Дарынды және талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары

«Қазақстан ұлы державада болу үшін бізге күш-қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»,–деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің өркендеуіне ерекше сүбелі үлес қосатын дарынды жастар екенін айрықша атап көрсетті. Сондықтан қазіргі заман мұғалімінен дарынды оқушыларды тәрбиелеу үшін тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, шығармашыл болуды, яғни тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік,  педагогикалық-психологиялық  және ақпараттық сауаттылықты талап етеді.          Шы...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дарынды және талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары.

«Қазақстан ұлы державада болу үшін бізге күш-қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің өркендеуіне ерекше сүбелі үлес қосатын дарынды жастар екенін айрықша атап көрсетті. Сондықтан қазіргі заман мұғалімінен дарынды оқушыларды тәрбиелеу үшін тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, шығармашыл болуды, яғни тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік, педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді.

Шығармашыл мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн балаларға қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты міндеттер-білім саласында ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетеді.

Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез және сыни ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болып келеді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті басым болып келеді.

Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай - ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата - аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты.

Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады.

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».

Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Бастапқы негізді білу кез-келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.

Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау мәселесінің шеңберінде жұмыс жүргізгенде бұл ұғымның мазмұндық жағына көңіл бөлуі қажет. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы ғажап емес. Дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы да мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.

«Дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екенін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылық, бұл зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талант - музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырады. Кейбір зерттеушілер өз бетімен қараудың маңыздылығын екі санатпен қарастырады: дарындылық қанша дегенмен олардың пікірінше қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік, аффективтік және т.б.) жатады, ал талант түрлі саладағы айтулы жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады дейді.

Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу ұзақ әрі күрделі процесс. Осы орайда мен оқу ісінің меңгерушісі ретінде жұмысымның бір бағытын осы салаға арнап, жұмыс жасап келемін.

Зерттеу жұмысымның мақсаты:

«Табиғи дарындылығы, қабілеті бар оқушыларды анықтап, шығармашылық қабілеттерін дамытып, потенциалды қабілеттерін жүзеге асыруға қолдау жасау»
Міндеттері:
1. Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды нормативтік - құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету;

2. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;
3. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау;

4. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
5.Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану.

Күтілетін нәтижелер

1. Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар саны артады

2. Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемі «білім» категориясы секілді мағынада көтеріледі.

3. Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог саны артады.

4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымы кеңейтіледі.

5. Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады.

6. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігі арттырылады

7. Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі жасалады

8. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологиялары жоспарланады және жіктеледі.

Жұмыстың нәтижелі болуы әр дарынды оқушымен тікелей жұмыс жүргізуді талап етеді. Бұл кезеңде дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыстың келесі бағыттарының іске асырылуы қарастырылады:

Үйлестіруші бағыт:

Әр дарынды балаға тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі. Әр оқушының қабілеті анықталап, бағытына қарай белгілі бір мұғалімдерге жұмыс жүргізу тапсырылады.

Ғылыми-зерттеушілік бағыт:

Дарынды балалар диагностикасының өткізілуі.

Дарынды балаларға білім беру және тәрбиелеу жағдайының диагностикасы. Дарынды балалар туралы мәліметтер жиынының жасалуы.

Ғылыми-әдістемелік бағыт:

Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдар жиынтығының жасалуы. Мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бейімділігін анықтау үшін белгілі психолог А.И.Доровскийдің тесті жүргізіледі және мұғалімдермен түрлі семинар- тренингтер жүргізіледі.

Эксперименттік бағыт:

Білім беру процесіне оқушылардың рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу.

Интернет білім беру желісін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру.

