Коучинг сабағының тақырыбы: Диалогтық оқыту

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№2

Коучинг сабағының тақырыбы:


Диалогтық оқыту


Коучинг сабағының мақсаты:

  • Сындарлы оқыту теориясы арқылы оқушылардың ойлауын дамыту

  • Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушының белсенділігін арттыруға жағдай жасау

  • Балаларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын түсіндіру


Табыс критерийлері

Күтілетін нәтиже:

  • бірлескен топтық жұмыстарды орындау барысында алған білімдері мен ақпараттарын құрдастарымен бөлісе отырып, әрбірінің пікірімен танысу арқылы балалардың ұжымшылдық, шығармашылық қабілеттері дамиды;

  • Оқушылардың бірлескен сұхбаты, әрқайсысының өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;



Негізгі идея

  • Тақырып бойынша өз пікірін еркін айтуы.

  • Әрбір адамның өзіндік жеке пікірі болатындығына оқушының көзін жеткізу.

  • Мұғалімге оқыту барысында оқушысының қаншалықты деңгейде екенін саралауға көмегін тигізеді.



Ресурстар

флипчарт, маркер, қайшы желім,стикерлер, тапсырмаларға арналған қағаздар.



Барысы

Кезеңдері

Уақыты

Жұмыс барысы

Ұйымдастыру

2 мин

Жаттығулар.

5мин

Видеоролик көрсету.

Топқа бөліну

3 мин

Әр жыл мезгіліндегі туған күндері бойынша топқа бөліну

Ой толғау

10 мин

«Табиғат адамға неге өкпеледі» деген тақырыпты негізге алып, табиғаттан адамның алшақтап бара жатқанын, сонау көне замандарда адамдардың табиғатпен біте қайнасып өмір сүргенін адам мен табиғаттың диалогі арқылы әңгімеледі. Бұл сабақты қорытындылау мақсатында, шеңбер құрып, оқушылар бір біріне шар лақтыра отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерін, білімдерін атап өтті.

Теориялық материал

Топтағы жұмыс

10мин

Келесі орындалған тапсырма балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналды. Топпен бірге берілген тапсырма бойынша әңгіме, эссе жазу. Оқушылар өзара ой қосып, бұл тапсырманы өте қызығушылықпен орындап шықты.

Сергіту сәті

3мин

«Қаражорға»

Жеке және топпен жұмыс

10мин

Топ мүшелері талдап,бағалаудың қай түріне жататынын анықтайды.

Рефлексия

10 мин

Берілген тапсырмалар орынды ма? Неліктен?

Тапсырма орындауда қандай қиындықтар орын алды?

Сабақты бағалау мақсатында оқушылар стикерге жазу арқылы рефлексия жасады.


Қорытынды

10мин

Өзімнің іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибемді қорытындылай отырып, көздеген мақсатым мен ойға алған зерттеу жұмыстарымды толық меңгерген сияқтымын. Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. Менің бірінші алдыма қойған мақсатым, «оқушылардың танымдық қабілетін қалай дамытамыз?» деген сұраққа жауап іздеу еді. Осы іс-әрекетті атқара отырып, осы сұрақтың жауабы айқындалғандай болды. Сабақ барысын тек қалыпты бір жүйемен ғана өтіп, бірсыдырғы дәстүрлі сабақ өткізу, оқушылардың танымын дамыта қоймасы анық. Тақырыпты қаншалықты игергенін білуде де, бағалауда да мұғалім мен оқушы арасында дау дамай туындайтын еді. Бұрынғыша жұмыс істеу мүмкін еместігіне көз жеткіздім. Дегенмен, барлық нәрсені бірден өзгертіп, барлығын бірден керемет етіп жіберу мүмкін емес екені белгілі ғой. Бұл уақыттар бойы зерттеліп, дамитын үдеріс деп ойлаймын. «Ұстазға бала танымын дамыту үшін қандай көмек ұсынамыз?». Мектеп ұжымы, ата-ана, өзге де тәжірибелері мол мұғалімдер және психолог маманның көмегі ауадай қажет екен. Ал, «баланың танымдық қабілетін, ынта-ықыласын қалай дамытамыз?» деген сұраққа диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерін орынды, тиімді пайдалана алсақ, берілетін тапсырмаларды түрлендірсек, өз нәтижесін берері сөзсіз.

Коучинг сабағының тақырыбы: Диалогтық оқыту

Мектептегі диалогтық оқыту модулін қолдану оқушылардың танымының жан-жақты дамуына, өз бетімен ізденуіне, ұстаздар үшін оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. Бұл бағыт оқытушылардың жұмыстарына өзгерістер енгізеді. Диалогтік оқытуда білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар туғызады.

Топтық жұмыс кезінде сыныптағы қарым-қатынас анағұрлым жақсы дамиды. Өйткені, олар әртүрлі көзқарастарды тыңдайды, өз идеяларын ұсынып, сабаққа белсенді қатыса алады.

Топ мүшелерінен сабақ сұрау барысында әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме, кумулятивтік әңгіме түрлерін қолдандым. Әсіресе, топ мүшелерінің жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін анықтауға әңгімелесудің әңгіме-дебат түрі көп көмектесті. Баланың өз пікірін айтуда оған еркіндік пен сенімділік беріледі, оқушы өз тобын ұятқа қалдырмас үшін өзіне жауапкершілік алып, кез-келген тапсырманы жоғары деңгейде орындауға тырысады. Қазіргі заманға сай АКТ-ны қолдану да өз ерекшелігі мен тиімділігін арттыра түсті. Сабақ барысында оқушының көңіл-күйін көтеру үшін, олардың қызығушылығын, белсенділігін артыруға арналған сергіту сәттері қолданылды. Сабақ барысында қолданылған жаңа әдіс-тәсілдердің барлығы да Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бірінші деңгейлік курсы бағдарламасы ұсынып отырған жеті модуль бойынша жүзеге асырылып отыр. Өз тәжірбиемде енгізілген өзгерістердің барлығы да бірінші «Бетпе-бет» негізіндегі оқытылған бағдарлама идеялармен тығыз байланысты өрбіді. Оқушылардың білім алғандығын көрсету үшін дәлелдемелер жинақтадым. (бейнежазбалар, фотосуреттер, балалармен жүргізілген жұмыстардың көшірмелері)

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгерлемелі) деңгей. Үшінші басылым. (2012). Назарбаев зияткерлік мектебі «ДББҰ».

  2. Мұғалімге арналған үлестірме материалдар (ресурс парақтары). Бірінші (ілгерлемелі) деңгей. Үшінші басылым. (2012) Назарбаев зияткерлік мектебі «ДББҰ».


© 2010-2022