Алгебрадан 9-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 30.10.2015 Бекітемін:________________

Сыныбы: 9

Пәні: Алгебра

Пән мұғалімі: Қабақова Гүлназ Байдосқызы

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. Есеп шығару.

Сабақтың мақсаты: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі және оны шешу

жолдарын есеп шығару барысында пайдалана білу дағдыларын дамыту.

Оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын , есте сақтауы, зейіні, сөйлеу қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтижесі: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесімен танысады және оны

шешу жолдарын меңгереді. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы , есте сақтауы,

зейіні, сөйлеу қабілеті дамиды.

Сабақтың типі: жаңа білімді пысықтау сабағы

Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жеке

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  1. Топтық жұмыс.

  2. Бинго ойыны

3. Жеке жұмыс.

4. Кері байланыс.Құрал-жабдықтар, көрнекілік:

1. Интерактивті тақта.

2. Оқулық

3. Жұмыс дәптері

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мақсаты

Кіріспе

(3-5 мин)


5 мин


Оқушылармен амандасу.

Оқушыларға бір-біріне жақсы тілек айтқызу.

Топқа бөлу.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, топтарға бөлінеді.

Ұжымдық жұмыс

Оқушыларды топқа бөлінуге, бір-біріне жақсы тілек айта білуге үйрету.

Тұсау кесер

(5-10мин)


10 мин


Бүгінгі сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы тексеру үшін «Бинго» ойынын ойнату. Ойынның шарты бойынша интерактивті тақтада сандар берілген, әрбір санның артында сұрақтар бар. Алгебрадан 9-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар


Теориялық материалды еске түсіру.

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс.

Қай оқушының саны шықса «Бинго» деп айтады, берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың таным

белсенділігін дамыту.

Бірін-бірі нақты, дұрыс бағалауға үйрету.

Негізгі бөлім

(15-20)

15

мин

Оқулықпен жұмыс. Есеп шығару. №120-122

Есептер жинағынан қосымша есептер беру.

Топтарға тапсырманы бөліп беру.

Қатесін топ басшысы тексеріп, болғасын жазып алу.

Бағалау. Смайлик арқылы сағат тілінің бағыты бойынша бағалайды.

Сергіту сәті.

Топтық жұмыстар орындау.

Оқушылар өз білімдерін толықтыра түседі.

Постермен жұмыс.

Постерді қорғау.

Оқушылар ойын жинақтау.

Түсінгендерін тиянақты жеткізе білу.

Тапсырманы бірлесе, топта орындау.

Өзара бағалауды дамыту.


10 мин

Құзіретті тапсырмамен жұмыс.

Жеке жұмыс .


Оқушылардың ойлауын жетілдіру.

Қорытынды

(5-10 мин)


4 мин


Жеке жұмыс:

Кері байланыс.

Тақтаға смайликтер ілінеді. Оқушы өзінің материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды.

Жеке жұмыс

Қажетті смайликке стикерге өз ойын жазып іледі

Рефлексия жасай білу дағдыларын дамыту.


1 мин

Үйге тапсырма: №119.





© 2010-2022