Дарынды балалардың ата-аналарымен олардың психо-педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі қағидалары:
- Жеке тұлғаның дамуына әртүрлі мүмкіндіктер беру;

- Оза және дамыта оқыту;

- Жекелей және саралай оқыту принципін қолдану;

- Кез келген жағдайды өзін еркін және қолайлы сезінуіне жағдай жасау;

- Оқушылардың бірлесе отырып жұмыс жасауына жағдай жасау;

- Оқушылардың қызығушылықтары мен бейіміне қарай қосымша курсты таңдау құқығын беру;

- Сыныптан тыс әрекеттің рөлін арттыру;

- Төзімді болу;

-Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақатастырылған жұмыстың нәтижелілігі.

Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.

1. Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.

2. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.

3. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.

4. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.

5.Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.

6. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.

7. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.

Дарынды балалармен жұмыс стратегиясында анықталғандай, мектеп-лицейде дарынды балалармен жұмыс 4 кезең бойынша жүргізіледі, олар:

  1. Дайындық кезеңі

  2. Сараптамалық

  3. Ұйымдастырылған-әрекеттік;

  4. Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.

1-кезең - дайындық

Мақсаты:

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.

Міндеттері:

- Нормативті негізді үйрену.

- Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.

- Міндеттерді үйлестіру

- Жұмысты іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.

Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары - тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқында болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы обьективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиындық көруі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.

Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін (медико-психологиялық, педагогикалық) негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдану да және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалау да маңызды. Дарынды балаларды шығарудың бірінші сатысында баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды.

Екінші сатысында оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын анықтау үшін сауатты түрде диагностикалау жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмысқа төмендегідей тұлғалар қатысады.

Дарынды және талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары

Бұл кезеңде баланың шығармашылық мүмкіндігі мен психолог маман көрсеткен психикалық ерекшеліктерін жекелеп бағалау сатысы жүргізіледі. Бірінші кезеңнің нәтижесіне байланысты бала әлеуетті мүмкіндіктердің сол немесе басқа артықтау көрінетін нұсқаларына қатысты психологиялық тесттермен тексеріледі. Бала интеллектуалды ортаның жақсырақ дамуында ой өткірлігімен, білімқұмарлығы және қиналмай оқитындығымен дараланады, тәжірибелі ептілігін көрсетеді. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дарынды балалардағы когнитивті және сөздік параметрлердің мағынасына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады (мысалы, Векслер әдістемесі, Стайфориненің парасат шкаласы және т.б.)

Дарынды балаларды анықтау үшін психолог А.И.Савенков бойынша «Дарындылық картасы» әдістемесі жүргізіледі. Бұл әдістеме арқылы балалардың дарындылық түрлері анықталады:

  1. Интеллектуалды

  2. Академиялық

  3. Шығармашылық

  4. Әдеби

  5. Әртістік

  6. Музыкалық

  7. Спорттық

  8. Көшбасшылық

  9. Көркем-бейнелеу

  10. Техникалық

Дарынды балалардың ерекше қабілеттіліктері анықталып, алынған қорытындыға сәйкес жоспарлы түрде жүйелі жұмыс жүргізіледі. Сондықтан да психолог маманның жұмысы тек жалпы зияткерлік даму деңгейін анықтау ғана емес, ойлау қабілетінің басымдау жағын бағалау болып келеді (Стенфордтың жетістік тесті).

Шығармашыл және өндірісті ойлы балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Олардың шығуы бәрінен бұрын балалардың шығармашылыққа икемділігі (Торренс тесті) мен жекелеген мінездемесінің бағасын қарастырады (Аизенка, Личко сауалнамасы, Люшер тесті және т.б.).

Психолог дарынды балаларды психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйретеді, әлеуметтік маңызы бар ортаға (жанұяда, қатарластар арасында, ұстаздар ортасында) бейімделуін қалыптастырады; олардың психо-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарылататын бағытта мұғаліммен дербес жұмыс жасауын ұйымдастырады.

