Ашық сабақ по математику на тему Цилиндр конус

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Цилиндр, конус

Сабақтың мақсаты: Цилиндр, конус туралы алған білімдерін шығармашылық пен зерттеу, ой түйіндеу арқылы жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру.

Білімділік: оқушыларды цилиндр мен конус бойынша алынған білімдерін қайталап қорытындылау.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өткен тақырыптарға шолу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа, топпен ұйымдасып жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім бекіту сабағы

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың әдісі: блиц-турнир, тппен жарыс, ақпараттық технология

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, фигуралар, плакат, жазба қағазда бақылау парағы, есептер жазылған карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Сызу, психология, қазақ тілі, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) амандасу

б) оқушыларды түгендеу және олардың назарын сабаққа аудару

в) сабақтың ойын жарыс түрінде өтетінін хабарлау

ІІ. Қайталау бөлімі:

а) Бәйге (сұрақтар)

б) Көкпар (есептер)

в) Тіл өнері

г) Кім тапқыр

д) Бой сергіту

е) Қорытынды

ж) Үйге тапсырма



ІІІ. Негізгі бөлім

І саты. «Бәйге» Қайталау сұрақтар

Цилиндр

  1. Цилиндр деген не?

  2. Цилиндрдің басты элементтері

  3. Цилиндрдің қималары

  4. Цилиндр тәріздес нәрселер?

  5. Цилиндрдің биіктігіт деген не?

  6. Тік цилиндр дегеніміз не?

Конус

  1. Конус деген не?

  2. Конустың элементтерін ата?

  3. Конустың қималары қандай?

  4. Конусты қалай шығарып алуға болады?

  5. Қиық конус деген не?

  6. Конустың биіктігі не?

ІІ-саты. «Көкпар» Есептер шығару

  1. Цилиндр табанының радиусы 2 м, биіктігі 3 м. Осьтік қимасының диогналын табыңдар?

Шешуі: Осьтік қимасы тікбұрышты қабырғаларымен СД=Н=2 м, АД=2R=4 м

∆АСD бұдан АС=√АD2+CD2=√42+32=5 дм

  1. Цилиндрдің табанының радиусы 37 дм, биіктігі 24 дм. Цилиндрдің қимасы квадрат болуы үшін ол осьтен қандай қашықтықта болуы керек?

Шешуі: АВВ1А1 қима квадрат болуы үшін АВ=ВВ1 болуы керек. ОО1 осінен

қимаға дейінгі қашықтық ОК кесіндісіне тең. ∆АОВ-тең бүйірлі үшбұрыш.

ОК┴АВ; АК=КВ=12 дм; ∆ОКА-дан ОК2=ОА2-АК2; ОК2=372-122=1225;

ОК=35 дм

Жауабы: 35 дм

  1. Конустың табанының радиусы 3 м, биіктігі 4 м. Жасаушысын табыңдар.

Шешуі: Тікбұрыштан ∆ВОС 1=ВС=√ОВ2+ОС2=√32+42=5 м

  1. Конустың 1 жасаушысы табан жазықтығына 300 бұрышпен көлбеген. Биіктігін табыңдар.

Шешуі: Тікбұрыштан ∆ВОС СО=ВС sin 300=Ашық сабақ по математику на тему Цилиндр конус

ІІІ саты. Тіл өнері. Келесі сатыға көшейік, жұмбақтарды шешейік. Яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аудармаларын айтады.

  1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. (сызғыш-линейка-ruler)



  1. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? (дәреже-степень-degree)



  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай (натурал сан-натуралный число-natural numbeis)



  1. Күшіне сенген бір мықты,

Жығып салып енгізді (шексіздік-безконечный-everlasting)



  1. Өзі қатты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды. (Масса-Масса-Mass)

IV саты. Кім тапқыр. «Цилиндр» тобына. Қара жәшіктің шешімін табуға тапсырма.

Помпей қаласының үйіндісін қазу кезінде археологтар қоладан жасалған осы құралдың бірнешеуін тапқан. Россияда бұл құрал Новгород қаласының үйінділерінен табылған. Ал Ежелгі Грецияда бұл құралды қолдана білу білімділіктің, қолдана отырып есептер шығару үлкен ақыл ой иесі болудың белгісі екен. Бұл құрал құрылыс пен архитектура саласында өте қажет. Қазіргі кезде оны кез-келген оқушы қолдана алады. Ол не? (циркуль)

«Конус» тобына. Қара жәшіктің шешімін табуға тапсырма.

Ежелгі грек ғалымы Архимед ғылым мен қатар өнертапқыштық пен де тарихта аты қалған адам. Оның «Эврикасын», туған қаласы Сиракузды Рим басқыншыларынан қорғау кезінде зеңбірек ойлап тапқанын білесіздер мына қара жәшікте Архимед ойлап тапқан, күнделікті тұрмыста қолданатын тағы бір зат бар. Ол не? (Мясорубка-ет тартқыш)

V саты. Бой сергіту. Слайд. Оқушыларға тапсырмаларды саралап беру. Оқытудың зерттеушілік элементтерін пайдалану үшін оқушының ойлау, қабылдау еске сақтау қабілеттерін зерттеп алған тиімді. Оқушыға рет-ретімен есте сақтаулары үшін сөздер оқылады. Сөздерді ретімен (25 сөз оқимын). 5 минут ішінде сол сөздерді қайталап жазып шығу керек. Дыбыстық есте сақтау: Пирамида, Параллелипипед, Фигура, Шар, Призма, Цилиндр, Куб, Праекция, Конус, Ось, Градус, Эллипс, Центр, Кесінді, Горизанталь, Вертикаль, Түзу, Паралель, Радус, Бұрыш, Координата, Стреометрия, Шеңбер, Үшбұрыш, Квадрат.

Оқушыларға 10 бейнелі кесте көрсетіледі. 5 секунд ішінде берілген бейнелерді, фигураларды, есте сақтап, 5 минут ішінде оны қағазға бейнелеу керек. Үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, ромб, трапеция, цилиндр, конус, шар, сфера, пирамида.

VІ саты. Қорытынды. Өзін-өзі бағалау үшін жеке тұлғаға тән 20 қасиетті оқып соның ішінен өз ойларынша идеал деген 5 сөзді таңдап алады.

Біліктілік

Кеңпейілдік

Білімділік

Бауырмалдық

Төзімділік



© 2010-2022