Сыныптан тыс жұмыс Талантыңмен таныл (8 сынып)

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс

Мақсаты:

1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа 8 «А» сынып оқушылары 3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.

Ойын алаңы: магнит тақтада 1-ден 10-ға дейінгі сандар, 4 конверт: жасыл, сары, қызыл, көк.

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.

1. Қызыл конверт-«Логика».

2. «Өрмекші торы».

3. Жасыл конверт-«Математика».

4. Лотерея билеті.

5. «От».

6. Көк конверт-«7 жұмбақ ».

7. «Алтын сандық ».

8. « Ойлан, тап».

9. Сары конверт-«Мақал-мәтелдер ».

10. «Қара мысық».

11. «Бейнесұрақ»-пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Ыбырайхан М.Ы.-ның оқушыларға қойған сұрағы.

12. Суреттер сөйлейді: «Тышқан»

Тышқан: (5;3), (5;-3), (3;-3), (3;-4), (2;-5), (4;-5), (4;-7), (3;-7), (3;-6), (1;-6), (1;-5), (-1;-5), (-1;-7), (-3:-7), (-3;-6), (-2;-6), (-2;-4), (-1;-4), (-1;0), (-2;-1), (-2;1), (-1;1), (-1;3), (-2;3), (-4;4), (-1;6), (-1;7), (1;9), (2;9), (3;8), (3;6), (2;5), (2;3), (3;-1), (3;-3).

Ойын шарты:

«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

«От» келсе , жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Ойлан, тап»-қа келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.

«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.

Ойын барысы:

І-ж

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

ІІ-ж

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

Рымбекқызы Гүлнар- педагог-психолог

Жолдасова Назира- логопед

Кошанова Эльмира-тәлімгер

ІІ-ж

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

Командалардың өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады, « К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда бірінші бастайды.

(координата, кесінді, көбейту, косинус, көлем, квадрат, )

«Логика». І-ж.

Ал қанеки балалар

Құлақ салшы сөзіме

Сұрақ берсем берейін,

Логикадан өзіңе

«Өрмекші торы». ІІ-ж.

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең, өте алмайсың бөгеттен

(көрермендер сұрағы)

«Қамал-Ойлан, тап». І-ж.

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың

Арнайы сұрақ (Төмендегі сандардың әрқайсысына бір әріп сәйкес келеді. Бірдей цифрларға бірдей әріптер сәйкес келеді. 1747 санына сәйкес келетін сөзді табыңдар. (40ұпай)

1). 5737 АРЗУ

2). 7147 КУЗУ

3). 6237 СУЛУ

4) 1747 УСЛУ Жауабы: 1747 СУЛУ.

«Алгебра»- жасыл конвертінің сұрақтары (әр дұрыс жауап - 10ұпай)

1. Оң санның неше квадрат түбірі бар? (2)

2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)

3. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)

4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөл)

5. Нақты сандар дегеніміз не? ( рационал және иррационал сандарды бір атаумен атайды )

6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? ( 180°)

8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (тік бұрыш жасап қиылысатын)

9. Иррационал сандар дегеніміз не? (шектеусіз периодсыз ондық бөлшек)

10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )

11. Қайсысы үлкен: Сыныптан тыс жұмыс Талантыңмен таныл (8 сынып)па, әлде Сыныптан тыс жұмыс Талантыңмен таныл (8 сынып)ма? (Сыныптан тыс жұмыс Талантыңмен таныл (8 сынып))

12. Ромб параллелограмм бола ала ма? (иә)

13. Егер квадраттың периметрі 32 см болса, қабырғасы неше см болады? (8 см)

14. Сүйір бұрыш дегеніміз не? ( тік бұрыштан кіші)

15. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. ( 5 түрі. Кесінді,

интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле).

«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары (20 ұпай)

1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше

үйрек ұшып барады? (3).

2. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады? ( (9•9) : 9 + 9 : 9)

3. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:

Нарадс, тазауй, киреш, ретм (сандар, азайту, ширек, метр)

«Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (30 ұпай)

Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.

« Жеті жұмбақ» - сары конверт . (30 ұпай)

1. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз. (цифрлар)

2. Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 3 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)

3. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)

4. Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан,

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

6. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

7. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды)



© 2010-2022