Дарынды және талантты балаларды зерттеу әдістері:

- сауалнама ұйымдастыру;

- психологиялық бақылау жасау;

- арнайы психологиялық әдістемелер жүргізу

- балалардың шығармашылық жұмысының нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау

- психодиагностикалық зерттеу жүргізу

- психологиялық тренингтер ұйымдастыру

II кезең - сараптамалық кезең

Мақсаты:

Дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасау және жұмыс формаларын ұйымдастыру

Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен сынып жетекшілер оқушылардың қабілетін дамыту үшін жұмыстың қалыпты аспектілері, мәселелері міндетті түрде көрсетілетін, мәселенің құрылуы бойынша жұмыс жоспарын жасайды.

Түрлі жүргізілген әдістердің нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалынды:

№249 мектеп - лицей бойынша дарынды оқушылардың қабілеттілік деңгейінің сандық көрсеткіші

Дарынды және талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары

2014-2015 оқу жылында №249 мектеп-лицейде А.И.Савенковтың «Дарындылық картасы» әдістемесінің нәтижесі

Дарынды және талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары

Е.Е.Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу

Р\с

Оқушының аты - жөні

Сыныбы

Шығармашылық ойлаудың көрсеткіштері

1

Шалабай Жантөре

Көрнекі - бейнелік ойлайды, ойы жүйрік, жеңіл, өнімді, даралығы байқалады.Ойдың нақтылығы шығармашылық ойлаудың логикалығын, дұрыс шешім таба білетіндігі,түрлі идеялар тудыру және соның негізінде ерекше бір жаңа нәрсені құру тән.Өте жақсы коммуникатор,өте жоғары сезімталдығымен дараланады.

2

Мақсатұлы Нұрзат

Сөздік шығармашылық ойлауы дамыған, «Сол жақ жарты шарлы» ойлаумен және ситуацияны терең,әрі тез талдауға қабілеттілігімен сипатталады.

3

Мылтықбай Ербол

Ойы жүйрік шығармашылық ойлауда жеңілдігі, икемділігі, өнімділігі, ойының даралығын, шығармашылық ойлаудың логикалығын, бірдейлігін білдіреді. «Сол жақ жарты шарлы» ойлаумен және ситуацияны терең,әрі тез талдауға қабілетті.

4

Арманов Қажымұқан

«Оң жақ жарты шар» ойшылы, ойлауы өте бейнелі, итуитивті, эмоционалды боялған. Сөздік - шығармашылық ойлауы, көрнекі-бейнелік ойлауы дамыған. Ойының үйріктігі, икемділігі, даралығы өнімділігі,нақтылығы байқалды. Шығармашылық ойлауда логикалық, дұрыс шешім таба біледі.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізілді. Қорытындысында мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс жасау қабілеттерінің өлшемі анықталды. Дарынды және талантты оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу потенциалы жоғары, осы жұмысты жүйелі жүргізетін, интеллектуалдық үрдісте қабілет белсенділігі жоғары мұғалімдер белгілі болды. Осы мұғалімдердің дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау қабілетін әрі қарай дамыту мақсатында психологиялық-педагогикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды.

Психолог оқушылардың дарындылығын анықтау барысында төмендегідей параметрлер бойынша сынып жетекшісімен бірлесе отырып, зерттеу жүргізу барысында ата-аналарға дарындылықты бағалау парағы толтырылды. Нәтижесінде 0-5 ке дейінгі бағамен бағалау бойынша төмендегідей көрсеткіш көрсетілді.

Кесте-1. Оқушылардың дарындылығын бағалау картасы.

(ата-ана көзқарасымен)

Сапасы

Бағасы

1

Білімпаздық

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

2

Туындаған мәселелерге аса сезімталдық

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

3

Болжай жасай алу қабілеті

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

4

Сөздік қоры

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

5

Бағалау қабілеттілігі

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

6

Өнертапқыштық

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

7

Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеттілігі

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

8

Табандылық

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

9

Перфекционизм

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

Оқушының дарындылығын анықтау мақсатында және оларға қолдау көрсету мақсатында мектеп-лицейімізде К.Б.Мергенбайдың жетекшілігімен «Таланттылар Академиясы» атты дарынды балаларды қолдау орталығы ашылды. Бұл орталық мектеп-лицей психологтарымен, сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен және оқушылармен тығыз байланыста жұмыс атқарады .

