Кластан тыс жұмыс Кішкентай математиктер

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кластан тыс жұмыс Кішкентай математиктер«Кішкентай математиктер»

«Кішкентай математиктер» атты сайыс-сабағымызды назарларыңызға ұсынамыз.

Мақсаты: Оқушылардың ауызша жазбаша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіру, топпен жұмыс жасау арқылы оқушының танымдық қабілетін, бір-біріне деген қарым-қатынасын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыра отырып, еске сақтау, жанғырту, өз ойын жеткізе білу дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, төзімділікке, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, Сыни ойлана білуге, топпен-жұппен жұмыс жасай білуге, өз ойларын еркін, жан-жақты жеткізе білуге үйренеді.

Көрнекілігі: Карточкалар, ойын барысында қажетті тапсырмалар жазылған плакаттар, ғұлама математиктердің қанатты сөздері.

Қатысушылар: 5 «а» және 5 «ә» класс оқушылары. Барлығы 10 оқушы.

Сабақтың барысы: Слайд арқылы оқушылармен сергіту жүргіземін. Ондағы берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы математика патшалығына саяхатқа шығамыз.

I. Ұйымдастыру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «Мен саған сенемін...»

(жағымды әуен ойнап тұрады)

Барлық қатысушы оқушылар дөңгеленіп тұрады. Ортаға бір доп беріледі. Осы допты қалаған оқушыға лақтырып «Мен саған бүгінгі ойында сенемін, себебі сен тапқырсың», ... деген сияқты өз лебіздерін білдіреді. Осылайша барлық қатысушы допты лақтырып ойынға қатысады.

II. Топқа бөліну.

Төмендегі мәліметтер жазылған кеспе қағаздар ортаға тасталады. Кеспеде жазылған мәліметтер бойынша 2 топқа бөлінеді.

1-топ. Төртбұрыш тобы:

P=2(a+b) , S=Кластан тыс жұмыс Кішкентай математиктер, Кластан тыс жұмыс Кішкентай математиктер, Кластан тыс жұмыс Кішкентай математиктер ,

«Ауданы ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең фигура»

2-топ. Үшбұрыш тобы: P=a+b+c, «Үш нүктеден, үш қабырғадан, үш бұрыштан құралған фигура», «Оның тең бүйірлі, тең қабырғалы деген түрлері болады»,

ааааааКластан тыс жұмыс Кішкентай математиктер Кластан тыс жұмыс Кішкентай математиктер

,

III.Сайыс сабақтың шарттары:

  1. Сәлемдесу-таныстыру, ұран. (Уақыт беріледі, сол жерде ойлап табады)

  2. Логикалық шытырман (5 мин)

  3. Математика өмірімізде (көшбасшылар сайысы) (3 мин)

  4. Кім шапшаң? Санамақ (3 мин)

  5. Ойлан, тап! (5 мин)

  6. Математикалық эстафета (10 мин)

  7. Өнер сайысы

  8. Үй тапсырмасы (Сан есімі бар мақал-мәтелдер)


Мұғалім: Уа халайық,халайық, бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде, математика елінде,

Математика тілінде, есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып, шабыттасып, шалқысып,

Мақал-мәтел айтысып, көңілді кеш жасайық.

Кеш қызығын, ей достар, осылайша шабытпен

Қане енді бастайық,- деп

«Үшбұрыш» және «Төртбұрыш» топтары құралды.

1.Таныстыру.Өздерін таныстыруды ұйымдастыруға , ойлануға уақыт береміз.

(Музыка)

2. Логикалық шытырман.

(Көшбасшылар төмендегі мазмұнда берілген карточкаларды суырады)

  • Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары аусып отырады

ал 28 саны қай айда кездеседі ...(12 рет)

  • Ұзындығы 10 метр сымды әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4 рет)

  • Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (Алмұрт ауыр)

  • Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?

3. Кім шапшаң?

(Екі командаға бір санамақ оқылады)

Қалтам қанша?

Өзімде бар сан қалта,

Шалбарда екі жан қалта,

Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,

Пиджакта екі іш қалта,

Бір төс қалта және бар,

Сонда есепте, кәне, ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы, пальтом бар

Онда да төрт қалтам бар.(13 қалта)

Жүргізуші: Бұл әлемге кіруге, талап, білім, керек қой.

Сол талап та, білім де, біздің ойға тірек қой!

Ойлаудан біз жүйрікпіз, басқалардан бөлекпіз.

Туғаннан бойға дарыған, жас дарынды түлекпіз!- деп мына сұрақтарға ойланып көрелік.

