңыз.

Sin300=H/L, 1/2= H/12 , H=6 , Жауабы: 6 (дм)

2 есеп

Конустың биіктігі 20 см, табанының радиусы 15 см. Бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Sк.б.б. =ПRL

L2= H2 + R2 = 400 + 225 = 625, L= 25см

Sк.б.б. =П* 15* 25 = 375 П см2, Жауабы: 375 П см2

3 есеп

Конустың жасаушысы 5 см, табанының радиусы 4 см. Толық бетінің ауданын табыңыз.

Sк.тол.беті =ПRL + ПR2

Sк.б.б. =П * 4 *5 = 20 П,

Sтаб =П * 42= 16П

Sк.тол.беті = 20П + 16П = 36П Жауабы: 36П (см2)

4 есеп

D=12 см Шешуі: Sт.б= 2ПRH + 2П R2

H= 3,5 см R = D/2 = 12/2 = 6см

т/к: Sт.б=? Sц.бб= 2ПRH=2П*6*3,5=42П (см2)

Sт=2П R2= 2П*62= 72П (см2)

Sт.б= 2ПRH + 2П R2= 42П + 72П = 114П см2

Жауабы: 114П см2



V. Бос ұяшықты толтыр



Фигура

R

Sтаб

L

h

Sб.б

Sт.б.

Конус

12

5

Цилиндр

225п

---

20

Шар(сфера)

5

----

---

----

----



Фигура

R

Sтаб

L

h

Sб.б

Sт.б.

Конус

12

144 п

13

5

60 п

204 п

Цилиндр

15

225 п

---

20

600 п

825 п

Шар(сфера)

5

-----

----

----

----

100п



VІ. Жаңа сабақты қорытындылау

КОНУС

ЦИЛИНДР

ҰҚСАСТЫҒЫ





Конус жыры



Клоунға бола аласың бас киім

Тіп - тік болып тұра аласың тас түйін

Бір катеттен айналғанда үшбұрыш

Конус болып қаланады басты үйің



VІІ. Үйге тапсырма.

1. §18 Айналу денелері: конус, шар, цилиндр

2. Оқулық бойынша №281, №282 114 бет

VІІІ. Бағалау.

ІХ. Сабақты қорыту.



© 2010-2022