К.Д.Ушинскийдің тұжырымына сәйкес әрбір оқушыны жан-жақты зерттеу жүргізілді. Соған сәйкес дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдарламасы жасалынады.

2-кесте. Дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдарламасы

Деңгей

Сипаттамасы

1

2

3

1

Анықтау деңгейі

Бала туралы алғашқы мәліметтер жинақталады. Бұл жерде мәліметтер педагог-психологтардан, педагогтардан, ата-аналар мен балалардан жинақталады.

  • Педагог-психологтарға ұсынылатын

  • Айзенк бойынша дарындылықты анықтау әдістемесі

  • "Дарындылық картасы" әдістемесі (Савенков)

  • Джонс креативтілігі сұрақнамасы

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы

  • Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы

  • Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі

  • Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)

  • Кім неге бейім? әдістемесі

2

Бағалау-коррекциялық кезең

Бұл кезеңде алынған алғашқы мәліметтердің нақтылауға бағытталады. Бұл жерде тренингтік әдістер пайдалану ұсынылады.

3

Өзіндік бағалау кезеңі

Балаға өзбетінше жұмыс жасау үшін тапсырмалар ұсынылады.

4

Қорытынды таңдап алу кезеңі

Бұл кезеңде баланы зерттеу барысындағы мәліметтер жинақталып, дарынды балалар іріктеледі.

Осындай көптеген әдістердің нәтижесінде оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді, зерттейді, салыстырады, жаңа ұғымдарды ғылыми негізде меңгереді. Осының нәтижесінде оқушы ғылыми негізде сабақ айтуға, және өз ойын жаңа негізде тұжырымдауға талпынады.

Қарым-қатынас пен көшбасшылықта байланысқа түсе алу артықшылығы, талап қойғыштығы бар балалар ынталығымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, оларды әдетте ойын мен сабақта басты рөлге оңай таңдайды, олар өздерін қатарластары мен үлкендер арасында сенімді сезінеді. Бұл жағдайда жекелеген әдістемелер мен социометрия көмектеседі.

Көптеген балалар белгілі бір ортада ғана емес, бірнеше салада дарындылықтың жоғары деңгейін танытып жатады. Педагог және психологтардың міндеті бұларды шығарумен ғана шектелмей, оларды іске асыруы және дамытуы қажет.

Дарынды және талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары

III кезең - ұйымдастырылған-әрекеттік

Мақсаты:

Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмысты ұйымдастыру және қолдау

Дарынды және талантты балалармен жүргізілетін жұмыстың жолдары:

  • Дарынды оқушылармен жүргізілетін топтық және жеке жұмыс түрлері;

  • Мектеп компонентінен берілетін факультатив сабақтар

  • Әртүрлі пәндер бойынша оқушы компонентінен берілетін таңдау курстары

  • Қызығушылықтарына қарай спорт секциялары мен үйірмелер:

- көркемсөздің шеберханасы (тіл маманы);

- театр

- «Әсемдік әлемінде» (бейнелеу өнері) (бейнелеу мұғалімі);

- салауатты өмір салты шеберханасы (ұраны: «Тәні саудың жаны сау»)

  • Әр түрлі интеллектуалды, шығармашылық, спорттық сайыстар (тақырыптық сурет көрмелері, мәнерлеп оқу сайыстары, «Жобалар апталығы», «Алтын оймақ») т. б.;

  • Ғылыми - практикалық конференция

  • қабырғалық олимпиада

  • апталық аясында Президенттік олимпиада

  • пәндік олимпиада

  • білімдік сайыстар

  • ғылыми жобалар

  • сыныптан тыс жұмыстар

Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде дарынды және талантты оқушыларымыз төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

