Поурочный план на тему Арифметикалық прогрессия

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сабақта арифметикалық прогрессияның формуласын тиімді пайдалана отырып , есептер шығару.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін , тілін математикаға қызығушылығын дамыту.

3.Жан -жақты дамыған білім деңгейі жоғары теориялық білімін топ ортасында көрсете алатын өзін - өзі тексеру жұмысына дайын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру .

Класс екі топқа бөлінеді. Өздерінің басшысын сайлайды. Тест тапсырмаларын таратады. Бағалау парақшаларын таратады.

Бүгін біз «Арифметикалық прогрессия « такырыбынан алған білімдерімізді қортып,белгілі орыс жазушысы Лев Толстой айтқандай «Адамзат ақылы бір істің қорытындысын сонда ғана түсінеді, егер де оны өзі жасап, өзі тексерсе.»

Сондықтан сіздер өздерініздің білімдерінізді және әділ жұмыс жасай алатындарынызды көрсете білулерініз керек.

Біздің сабактың ұраны: «Жолды жүруші біледі.маткматиканы -ойлай білуші біледі.

Сабақ жарыс түрінде болады.»Арифметика» , «Прогрессия» командалары арасында ,команда басшысы кім жауап беретінің және парақшаға балдарын есептейді.Енді жарысымызды бастаймыз.

1.Конкурс «next» (келесі( сұрақты мұғалім қояды. Әр сұрақ 1 балл.

А р и ф м е т и к а к о м а н д а с ы н а

1.Арифметикалық прогрессия деген не?

2.Арифметикалық прогрессия айырымы деген не?

3.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

4. 2, 4, 6,.... -1,5, 11,... -3,-6,-9,..... айырымы неге тең?

5.Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 2-ге тең ал екінші мүшесі -2 тең.айырымын тап.

6.6-ға еселік 20 -ға дейінгі сан тізбегін құр.

7.1-ден 70-ке дейінгі сандардың қосындысын тап.

П р о г р е с с и я к о м а н д а с ы н а

1.Арифметикалық прогрессия деген не ?

2.Арифметикалык прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

3.Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің қосындысының формуласы.

4.а1 = 9 ал екінші мүшесі 3-ке тең.Айырымын тап.

5.Прогрессияны жалғастыр: 5, 5,5, 6, 6,5, 7.....

6.8-ге еселік қырыққа дейінгі сандар тізбегін құр.

7. 1-ден 60 -қа дейінгі сандардың қосындысын тап;

2.Конкурс. Сөз құрастыру. «Математика» , «Геометрия».

Командаларға қарточкалар таратылады, Топ басшысы өз ойыншыларын кезекпен тақтаға шығарып , бағалау парақшасына бағалап отырады.

3.Конкурс.»Тарихи анықтама» Әр топ Карл Фридрих Гаусс туралы мәлімет жинауға тиісті.

Мұғалім суретте қай белгілі математиктің суреті бейнеленген, Мектепте жүргеннен-ақ өте қаблетті болған.бір күні мұғалім оқушыларға 1-ден бастап 100-ге дейінгі сандардың қосуды ұсынды.Бір ғажабы мұғалім тапсырманы оқып шыққанша ол қолын көтереді.Бәрі таң қалды.Ол қалай есептеді.

Бұл неміс математигі . астраномы , физиигі Карл Фридрих Гаусс. Ол бірінші 1-ден 100-ге дейінгі сандарды өсу ретімен , сосын кему ретімен жазып оларды мүшелеп қосады сонда қосынды 101 -ге тең болған ондай сандар жұбы 100.(101*100( :2 бөлгенде 5050 шыққан.Ол біз білетін арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысының формуласын қолданған.

Бұл ғалым 19 жасында сызғыш пен циркульдің көмегімен 17 бұрышты көп бұрыш сызған.Гаусс математикалық есептеулердің көмегімен кіші Церер планетасының қозғалыс троекториясын анықтаған.

4.Арифметикалық прогрессияны пайдаланып қызықты есептер шығару.

Белгілі ғалым Аристотель былай деген екен.»Адамның ақылы білімде ғана емес , оны істе қолдана білуде».Ал сіздер шын мәнісінде өмірде арифметикалық прогрессияны қолдана білесіндерме?Бұл конкурс 3 балдан тұрады.

1.Тапсырма.

Жұмысшы плиткаларды келесі жолмен жалғастырды.

Бірінші қатарға -3 плиткадан

Екінші қатарға -5 плитка әр келесі қатарға 2 плиткадан көбейтіп отырды.Жеті қатар біткенде неше плитканы қойды.

А1=3 а7 = 3+6*2=15

D=2

S7=/ S=`((3+15(:2(*7=63

2.Су ағатын краннан 1 сағатта 0,5л су, 2 сағатта 1л су ағады. Бір тәулікте неше литр су ағады.

А7=0.5+23*0.5=12

3.Тапсырма. Тік төртбұрыштың әрбір 0-ден бастап 9-ға еселік сандарды орналастыр.



0

а2

9

?

9

?

27

?

18

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау парақшасы бойынша бағалау.

Женімпаз команданы хабарлау,



© 2010-2022