4. Ойлан, тап! Әр топқа тапсырма беріледі. Оларға берілген кеспе қағаздағы жазуды өз шеберліктері мен тапқырлықтарымен қарсылас топқа еш дыбыссыз түсіндіреді. Екі топқа да лента беріледі.

5. Көшбасшылар сайысы.

Жүргізуші: Есеп атты кемемен, шалқар көлді кешеміз.

Қиындықты елемей, есеп теңдеу шешеміз!- деп ортаға көшбасшыларды шақырамыз.(Математика менің өмірімде)

№1. Жаңа оқу жылына оқушыға жейде мен күрте сатып алуға барлығы 9200 тг ақша жұмсалды. Күрте жейдеден 3 есе қымбат тұрады. Сонда күрте қанша тұрады?

№2. Жиһаздар дүкенінен үйге диван мен үстел сатып алуға 75000 тг жұмсалды.Үстелдің бағасы диванға қарағанда 2 есе арзан, диван қанша тұрады?

6. Математикалық эстафета.

Жүргізуші: Бұл жерде естиміз талайды.

Есеппен сап басып не шуды.

Сол есеп әрқашан қалайды.

Өз мәнін дқрыстап шешуді.

Есептің қызығын көретін

Боламыз десеңдер білімгер.

Ең дұрыс шешімін беретін

Жауапты дәл таба біліңдер,- деп кезекті математикалық эстафетаға береміз.

Төртбұрыш тобына:

1.12-ні 10 есе арттыр(120)

2. Кластан тыс жұмыс Кішкентай математиктер -6 неге тең?(30)

3. Шеңбердің ортасы. (центр)

4. Ең үлкен үш таңбалы сан?(999)

5. Глобус қандай фигураны елестетеді?(шеңбер)

6.40° қандай бұрыш. (сүйір)

7. Қосудың терімділік қасиетін жаз.

8. Санды нөлге кобейткенде кандай сан шығады?0

9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

10.Фигураның қабырғаларының қосындысы.(периметр)

Үшбұрыш тобына:

1.Жарты түзудің басқаша атауы(сәуле)

2.Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

3.Бірдей сандардың көбейтіндісі. (Дәреже)

4.Кластан тыс жұмыс Кішкентай математиктер -5 неге тең?(20)

5.Санды нолге бөл. (болмайды)

6.108° қандай бұрыш? (доғал)

7.Радиус 5см, диаметр неше см?(10см)

8. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін жаз.

9.360 саныны 10 есе кеміт. (36)

10.Толық бұрыш неше градус? (360°)

.

7. Өнер сайысы.

Жүргізуші: Біреуіңнің жүрегіңнің түгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Біреуінің жақсы істейтін миы бар,

Біреуінің дөңгеленген биі бар- деп келесі кезекті өнерге берейік.

9.Үй тапсырмасы.

Жүргізуші: Шабыттанып, шалқытқан ақын сөзі.

Құлағың сал біздерде бар нақыл сөзі.

Мақал-мәтел тұнған бұл сан әлемі

Мұны да бағындырар заңды өзі,-деп кезекті мақал-мәтел сайысына берейік.

Сайыстың қорытындысы шыққанша көрермендерге сұрақтар беріледі.



1. Бір тауықтың салмағы 3 кг. Егер тауық бір аяғымен тұрса, салмағы қанша кг. (3кг)

2. 7 тауықтың бір-бірден балапандары бар. Олардың барлығы нешеу?(14)

3. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?(100 тг)

4. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? (диаметр)

5. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 0

6. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)

7. Ең үлкен уақыт өлшемі. (ғасыр)







1 а) Нүктеден, екі сәуледен

Құралған айтшы бұл не екен?

(бұрыш)

б) Санасақ сан жетпейтін нүктелерден

Құралған фигура бар қарапайым

Салу үшін сен оны сызғыш ізде

Бұл не өзі, бар ма сірә, дара пайым.

(түзу)

№2 а) Түзудің бір бөлігі, екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар, айтшы сыйлық сенікі.

(кесінді)

б) Нәрселерді санағанда

Керек бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай. (Натурал сан)



Соңы

















Бағалау парағы

Сәлемдесу-таныстыру, ұран.

Логикалық шытырман.

Кім шапшаң?

Ойлан, тап!

Көшбасшылар сайысы.

Математикалық эстафета.

Қорытынды

Ескертулер

Үшбұрыш






Төртбұрыш






Әділқазылар:

© 2010-2022