  1. Халықаралық «Руский медвежонок» сайысының жүлдегері - 46

  2. Халықаралық «Britich Bulldog» конкурсының жүлдегері - 10

  3. Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері - 2

  4. Халықаралық «Кенгуру» математикалық сайысының жеңімпазы - 15

  5. Халықаралық «Алтын руно» сайысының жеңімпаздары - 82

  6. Республикалық «Ақбота» зияткерлік марафонының жеңімпазы -21

  7. Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысының апталық, айлық кезеңінің жеңімпазы - 9

  8. Республикалық «Ы.Алтынсарин-2013» пәндік олимпадасының грант иегері - 5

  9. Республикалық Әл-Фараби олимпиадасының жүлдегері - 1

  10. Республикалық «Ал-химик» сайысының жеңімпазы - 13

  11. Республикалық «Қазақстанның үміт артарлары» энциклопедиясына енген оқушы -209

  12. Республикалық «Зияткерлік» ауысымының жеңімпаздары - 7

  13. «Дарынды бала - Қазақстанның болашағы» энциклопедиясы мен «Дарынды бала» медалінің иегері - 3

  14. Қазақстандық интернет олимпиада жеңімпаздары - 72

  15. Республикалық интеллектуалдық турнир жүлдегерлері - 55

  16. Республикалық ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары -17

  17. Бүкілресейлік қашықтық олимпиада жеңімпаздары -22

  18. «Өмір және ғылым» ІҮ республикалық оқушылар конференциясының жеңімпаздары - 12

  19. Республикалық «Иассауи» олимпиадасының жүлдегері - 5

  20. Ғылым негізі пәні бойынша ҮІІ, ҮІІІ, ІХ, Х Халықаралық олимпиадаға 1737 оқушы қатысты,оның ішінде алтын, күміс, қола медаль иегерлері - 160

  21. КҒА ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпаздары - 37

  22. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жеңімпаздары -21

  23. Экологиялық олимпиада жүлдегерлері - 3

  24. Республикалық көркемсөз оқу сайысының жеңімпаздары - 2

  25. Ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары - 3

  26. Халықаралық, республикалық «Звездный дождик в Праге», «Речные ноты», «Ақ көгершін», «Жұлдызды талант», «Айгөлек», «Классикалық музыканың кішкентай жұлдыздары», «Достық форумы» ән, өнер фестивальдарінің жеңімпаздары - 53

  27. Халықаралық, республикалық спорттық сайыстардың жеңімпазы - 36

Дарынды балалармен жұмыс барысында қолдау көрсету және ынталандыру жүйесінің міндетті жоспары, дарынды бала әрекетін бағалау өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты мектепте ынталандырудың әртүрлі жолдары бар :

  • арнайы стипендия беру

  • білім, өнер, спорт салалары бойынша бағамдар тағайындау

  • рейтинг бойынша үздік оқушыларды анықтау

  • жеңімпаз оқушыларды ұлықтау

IV кезең - оқушылардың қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.

Мақсаты:

Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесін жіктеу.

Міндеттері:

- Ғылыми зерттеулер, сынып сағаттарын өткізу материалдары, викториналар, мерекелік шаралар негізі бойынша дарынды балалармен жұмыс жасау әдістемелік ұсынымдарының жоспары.

- Талантты оқушылармен жұмыс істеу үшін мектепте әдістемелік кітапхана бөлімін қалыптастыру.

- Арнайы курстар, факультативтер, элективті курстарды оқыту бағдарламаларына бейімдеу.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «НЗМ»ДББҰ, 2012.

  2. Жексенбаева Ү.Б. «Балалардың дарындылығын диагностикалау», Алматы: «РАДиАЛ» баспасы , 2005ж.

  3. Жексенбаева Ү.Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», Алматы: «РАДиАЛ» баспасы , 2005ж

  4. // Дарын. Ақпарат-әдістемелік жинақтары. -Астана, «дарын»РҒПО. 2003-2008жж.

  5. // Одареннный ребенок. Ғылыми-практикалық журнал. - Москва,2004-2008жж.

  6. Дарынды оқушыларды дамыту тұжырымдамасы


© 2010-2022