Рационал өрнектерді түрлендіру (7 сынып)

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мамбекова Гүлбаршын Тұтқабайқызы ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы «Сейфуллин атындағы орта мектеп - бақша» КММ математика пәні мұғалімі

«Рационал өрнектерді түрлендіру» тақырыбын қайталау

Оқушыларға тиянақты білім беру - ұстаздардың алдында тұрған басты міндет. Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында - сабақты қайталау түрінде өткізген тиімді. 7 сыныпта «Рационал өрнектерді түрлендіру» тақырыбына қайталау сабағын өткіздім. Өйткені есептеу барысында қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, математикалық тілде ауызша есептер, ойындар арқылы оқушылардың білімін, ой - өрісін дамытуда қайталау сабақтарының алатын орны ерекше.

Сабақтың тақырыбы: Рационал өрнектерді түрлендіруді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1. Рационал өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқушылардың ой - өрістерін кеңейту, математикалық тілі және логикалық ойлау қабіллетін дамыту;

3.Оқушыларды адамгершілікке, ұжымшылдыққа, бірін - бірі сыйлауға, білім алуға бәсекелестікке баулу.

Сабақтың түрі: білімдерін талдап қорыту және жүйгег келтіру сабағы.

Сабақтың типі: қайталау

Көрнекілігі: таблицалар, тест есептері, формулалар жазылған карточкалар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сынып 3 топқа бөлінген (әр топта 7 оқушыдан) . сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

  1. Жалпы тарау бойынша қайталау.

Формулаларды білеміз бе? Тақтада жабылған карточкалар ілінген. Оқушы карточканы таңдап алып, формуланы әрі қарай жалғастырып жазып көрсетеді. Карточкалар мына түрде жазылған.

a3 +b3

Рационал өрнектерді түрлендіру (7 сынып)3

Рационал өрнектерді түрлендіру (7 сынып)3

Рационал өрнектерді түрлендіру (7 сынып)2

Рационал өрнектерді түрлендіру (7 сынып)2

a3 -b3



  1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Қай топ 5 минутта қанша тапсырма орындайтындығын анықтау. Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып, өрнектерді түрлендіріңдер.

А тобы

  1. x2 -y2

  2. 25-a2

  3. 16+8a+*

В тобы

  1. (5a-2b)2

  2. 622-62*46+232

  3. (3x-4)2-36

C тобы

  1. X6-64

  2. 49 a2b2-1

  3. 25x2 -(5x-y2-1)2

Бұл тапсырмалар плакатқа жазылып, тақтаға ілінеді.

III . Оқулықпен жұмыс. Әр топ келесі топтан қалаған оқушыларын тақтаға шығарып және бағалау парағында бағалап отырады. №490, 491, 492

IV. «Кім қырағы» сайысы. 30 секунд. Төмендегі сөздерді көрген соң есте қалғанын жазу.

Шеңбер

Математика

Перпендикуляр

Теңдеу

Компьютер

Радиус

Периметр

Мектеп

градус

Сан

Өрнек

Формула

Топ

Бөлшек

Көбейту

Түзу

V . Тест тапсырмаларын орындау (ауызша). Плакатқа жазылып, тақтаға ілінеді.

  1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар: 12x2y-6x

  1. 2x(6xy-3); B) 6x(2xy-1); C) 6(2xy-x); D) 3x2y(4x-2)

  1. Көбейткішке жіктеңдер: 4a2+4a+1

  1. (2a-1)2; b) (4a-1)2; c) (2a+1)2 ; d) (2a-1)(2a+1)

  1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар : x3y2+x2y3

  1. x3y2(1+y); b) x2y2 (x-y); c) xy (x2 y -xy); d) x2y2 (x+y);

  1. Көбейткішке жіктеңдер: 16x 2 +8x+1

  1. (4x+1)2 ; b) (2x+2)2 c) (4x-1)2 ; d) (1-4x)2

  1. Топтау тәсілі арқылы көбейткішке жіктеңдер: 7b +bx - xa-7a

  1. (b+a)(x-7); b) (b+a)(7-x); c) (b-a)(7+x); d) (b-a)(7-x)

  1. Бөлшекті қысқартыңдар:

Рационал өрнектерді түрлендіру (7 сынып)

А) 20 b) 22 c) 35 d) 32

VI . Сабақтың қорытындысы

Бағалау кестесі бойынша оқушылардың бағасын шығару

Оқушының аты -жөні

Формуланы жалғатыру

Деңгейлік тапсырма

№490

№491

№492








«Кім қырағы»

Ауызша тест

Қорытынды баға



VII. Үйге тапсырма: тақырыптарды қайталау. №494,№496

© 2010-2022